DjVu | |
---|---|
![]() | |
Файл кеңейтімі: | .djvu, .djv |
MIME түрі: | image/vnd.djvu, image/x-djvu |
Type code: | DJVU |
Дамытқан мекеме атауы: | AT&T Labs - Research |
Формат типі: | Кескінді файл форматтары |
DjVu (фр.déjà vu — «бұған дейін көрілген») — сканерден өткізілген құжаттарды - кітап, журнал, қолжазба және басқаларды сақтау үшін жасалған технология.
Бұл технология формула, сызбанұсқа, сурет және қолжазба символдарына бай әрі символдардың оптикалық оқылуына қиындық туғызатын материалдардың кескіндерін сапасыз сығу жолымен жасалынады. Және де бұл форматтың қолданысы рәсімделудің маңыздылығын көрсету жағдайында ұтымды, мысалға, тарихи құжаттардың мазмұнынан бөлек, қағаздың сапасын: түсін, сынын; пергаменттің ақаулары: жарықшаларын, бүктелген орындарын, түзетулерін, сияның аққан жерлерін, саусақ іздерін және басқа да заттардың қалдырған іздерін көрсету үшін.
Қазіргі таңда DjVu бірнеше электронды ғылыми кітапхананың негізгі форматына айналды. Ол айтарлықтай белгілі және оның негізінде электронды құжаттардың біразы жасалатын болды.
Форматтағы желі бойынша алмасу ерекшеліктері файлдың жүктелуі аяқталмағанды күтпей-ақ беттерді көре алу мүмкіндігін ескере жасалған. DjVu-файлы мәтіндік (OCR) қабаттан тұруы мүмкін әрі бұл файл бойынша толыққанды іздеу жүргізуге мүмкіндік туғызады. Бұдан бөлек, DjVu-файлда енгізілген интерактивті мазмұн мен белсенді аумақтар — сілтемлер болуы мүмкін, бұл DjVu-кітаптардағы ыңғайлы навигацияның атқарылуына мүмкіндік береді.
Түрлі-түсті кескіндерді сығу үшін DjVu-да шығыс кескінін үш қабатқа: алдыңғы бөлік, артқы бөлік және ақ-қара түсті (бір биттік) маскаға бөлетін арнайы технология қолданылады. Маска әуелгі файлдың рұқсаттығымен сақталады; себебі мәтіннің кескіні мен басқа да анық детальдарды құрайтын соның дәл өзі. Қалған, беттің суреттері мен бет текстурасын құрайтын артқы бөлік, орын үнемділігі үшін сартты баптаулармен сақталады. Алдыңғы бөлік маскадағы түстік мәліметтерді сақтап отырдаы, оның рұқсаттығы әдетте одан бетер қысқартылады. Осыдан кейін, артқы және алдыңғы бөліктер вейвлет-түрлену арқылы, ал маска —JB2 алгоритмі арқылы сығылады.
JB2 алгоритмінің ерекшелігі — оның беттегі қайталанатын символдарды іздеп, олардың кескіндерін тек бір мәрте сақтауы болып табылады. Ал көп беттік құжаттарда болса қатарынан келе жатқан беттер ортақ кескін «сөздігін» қолданады.
Көптеген кітапты сығу үшін тек екі түстің өзі жеткілікті. Бұл жағдайда ұтымды сығылуға қол жеткізудің амалы — бір қабатты ғана қолдану. Тұрпайы, ақ-қара түсті суретті, 600dpi рұқсаттықпен сканерден өткізілген кітаптың орташа көлемі 15Кб, шамасын құрайды, яғни түпкі файлдан 100 есе кем. Күрделі артқы қабаттың қолданысында көлем ұтысы әдетте 4—10 есені құрайды. Алайда, DjVu-дің стандартты баптауларында мәліметтерді сапалық шығынымен сығу қолданылады, сол себептен аса маңызды құжаттар үшін сапаны сақтай отырып сығу қолданылады, ол үшінPNG,JPEG 2000,TIFF, т.с.с. қолданылады. DjVu-де сонымен қатар сапаны сақтай отырып мәліметтерді сығуды да қолдануға болады. МысалғаDjVuLibre пакетіндегі CJB2 қондыртпасы сондай мүмкіндікті береді.
DjVu форматының негізіндеAT&T Labs тарапынан жасалған келесідей технологиялар бар:
DjVu форматы беттегі мәтінді құрайтын "мәтіндік қабаттың" болуын ескереді. (Соның көмегімен жұмыс істеу кезінде іздеу мен мәтінді жеңілдей көшіріп алу үшін қолданылады). Егер мәтіндік қабатқа қол жетімсіз жағдай туса, мәтінді алудың бірден-бір жолы — шет қондырмалы бағдарламаларда оптикалық оқыту жасату.
AT&T өз технологиясынLizardTech компаниясына сатқан болатын, ал кейінгісі оны өзінің коммерциялық мақсаттарында қолдануға тырысқан, алайда форматтың ашықтығына байланысты[1] DjVu құжаттарын құру әрі тамашалау үшін түрлі тұғырнамаларға қолжетімді еркін бағдарламалық қамтамасыз ету құралы бар болып шықты. 2008 жылдың 1 шілдесіндеLizardTechDjVu менеджментінCelartem аналық компаниясына берген болатын[2], ал 2009 жылдың 10 маусымындаCelartemDjVu технологиясына қатысты құқықтардыCaminova компаниясына тапсырды[3].
Бұлардан бөлекGNU GPL лицензиясы негізінде жарияланатын ішіндегі кодтаушы-бағдарламалары әрі оларды тамашалайтынDjVuLibre кітапханасы сынды ашық бағдарламалық қамтамасыз ету құралы бар.
Windows-қа
Linux-қа
Android-қа
iOS-ға