Airbus S.A.S. (ағыл.:/ ɛər B ʌ с / ,фр.: [ɛʁbys],нем.: [ɐbʊs ɛ ː] ,исп.: [airβus] ) — әлемдегі ірі әуеқұрылыс компаниялырының бірі, еуропалықEADS аэроғарыштық компаниясына тиесілі. Airbus маркасымен жолаушы, жүк және әскери ұшақтар шығарыды. Штаб-пәтері Бланьяк қаласында орналасқан (Тулуза маңы,Франция).[2][3] AirbusЕуропадағы ең белсенді компаниялардың бірі: қазіргі таңда ол әлемдегі жолаушы ұшақтарының жартысына жуығын шығарады.
Airbus 1960-жылдардың соңында бірнеше еуропалық ұшақ-өндірушілердің біргуі нәтижесінде Airbus Industrie консорциумы болып құрылды.1999 және2000 жылғы еуропалық қорғаныс және аэроғарыштық компаниялардың бірігуі нәтижесінде компания шектелген акционерлік қоғам (S.A.S.) болып құрылды: акциялардың 80% EADS-қа өтсе, 20%-ы британдықBAE Systems-ге тиесілі болды. Ұзақ сатылым процесінен кейін BAE2006 жылы өзінің барлық акциясын EADS-қа сатты, соның нәтижесінде EADS қазіргі таңда Airbus-тың жалғыз иесі болып табылады.[4]
Airbus-тың 4 еуропалық мемлекетінің (Франция,Германия,Ұлыбритания,Испания) 16 қаласында орналасқан кәсіпорындарында шамамен 63,000 адам қызмет атқарады. Өнімдердің соңғы жинауТулуза (Франция),Гамбург (Германия),Севилья (Испания),Тяньцзинь (Қытай, 2009 жылдан бастап) қалаларында өтеді.[5]АҚШ,Үндістан,Жапония менҚытайда Airbus-қа тиесілі компаниялар жұмыс істейді.
Компания алғашқы электронды-қашықтықтан басқару жүйесімен жабдықталған (ЭДБЖ,fly-by-wire) жолаушы ұшағы —A320-ны[6][7] және әлемдегі ең үлкен жолаушы ұшағы —A380-ді өндіреді.
Airbus Industrie американдықBoeing,McDonnell Douglas жәнеLockheed сияқты компаниялармен бәсекелесе алатын еуропалық ұшақ өндіруші компаниялардың консорциумы болды.[8]) Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңде еуропалық ұшақтар жақсы дамытылған болғанымен, олардың өндірісі мен сатылымы өте төмен болды.[9]
1960-жылдардың ортасында жаңа ортақ еуропалық ұшақ туралы алдын-ала келіссөздер басталды. Бұған дейін кейбір компаниялар жаңа ұшақтың негізгі сипаттамаларын дайындаған болатын. 1959 жылы Hawker Siddeley Armstrong Whitworth AW.660 Argosy ұшағының «Аэорбус» нұсқасын ұсынды.[10] Ол 123 жолаушыны қысқа қашықтықта 1 мильге 2₤ шығынмен тасымалдай алады деп айтылды.[11] Алайда, еуропалық әуеқұрылыс кәсіпорандары мен мемлекеттердің үкіметтері бұл істің тек бірлесіп қана іске асырылатынын түсінді. 1965 жылы Париж Авиашоуында негізгі еуропалық әуеқұрылыс компаниялары 100 адамды жақын және орта қашықтықта аз шығынмен тасымалдайтын ұшақтың жобасын бейресми түрде талқылай бастады.[11] Бірнеше жыл бойы Hawker Siddeley (Ұлыбритания үкіметінің нұсқауымен) Breguet және Nord компанияларымен бірлесіп жаңа аэробустың жобалау жұмыстарын жүргізді. Осы жұмыс нәтижесінде жасалған Hawker Siddeley/Breguet/Nord тобының HBN 100 жобасы жаңа ұшаққа негіз етіп алынды.1966 жылы әріптестер ретінде Sud Aviation (кейінрек Aerospatiale, Франция), Arb. Airbus (кейінрек Deutsche Airbus, Германия) және Hawker Siddeley (Ұлыбритания) танылды. 1966 жылы қазанда үш елдің үкіметі жобаға қажетті қаржыны бекітті.[11] 1967 жылы 27 маусымда үш ел үкіметі жобаны жалғастыруды мақұлдады.
