| DART |
|---|

|
|---|
| Ұйымы | АҚШ,НАСА |
|---|
| Басты мердігерлері | Applied Physics Laboratory, SpaceX |
|---|
| Тапсырысы | Планеталық қорғаныс |
|---|
| Ұшыру күн-айы | 24.11.2021 ж., 06:21:02 UTC,Ванденберг базасы |
|---|
| Сөре көлігі | Falcon 9 зымыран-тасығышы |
|---|
| Тапсырыс ұзақтығы | 10 ай және 1 күн |
|---|
| Массасы | 610 кг (+ LICIACube: 14 кг) |
|---|
| Қуаты | 6,6 кВт |
|---|
DART (Double Asteroid Redirection Test) —астероидтардың қозғалысын зерттеуге арналғанғарыш кемесі.
(65803) Дидимос астероидын айналып ұшатын кішігірімДиморфос астероидына жоспарлы түрде соқтығысу нәтижесінде олардың траекторияларын өзгертуге бағытталған миссия болып келеді.
Яғни ғарыш техникасын Жерге жақын ұшқан аспан денелеріне қарсы пайдалану қаншалықты тиімді болатынын анықтауға көмектесетін тәжірибе ретінде қарастыруға болады.
Аппарат ғарышқа 2021 жылдың қарашасында ұшырылды.[1]
Диморфос астероидымен соқтығысу 2022 жылдың 26 қыркүйегінде орын алды.[2]
Аппараттың биіктігі 2,6 м, ұзындығы 1,9 м, ені 1,8 м.
Екі жағынанкүн батареялары бекітілген. Жазылған жағдайда әрқайсысының ұзындығы 8,5 м құрайды.
Бортында ғылыми құрылғылары жоқ. Навигациялық құрылғыларды санамағанда, негізгі жабдығы DRACO камерасы болды.
Сондай-ақDART аппаратынаLICIACube (Light Italian CubeSat for Imaging of Asteroids) қосалқы шағын серігі бекітілген болатын. Ол соғылардан 15 күн бұрын бөлініп шығып, екі камерасымен соғылу сәтін түсірді.
DART Диморфоспен 2022 жылдың 26 қыркүйегіндегринвичтік уақыт бойынша сағат 23:14-те соқтығысты.
Соқтығысу сәтін миссияның камераларынан басқаХаббл,Уэбб,Люси телескоптары түсірді.
11 қазандаНАСА миссияның сәтті болғанын растады. Соқтығысқаннан кейін Диморфостың Дидимостыайналу периоды 32 минутқа қысқарғаны белгілі болды. Бұл ғарыштағы аспан денесінің қозғалысына адамзаттың әсер еткен алғашқы жағдайы болған екен.[3]
   |
|---|
| | Жанынан ұшу | | |
|---|
| | Орбиталық | |
|---|
| | Қону / соқтығысу | |
|---|
| | Тозаң үлгісін жеткізу | |
|---|
| | Жоспардағы миссиялар | |
|---|
| | Қосымша | |
|---|
|