Movatterモバイル変換


[0]ホーム

URL:


Мазмұнға өту
УикипедияҚазақша ашық энциклопедия
Іздеу

HSBC

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
HSBC Holdings
[[Сурет:|200x200px px|логотипі]]
Түрі

Көпшілік компания

Компанияның ұраны

"The Worlds Local Bank"

Құрылды

1865

Орналасуы

 Ұлыбритания,Лондон

Басты адамдары

Стюарт Гулливер (атқарушы директор), Дуглас Флинт (директорлар кеңесінің төрағасы)

Саласы

Қаржы жәнесақтандыру

Операциялық кірісі

$45.215 млрд (2012)

Таза табыс

$16.944 млрд (2012)

Қызметкерлер саны

300000 (2012)

Сайты

www.kz.hsbc.com
www.hsbc.com  (ағыл.)

HSBC Holdings plc — әлемдегі ең іріқаржыконгломераттарының бірі.Forbes журналының рейтингі бойынша,2011 жылы компания капитализациясы бойыншаЕуропада бірінші, ал әлемде екінші орында тұр.[1].

Штаб-пәтері —Лондон қаласында орналасқан.

Тарихы

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

1865 жылыГонконгта,Қытай жәнеЕуропа арасындағы сауданы қаржыландыру үшін құрылған. Алғашқы кездеHongkong and Shanghai Banking Corporation деп аталған.АғылшынMidland банкін сатып алғаннан кейін, компанияның штаб-пәтеріЛондон қаласына көшті.

Меншіктенушілер және басшылығы

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

HSBC акцияларының көпшілігі еркін айналымда. Банкінің нарықтық капитализациясы 2008 жылдың 5 желтоқсанына қарай $123,9 миллиардты құрды.Банк директорлары кеңесінің төрағасы — Дуглас Флинт (Douglas Flint). Атқарушы директор — Стюарт Гулливер (Stuart Gulliver).

Қызметі

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
ЛондондағыCanary Wharf іскер кварталындағы банк штаб-пәтерінің ғимараты.

HSBCЕуропа, Азия-Тынық мұхит аймағы, Солтүстік және Оңтүстік Америка елдерінде,Таяу Шығыста жәнеАфрикада (барлығы әлемнің 85 елінде) өз қызметін көрсетеді. Банк - активтерді басқару, есептi операциялар, жобалық қаржыландыру сияқты, банктiк қызметінiң барлық бағыттарында жұмыс істейдіҚызметкерлердің жалпы саны — 300 мың адам (2012 жыл).

2008 жылдың 30 маусымына қарай компанияның активтері $2,547 трлн құрады, капитал — $134 млрд, 2008 жылдың бірінші жарты жылында таза табысы — $8,3 млрд.

2007 жылдың басына қарай HSBC капиталдың көлемі бойынша ($87,8 млрд) әлемде 3-ші орынды иемденді және 5-ші — активтер бойынша ($1,9 трлн). 2005 жылыдың нәтижесі бойынша түскен түсім $61,7 млрд құрады.

2008 жылдың сәуіріндеForbes журналының рейтингі бойынша — әлемнің ең ірі 2000 компаниялар тізімінде (The Global 2000), HSBC Holding 1-ші орынды иемденді. Бес жылдың ішінде компанияның табысы 26 % өсті, HSBC Holdings активтері $2,3 трлн құрайды.

2010 жылыGlobal Finance журналымен жарияланған әлемнің ең сенімді 50 банктерінің тізімінде, HSBC 19-шы орынға орналасты — британдық банктерінің ішінде ең жоғарғы көрсетілген нәтиже.

Дереккөздер

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
  1. The Global 2000's Top 25(қолжетпейтін сілтеме)

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар:HSBC
«https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=HSBC&oldid=3117948» бетінен алынған
Санаттар:

[8]ページ先頭

©2009-2025 Movatter.jp