Алғашында Android Inc. компаниясы жасаған, кейіннен бұл компанияныGoogle сатып алды. Google Android платформасын ары қарай қолдау және дамыту мақсатындаOpen Handset Alliance (OHA) альянсын құрды. Android Google кітапхана арқылы жасалынған басқару құрылғысыменJava-қолданбалар жасауға мүмкіндік береді. Android Native Development KitСи және де басқа да бағдарламалау тілінде жазылған қолданбаларды жасай алады.
2008 жылы алғашқы нұсқасы шыққаннан бері жүйе бірнеше рет жаңаланып тұрды. Бұл жаңаландырулар жүйеден табылған ақаулар мен жаңа функцияларды қосу болып табылады. 2020 жылға дейін әр нұсқаның өзінше кодталған есім болды. Кодты есімі алфавит бойынша беріледі. Android Q 10 соңғы атауында әрібі бар андроид ОЖ - нің нұсқасы болды.
Қазіргі таңда операциялық жүйенің 11 толық нұсқасы(толық және қосымша нұсқаларды қосқанда барлығы 56 нұсқа) шығып үлгерді және жыл сайын жаңа нұсқасы шығады. Соңғы нұсқасы — 11 Android.[3].
5 қыркүйек — мобилді құрылғыларға арналған ашық стандарттар жасау мақсатында құрылатынOpen Handset Alliance (OHA) компания тобының құрылуы жөнінде ресми хабарлады.
12 қараша — Android «Early Look» SDK жасаушыларына арналған алғашқы нұсқаның пакеті көрсетілді әрі жүктеуге ұсынылды.
18 тамыз — OHA SDK 0.9 beta жаңа нұсқасы шыққаны туралы хабарлады.
23 қыркүйек — Google компаниясы T-Mobile мобилді оператормен және тайваньдық HTC компаниясымен бірге жаңа Android 1.0 платформасының базасында жұмыс жасайтын T-Mobile G1 (HTC Dream) смартфоны шығатыны туралы құлақтандырды.
SDK 1.0, Release 1 жасаушысының алғашқы толыққанды пакетті шықты.
15 тамыз — Google компанияMotorola Mobility директорлар кеңесімен телекоммуникациялық корпорацияны 12,5 млрд долларға сату жөніндегі келісімге отыра алды.
9 қыркүйек — Android 5.0 Jelly Bean туралы алғашқы сыбыстар естіле бастады[4].
19 қазан — Android 4.0 Ice Cream Sandwich нұсқасы шықты.
Android-тың 1.6 нұсқасында жасаушылар Native Development Kit комплектін қосты[5] Онымен linux-кітапхананың стандарттарына қарайласа отырып, C/С++ тілдік жүйесіне арнап төменгі дәрежелі модулдер жазуға болады.
Java қолданба жәй жылдамдықпен жұмыс жасайды, сонымен қатар оперативтік жадты үлкен көлемде қажет етеді (соңғы жетіспеушіліктің орны толтырылуы мүмкін).
Google Play және де Google-дің басқа қызмет түрлеріне ену үшін телефон жасаушы компания міндетті түрде Google-мен мақұлданған келісім-шартқа отыру керек.[6]
Кейбір шолушылардың айтуы бойынша, Android өзінің бәсекелесіApple iOS-тан бірнеше қызмет түрлерінен алда болып тұр екен, мысалға: уеб-серфинг, Google Inc. қызмет түрлерімен бірлесіп жұмыс жасау және т.б.[7] Android жүйесі iOS жүйесіне қарағанда ашық түрдегі платформа болып табылады, сондықтан онда көп функцияларды қолдануға болады.
iOS пенWindows Phone 7-ке қарағанда Android-таBluetooth-дің бір мезетте файлды жіберіп және алуға мүмкіндік беретін толыққанды жасалған торшасы бар.
Android аппараттарда дәстүр бойынша құжаттарды компьютерден телефонға тез арада тасымалдай алатынMicroSD-кардридері болады.
PC Magazine баспасы Android 4.0 Ice Cream Sandwich операциялық жүйесін «Редакция қалауы» аты жүлдемен марапаттады, олардың айтуынша, жаңа ОЖ платформаға көптеген жаңартулар әкелді, соның ішінде смартфон мен планшеттік жүйелер арасындағы айырмашылықты кетірген.[8]
2012 жылдың маусым айында «Ведомости» газетінің хабарлауы бойынша, Android өзінің басты қарсыласын Apple-ді планшетті компьютерлер нарығында жеңе алған. Сарапшылардың айтуынша, бұл сырғудың себебі Apple-дің өз құрылығыларын шығаруды кешеуілдетуі мен «Android» құрылғылары анағұрлым қолжетімді болуынан.[9]
Android 4.0 Ice Cream Sandwich 2012 User Experience Awards-да үздік платформа болғаны үшін «алтын» алды.[10]