Táta Mótors Ltd. (хиндиटाटा मोटर्स, ṭāṭā moṭars,NYSE:TTM) — ең іріҮнді автокөлік өндірушісі,Tata Group құрамына кіреді, бұрын TELCO (Татра Локомотив Инжиниринг компаниясы) ретінде белгілі болатын. Компанияның штаб-пәтеріМумбай қаласында орналасқан. 2006 жылы МОПАП компанияның тізімінде 20 ірі автоөндірушілер санатына енгізілді[2].
Tata Motors компаниясы 1945 жылы құрылды, сол жылылокомотив өндірісінен бастады. 1954Daimler-Benz компаниясымен бірлесе отырып алғашқы коммерциялық көлік компаниясының негізін қалады[3].NYSE компания листингісінде 2004 жылы пайда болды, ал 2005 жылы 320 млрдINR табыспен үндістандық үздік 10 корпорациялар қатарына кірді. ҚазірTata Daewoo Commercial Vehicle ретінде белгілі, олОңтүстік Корея Республикасында 2004 жылы,жүк көлігін шығаратынDaewoo зауытын сатып алды. Ең көп үміт күттіретінTata Nanoавтокөлігі, 2008 жылы қаңтарда іске қосылды.
2008 жылдың наурыз айында, Tata MotorsFord Motor Company-ді сатып алды, сондай-ақ, ұлыбританиялықJaguar жәнеLand Rover компанияларының иесі атанды, олар кезіндеDaimler,Rover жәнеЛанчестер компанияларының құрамында болған еді[4][5][6]. Сделка была закончена 2 маусым 2008 ж.[7].
Tata Motors-тың өндірістік базасыДжамшедпуре,Патнагар,Лакхнау жәнеПунада орын тепкен.
Tata Motors 1960 жылы Пунада бірінші автомобильдің (Daimler Benz көшірмесі) коммерциялық көлік құралдарын шығара бастады. Бірінші машинаны дайындауға компанияның 5 жылы кетті. Елдің жол инфрақұрылымы жүк көліктері үшін арналғандықтан, компания жеңіл коммерциялық көлік өндірісіне ауысады. Бірінші осындай автомобильTata 407 1986 жылы шығарылды.
Ырықтандырудан кейін тез өсу үшін, компания саясатын үйлесімді өндіруге көшірті. 1993 жылы компания қуатты және қоршаған ортаға зиянсыз дизельдік қозғалтқыштар өндіру туралы Cummins Engine Co., Inc. компаниясымен келісімге қол қойды. Бұл атмосфераға шығатын газдар мөлшерін азайтуға талпыныс болды. Үздіксіз ынтымақтастық арқасында компания Tata Holset Ltd., UK-мен Cummins қозғалтқыштарында турбоүрлеу технологияларын пайдалану жөнінде келісімге қол қойды.