Movatterモバイル変換


[0]ホーム

URL:


Мазмұнға өту
УикипедияҚазақша ашық энциклопедия
Іздеу

Microsoft Visual Studio

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox software

Microsoft Visual StudioМайкрософт компаниясының өнімдер тізбегі, құрамына біріктірілген өңдеу ортасы бағдарламалық жасақтамасы және басқа да аспаптық (инструменталды) құралдар кіреді. Аталған өнімдер консольдік қосымшалармен қатар қолданбалы бағдарламалық жасақтамалары да кіреді, мысалықолданушының графикалық интерфейсі жасақтамасы, сонымен қатарWindows Forms технологиясын қолдану арқылы да, жәневеб-сайт,веб-жасақтамалар,веб-қызметтерМашинелік кодында және басқаБасқарылатын код арқылы даMicrosoft Windows,Windows Mobile,Windows CE,.NET Framework,.NET Compact Framework жәнеMicrosoft Silverlight сияқты барлық платформаларға қолданылады.

Компоненталары

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Visual Studio келесі өнімдердің бір немесе бірнеше компоненталарын өз бойына алған (қамтиды):

Тапсырыстың көп нұсқалары келесі өнімдерді өз бойына қамтиды:

Өткен уақытта Visual Studio құрамына келесі өнімдер кірген:

Версиялары

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Visual Studio Version 4.0 шыққанға дейін Visual Basic 3, Visual C++, Visual FoxPro және Source Safe өңдеу орталары өз бетінше пакеттер ретінде ұсынылып келген болатын.

Ресми
атауы
Кодтық
атауы
Ішкі
нұсқа
Нұсқа
.NET Framework
Шығу
мерзімі
Visual Studioж/е4.0ж/еКөктем 1995
Visual Studio 97Boston5.0ж/е1997
Visual Studio 6.0Aspen6.0ж/е1998-06
Visual Studio .NET (2002)Rainier7.01.02002-02-13
Visual Studio .NET 2003Everett7.11.12003-04-24
Visual Studio 2005Whidbey8.02.02005-11-07
Visual Studio 2008Orcas9.03.52007-11-19
Visual Studio 2010Dev10/Rosario10.04.02010-04-12

Visual Studio 97

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Visual Studio 97 — ең алғаш бағдарламалық жасақтама үшін әр түрлі өңдеулер қосылғанVisual Studio бағдарламасының алғашқы нұсқасы болып табылады. Бағдарлама екі нұсқадан тұрады -Professional жәнеEnterprise, солай-ақ Visual Basic 5.0,Visual C++ 5.0,Visual J++ 1.1,Visual FoxPro 5.0 жәнеVisual InterDev бағдармалары құрамына кіреді.

Visual Studio 6.0 (1998)

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Visual Studio 6.0Win9x платформасында қызмет атқаратын Visual Studio бағдарламасының соңғы нұсқасы. (1998 жылы іске қосылған). Бұл нұсқа осы күнге дейін Visual Basic бағдарламасын пайдаланатын программисттердің арасында әйгілі. Visual Studio бағдарламасының бұл нұсқасыWindows пенMicrosoft-тың арасындағы қосымшалардан .NET. платформасы пайда болғанға дейін негізгі ортасы болып табылады.

Visual Studio .NET (2002)

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Visual Studio .NET (кодтық атауыRunner; ішкі версиясы 7.0) - 2002 жылдың ақпан айында іске қосылған (.NET Framework 1.0 бағдарламасымен бірге ).Visual Studio .NET бағдарламасы үшінService Pack 1 2005 жылдың наурыз айында пайда болды.

Visual Studio .NET 2003

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Visual Studio .NET 2003 - (кодтық атауыEverett; ішкі версиясы 7.1) — 2003 жылдың сәуір айында іске қосылған (құрамына .NET Framework 1.1 кіреді). 2005 жылдың сәуір айындаMicrosoft Visual Studio .NET 2003 Professional Special Edition бағдарламасы пайда болғанын хабарлады. Келесі жаңа сатыға көтерілу үшін көптеген атқарымы барVisual Studio .NET 2003 Professional Special Edition бағдарламасы пайда болды.

Visual Studio 2005

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Visual Studio 2005 (кодтық атауыWhidbey; ішкі версиясы 8.0) — 2005 жылдың қазан айында іске қосылған (құрамына .NET Framework 2.0 кіреді). 2005 жылдың қазан айының басындаExpress редакциясында жаңа өнімдер пайда болды:Visual C++ 2005 Express,Visual Basic 2005 Express,Visual C#2005 Express. 2006 жылдың 19 сәуірінде Express редакциясы тегін болды. VS2005 үшінService Pack 1 және Express-редакциясы 2006 жылдың 16 желтоқсанында іске қосылды.

Visual Studio 2008

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Visual Studio 2008 (кодтық атауы Orcas; ішкі версиясы 9.0) —.NET Framework 3.5-пен бірге 2007 жылдың 19 қарашасында іске қосылды. Бұл бағдарлама ОС Windows Vista , Office 2007 және веб-қосымшаларды жасауға мақсатталған.C# жәнеVisual Basic тілдерінің жаңа нұсқалары жәнеLINQ бағдарламалары құрамына кіреді. 2008 жылдың 28 қазанында алғаш рет бағдарламаны орыс тілінде пайдалануға мүмкіндік болды.

Visual Studio 2010

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Visual Studio 2010 (кодтық атауыHawaii,Ultimate — Rosario-ға арнайы; ішкі версиясы 10.0) —.NET Framework 4.0-пен бірге 2010 жылдың 12 сәуірінде іске қосылды. Бұл бағдарламағаC# 4.0 жәнеVisual Basic .NET 10.0 тілдерінің қолдауы құрамына кіреді.

Visual Studio vNext (2012) 2012 жылы іске қосылған. Бұл бағдарламаларды әзірлеу студиясы, онда сіз кез-келген бағдарламаны жаза аласыз, бірақ ол үшін Сіз өте ақылды бағдарлама болуыңыз керек. Яғни, бұл бағдарламада қарапайым пайдаланушының ештеңесі жоқ.

Сілтемелер

[өңдеу |қайнарын өңдеу]


Тағы қараңыз

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
«https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=Microsoft_Visual_Studio&oldid=3035269» бетінен алынған
Санаттар:

[8]ページ先頭

©2009-2026 Movatter.jp