PHP |
---|
 |
бағдарламалау парадигмасы | imperative,object-oriented |
---|
Пайда болды | 1995 |
---|
Дамытушы/дизайнері | Rasmus Lerdorf |
---|
Бағдарламалық жасақтама дамытушысы | The PHP Group |
---|
Бағдарламалық жасақтама рилизі | 5.2.6/Үлгі:Release date |
---|
Соңғы тұрақсыз рилизі | 5.3.0-dev and 6.0-dev |
---|
Теру жүйесі | Dynamic, weak |
---|
Имплементациялары | Roadsend PHP,Phalanger, Quercus, Project Zero |
---|
Бұған ықпал етті | C,Perl,Java,C++,C#,Python |
---|
Ықпалы | Php4delphi |
---|
Операциялық жүйесі | Cross-platform |
---|
Бағдарламалық жасақтама лицензиясы | PHP License |
---|
Веб-сайты | http://php.net/ |
---|
PHP (ағылш.PHP: Hypertext Preprocessor — «PHP: еренмәтінді алдын-ала үдірістегіш») — Веб-сервердеHTML беттерін құру жәнедерекқормен жұмыс істеуге арналғанскрипті бағдарламалау тілі. Қазіргі күндердехостинг қызметін ұсынатындардың көпшілігімен қолданады.LAMP веб-торап жасауға арналған стандартты жинақталымына енеді.Тілдің оңайлығы, орындалу жылдамдығы, функциялық байлығы және PHP негізіндегіәуелгі кодтардың кеңге таралуының арқасында PHP тілі Торда программалау саласында ең белгілі тілдердің бірі боп есептелінеді (JSP менASP-де қолданылатын тілдермен қатар). Бұл тілдің айрықшылығы ядро мен соған қосылатын модульдарында. Соңғылары дерекқор,сокет, динамикалық графика, криптографиялық кітапханалар,PDF форматты құжаттармен және т.б. жұмыс істеуге арналған. Бұндай модульды қалаған адам дамытып қоса алады. Модульдардың саны бір неше жүз болғанымен, стандарттық жабдықтауға тек жақсы нәтиже көрсеткен бір неше оны ғана кіреді. PHP интерпретаторы веб-серверге не арнайы сол сервер үшін жасалған модуль арқылы (мысалы,Apache әлдеIIS), неCGI-қосымшасы ретінде қосылады.
Бұған қоса,UNIX,Linux,Windows жәнеMax OS Xамалдық жүйелерінде әкімшілік тапсырыстарын атқаруға пайдаланылуы мүмкін. Бірақ PHP тілі бұл салада кең өріс алмаған, бұған қарағандаPerl,Python жәнеVBScript тілдері айтарлықтай нәтиже көрсетіп отыр.
Тілдің синтаксисіСи тәріздес. Ассоциаттивтік массивтар мен foreach циклі секілді кейбір элементтеріPerl тілінен алынған.
Қазіргі заманда PHP жүздеген мың дамытушылармен пайдалануда. Интернет желісі сайттарының 5-тен бірі осы тілде жазылған.
PHP дамытушылар тобы тідің ядросы, қосымшаларымен жұмыс істейтін, соған қатарPEAR не тілдің құжаттамасы сияқты байланысты жобалармен айналысатын көптеген адамдардан тұрады.
1994 жылы даттық программист Расмус Лердорф HTML-құжаттар үлгілерін өңдейтін онлайн түйіндегі қатысушылардың шығару және енгізу үшін Perl/CGI скриптер жинағын жасады. Лердорф жинақты Personal Home Page (Жеке Үй Беті) деп атады. Уақыт келе, Perl - скрипт интепретаторының жұмыс істеуі және жылдамдығы жеткіліксіз болып, Лердорф Си тілін қолданып үлгелерінің PHP/FI (ағыл. Personal Home Page / Forms Interpreter — «Жеке Үй Беті / Формалардың Интерпретаторы») жаңа интерпретаторын енгізді.
PHP -ның интерпретаторы php-файлды(*.php) орындай бастағанда төменде көрсетілгендей тегтердің арасына орналастырылған php кодын іздей бастайды.
PHP тегтері төртеу және олар былай жазылады:
<?php PHP-коды ?>
<script language="php" PHP-коды </script>
<?php PHP-коды ?>
<%php PHP-коды %>
   |
---|
| Жалпы | |
---|
| Сайт түрлері | |
---|
| Сайт жасау | |
---|
| Техникалық жағы | |
---|
| Қоғамдық жағы | |
---|
|