Bon Jovi – атағы әлемге танылған АҚШ-тың рок тобы.[5]
1983 жылы Нью –Джерси қаласында пайда болған. Дүниежүзіне топтың даңқын шығарған «Slippery When Wet» атты альбомы болатын. Альбам 1986 жылы жарық көреді.
Bon jovy 11 студиялық альбом, үш ән жинағы мен бір концерттік альбомды жарыққа шығарған. Олар 2,5 мың концертті шамамен әлемнің 50 мемлекетінде 34 миллион көрерменнің алдында өнер көрсеткен.
2004 жылы Британдық «O» журналы Bon Jovy тобын «әлемнің ең үздік 50 топтарының» біріне жатқызған. Топ тізім бойынша 14-орынды иеленген. Осы жылы топ мүшелері ән жазатын Америка академиясының «Грэмми» сыйлығына ие болады. 2005 жылы топ 100 млн. альбом сату арқылы Әлемдік әуен сыйлығына қол жеткізеді.
2006 жылы музыканттардың есімі Ұлыбританиядағы Музыкалық даңқ залына жазылған.
- ↑Allmusic.com.(қолжетпейтін сілтеме)
- ↑Dimery 2006 pg. 552, "Bon Jovi did the unthinkable with this album-they turned heavy metal into a pop genre that women would be able to love."
- ↑Buckley 2003, p. 97, "Heavy metal is played by big ugly men with greasy hair and bad teeth. Or so everyone thought until Bon Jovi came along...The 'pop metal' tag is one that will follow Bon Jovi for eternity,"
- ↑BBC.co.uk.(қолжетпейтін сілтеме)
- ↑kazkommers news журналы 2011 шілде, 11-бет