Францияның ұлттық статистика және экономикалық зерттеулер институты (фр.Institutnational de lastatistique et desétudeséconomiques, қысқ.INSEE немесеInsee) — статистикалық деректерді есептеумен айналысатынФранцияның ресми институты. Бұл мекемені «Экономика, өнеркәсіп және жұмыспен қамту министрлігі» басқарады. Мекеме институт болғандықтан тәуелсіз болып табылады.2007 жылдың қазан айынан бастап институттың директорлық қызметінЖан-Филипп Коти атқарады.
Негізгі міндеттері:
- Халық санағын өткізу және ұйымдастыру, Францияның тұрғындарына қатысты әр түрлі статистикалық мәліметтерді жариялау;
- Тұрғындарының кәсіпкерлік пен шаруашылыққа қызығушылығы жөнінде ақпарат жинау;
- Негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді қадағалау әрі бағалау (ЖІӨ,жұмыссыздық, кедейлік деңгейі және т.б.);
- Әр түрлі индекстерді жариялау (баға және табыс индексі,тұтынушылық баға индексі және т.б.).