Movatterモバイル変換


[0]ホーム

URL:


Мазмұнға өту
УикипедияҚазақша ашық энциклопедия
Іздеу

Galaxian

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Galaxian

ЖасаушыNamco
Шығарылған
күні
1979 жыл
ЖанрShoot 'em up
ПлатформаларАркадалық автомат, Atari 2600, Atari 5200, Atari 8-bit, Intellivision, IBM PC, Game Boy, т.б.
Ойын режимдері1 адамға / 2 адамға
Басқару құрылғыларыджойстик және пернелер

GalaxianNamco компаниясы шығарған аркадалықвидео ойын. Жапонияда 1979 жылдың 15 қыркүйегінде шықты.[1] Солтүстік Америка нарығына сол жылдың қараша айында таныстырылды.[2]

Бұл бәсекелесTaito компаниясыныңSpace Invaders атты өте сәтті болған ойынына жауабы ретінде шыққан. Жаңа ойынның басты дизайнері Кадзунори Савано болды. Оның жұмысы арқасында көптүстіспрайттарды пайдаланған алғашқы ойындардың бірі пайда болды.

Ойнаушыэкранның астында орналасқан ғарыш кемесін басқара отырып, үстінен төніп жатқан жау флотилиясын жоюы керек. Бір атысы нысанаға тигенде немесе экраннан шығып кеткенде ғана ойнаушы тағы бір атыс жасай алады. Жау кемелері аз-аздап астыға жылжиды және оқта-текте ойнаушыға қарсы бомба жаудырады. Екі көсем кеменің саптан шығуға мүмкіндігі бар, әрқайсысы жанындағы бір-екі кемесімен ойнаушы жаққа ұша алады және оған тиюге тырысады, кейін орнына оралады. Экрандағы бір флотилия жойылғанда, жаңадан тағы біреуі пайда болады, оның кемелері бұрынғысынан жылдамырақ болады. Неғұрлым көп жау кемесі атқаны үшін ұпай саны да көбірек беріледі. Ұпайлар ең жоғарыда көрсетіледі.

2021 жылы британдықThe Guardian газеті бұл ойынды 1970 жылдардың ең керемет видео ойыны деп бағалады.[3]

Ойынның бірнеше ресми жалғасы болған.

Сурет:Galaxian.png
Ойын барысы

Дереккөздер

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
  1. Galaxian. (Registration Number PA0000059977).
  2. "L.A. Distrib Holds 6th Annual Show". Cash Box: 41. 1979-12-15. https://www.worldradiohistory.com/Archive-All-Music/Cash-Box/70s/1979/CB-1979-12-15.pdf#page=41. 
  3. The 15 greatest video games of the 70s – ranked!,The Guardian (13 мамыр 2021).

Сілтемелер

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
«https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=Galaxian&oldid=3427116» бетінен алынған
Санат:
Жасырын санат:

[8]ページ先頭

©2009-2025 Movatter.jp