Google Play (бұрынғы атауы — Android Market) —Google ұсынған қолданбалар дүкені.
Ол арқылыAndroid операциялық жүйесін пайдаланатын құрылғылардың иелері әртүрлі қолданбаларды өздеріне орната алады (Құрама Штаттардағы Аndroid-құрылғылардың қожайындарына тағы Google Play-дегі кітап, музыка және фильм орнатуға рұқсат етілген.
Google Play-де көптеген пайдалы әрі көптүрлі қолданбалар тауып алуға болады. Дүкенде тегін және ақылы қолданбалар бар. 2012 жылдың 31 қазанындаGoogle компаниясы қолданбалардың саны 700 000 және жүктеулер саны 25 миллиардқа жетті деп жариялады.[2]. Бірақ дәл сол уақытта қолданушылар дүкенде төмен сапалы қолданбалар жиі кездеседі, сонымен қатар зияндылары да бар деп шағынады.Android платформасындағы смартфондардың саны 400 млн данандан асқанына қарамастан, Google PlayApp Store-дан жасаушылардың табысы бойынша жеңіліп жатыр.
Google Play-де 34 санат бар (Ойындарды қосқанда):
қолданбалар
- Бизнес
- Виджеттер
- Тірі тұсқағаздар
- Денсаулық және спорт
- Құрал-саймандар
- Кітаптар мен анықтамалықтар
- Күлдіргіштер (комикс)
- Медицина
- Музыка және аудио
- Мультимедия және бейне
- Жаңалықтар және журналдар
| - Білім
- Персонализация
- Ауа райы
- Сатып алулар
- Жиһанкезжік
- Жұмыс
- Ойын-сауық
- Әртүрлі
- Байланыс
- Әлеуметтік
- Спорт
| - Өмір стилі
- Көлік
- Қаржы
- Фотосурет
|
Ойындар
- Құмарлық ойындар
- Аркадалар мен экшн
- Виджеттер
- Басқатырғыштар
- Жарыстар
- Басқа
- Тірі тұсқағаздар
- Спорттық ойындар
- ↑2013 жыл мұрағаты - 4PDA
- ↑Google Play қолданушылары 4 жыл ішінде 25 миллиардқа дейін жүктеу жасады. Digit.ru. Басты дереккөзіненмұрағатталған 23 қазан 2012. Тексерілді, 26 қыркүйек 2012.