1876 жылыЛарс Магнус Эрикссон негізін салған. Басында бұлкомпаниятелеграф жабдықтарын жөндеумен айналысқан.Ларс Магнус Эрикссон жұмысын қарапайым жұмысшы болып бастаған. 15 жасындаНорвегияға шахтада жұмыс істеу үшін және теміршілік қолөнершілігін үйрену үшін барады. Жарты жыл өткен соң ол теміршілік қолөнерінің шебері болады. Алты жал өткен соң Швецияға қайтып оралып, Стокгольмде жұмысқа орналасады.1876 жылдың бірінші сәуірінде Эрикссон бұрынғы «Öllers & Co» жұмысындағыКарл Андерсон атты әріптесімен «LM Ericsson & Со» дегн электромеханикалық шеберхана ашады. Жақында өзінің аппараты да шығады –магнитті үстел телефоны. Ең үлкен бәсекелестері америкалық телефон шығаратын Bell компаниясы болады.
Компанияның негізгі бизнесі - сымсыз байланыс желілеріне арналған жабдықтар өндірісі. Компанияның жабдықтарында әлемнің 180 елінде байланыс желілері салынды. Бұрын Ericsson ұялы телефондарды да шығарған, бірақ содан кейін ол байланыс желілеріне арналған жабдықты өндіруге шоғырланып, телефон аппараттарын шығаруды жапондық SONY — Sony Ericsson Mobile Communications компаниясымен 2001 жылы құрылған бірлескен кәсіпорынға тапсырды.