Toyota Motor Corporation жаңа брендінің ресми жарық көрген мерзімі1983 жылдың маусым айында люкс-класты автомобильдің шығарылуымен байланысты. Лексус жыл сайын әлемде 400 мыңға жуық көлік сатады. Сатылымның басым бөлігі СолтүстікАмерикада ─ шамамен 70%, Еуропада ─ 10%,Жапония,Азия және басқа елдерде ─ 20.
Лексус гибридті жетек қозғалыс кезінде жұмсақ, әрі еш дыбыссыз жүрісті, кез келген жүргізу жағдайда, электрлі мотормен болсын, бензинді қозғалтқышымен немесе екеуін де қолдана отырып тыныштықта қозғалғанда басқа жетектерден асып түседі. Алғашқы 50% тежегіш күш беретін рекуперативті тежеу жүйесі нәтижесінде Лексус гибридті жетектің тежеу жүйесі аса ұзаққа шыдайтынын көрсетеді. Алдыңғы тежегіш колодкалары 100 000 километрде бір рет ауыстыруды қажет етеді, ал артқы тежеу колодкалары және барлық тежегіш дискілері ауыстыруды мүлде қажет етпейді.
2010 жылы Лексус компаниясыҚазақстанда ресми қызметін бастады. Лексус Қазақстан Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы аумағында Лексус көліктерін, осы марка көліктеріне арналған қосалқы бөлшектер және аксессуарларын таратумен айналысатын, сонымен қатар оларға кепілдік беретін «Тойота Мотор Қазақстан» ЖСШ-нің бөлімшесі болып табылады.Алматыда ресми қызмет ететін «Лексус Қазақстан» компаниясы гибридті жетегі бар автокөліктер желісін іске қосты.
GS 450h─ әлемдегі алғашқы Toyota автомобильқұрастырушы корпорациясы шығаратын артқы жетекті әлемдегі алғашқы гибрид седан.Lexus GS 50h 2006 жылдың жазынан бастап Еуропа бойынша сатылымға шығарылады. Автомобиль электрмоторымен байланысты 3,5 литрлі V6 бензин қозғалтқышымен жабдықталған.
Lexus IS ─ шағын бизнес-класты Toyota Motor Corporation компаниясының «люкс» категориялы автомобилі. Сондай-ақ автомобиль Жапонияда Toyota Altezza деген маркамен де шығарылады. Altezza-ның алғашқы буыны1998 жылдың қазан айында Жапонияда шығарылады.1999 жылы көлік Еуропада Lexus IS 200 маркасымен, 2001 жылы Солтүстік Америкада Lexus IS 300 маркасымен пайда болады. Altezza-ның алғашқы түрі үш нұсқада шығарылды.2005 жылы автомобильдің екінші буыны шығарыла бастайды. Жаңа IS 250 V үлгісіндегі 4GR-FSE қозғалтқышымен жабдықталған. Тетіктерді қозғалысқа келтіретін құрылғысы артқы дөңгелегінде орналасқан. Lexus IS Америкада кең қолданысқа ие, сонымен қатар Батыс Еуропада неміс бәсекелестері көшбасшы болып табылады.
Lexus ES ─ АҚШ-та 1989 жылы шығарылған Mersedes-Benz E350, Infiniti M35, Lexus GS-пен бәсекелес, бағасы шамамен 70 000 $ орта топты орташа өлшемді премиум-седан. ES нұсқасы «Executive Sedan» сөзінен қысқартылып алынған. Жапонияда Фукуокадағы Кюсю зауытының Toyota Camry платформасында шығарылады.Буындары:
Toyota Celsior-дің екінші буыны сиымдылығы 4 литр қозғалтқышпен жабдықталған. Toyota Celsior-дің үшінші буыны (Жапониядан тыс жерде ─ Toyota LS 430) 2000 жылдың тамыз айында шығарылды. Қозғалтқыштың сиымдылығы 4,3 литрге дейін көтерілді.
2006 жылдан бастап 5 литрлі V8 бензин қозғалтқыш пен электрмоторлы гибрид Lexus LS 600h шығарыла бастайды.
Lexus RX ─ 1997 жылдан бастап жапондық Toyota компаниясы шығарады СолтүстікАмерикада,Еуропада,Азияның кейбір мемлекеттерінде Lexus маркасымен сатылады.Toyota Harrier ─ экспорттық нұсқасы Lexus RX (RX 300, RX 330, RX 350) серияларының атымен шығарылды. Lexus RX 400h ─ бензин және электр қуатымен жұмыс істейтін әлемдегі бірінші толық гибридті автокөлік ─ толық жетекті жол талғамайтын көлігі.