Келісімнің 2-жылы Ұлыбритания мен Франция үкіметтері жобаға күмән арта бастады. Келісім бойынша жаңа ұшаққа кемінде 75 тапсырыс 1968 жылы 31 шілдесіне дейін жасалуы керек болатын. Airbus A300, Concorde және Dassault Mercure жобаларының болашағы күмәнді болуына байланысты Франция үкіметі жобадан шықпақшы болды, бірақ олар бұл ойынан бас тартты.[12] Airbus A300B 1968 жылы желтоқсанда ел назарына ұсынылды, бірақ оған қызығушылықтың аз болуына байланысты Ұлыбритания үкіметі 1969 жылы 10 сәуірде жобадан шығатынын мәлімдеді.[11][13] Осыдан кейін Германия жобадағы өз үлесін 50%-ға арттырды.[14] Жобада қалып қойған Hawker Siddeley Германия мен Франция жасаудан бас тартқан ұшақ қанаттарын жобалау жұмыстарын өзіне алды. Бірнеше британдық компания жобадан шықпады. Hawker Siddeley жобаға 35 млн фунт инвестиция саласа, қалған 35 млн фунтты Германия үкіметі бөліп берді.
Airbus Industrie ресми түрде 1970 жылы 18 желтоқсанда "Экономикалық қызығушылығы бар топ" (Groupement d'Interet Économique немесе GIE) ретінде құрылды. Ол 1967 жылы Ұлыбритания, Франция және Германия үкіметтері қатысуымен жасалған келісім негізінде жүзеге асты. "Airbus" атауы 1960-жылдары белгілі өлшем мен аумақтағы ұшаққа қатысты қолданылып келген терминнен алынды, әрі бұл сөз француз тілі мамандарымен мақұлданған болатын. Жаңадан құрылған консорциум мүшелерінің жұмысты атқару мөлшері келесідей бөлінді: Aerospatiale және Deutsche Airbus компанияларының әр қайсысы жұмыстың 36,5%, Hawker Siddeley 20% және голландиялық Fokker-VFW 7% атқарды. Әр компания өзіне тиесілі ұшақ бөлігін толығымен жасап, соңы жинақтауға дайын күйінде жіберді. 1971 жылы қазанда испандық CASA компаниясы консорциумның 4,2%-ын сатып алды, ал Aerospatiale мен Deutsche Airbus өз үлестерін 47,9%-ға дейін азайтты. 1977 жылы Hawker Siddeley-ді өзіне қосып алған British Aerospace Airbus Induatrie-нің 20%-ын сатып алды. Негізгі ақционерлер өз үлестері 37,9%ға дейін қысқартса, CASA өзінің 4,2% үлесін сақтап қалды.
Airbus консорциумының тарфюзеляжды жолаушы тасымалдаушы ұшақтарының жанұясы. Базалық модель болып 1988 жылдан бастап шығарылып келетін A320 ұшағы табылады. Ұшақ американдықBoeing компаниясыныңBoeing 737 ұшағының ортамагистральді ұшақтар нарығындағы басты бәсекелесі ретінді жасалынды. 1994 жылы қолданысқа ұзартылған A321 нұсқасы берілді. A319 — A320 ұшағының қысқартылған нұсқасы. 2003 жылдан бастап ұшақтар жанұясындағы ең қысқа нұсқасы — A318 қолданысқа берілді.
A350 XWB — Airbus концерні қазіргі таңда жаңадан жасап жатқан жолаушы тасымалдаушы ұшағы. Ұшақтың алғашқы ұшуы 2013 жылы 14 маусымда болды. A350 үш нұсқада ұсынылмақ: 270 жолаушыға арналған A350-800, 314 жолаушыға раналған A350-900 және 350 жолаушыға арналған ұшақтың ең үлкен нұсқасы A350-1000. Ұшақтың барлық нұсқаларының ұшу қашықтығы 15 000 км-ден асады.
↑"ContactsМұрағатталған 22 наурыздың 2012 жылы.." Airbus. Тексерілген 28 қараша 2011. "Airbus Headquarters in Toulouse 1, Rond Point Maurice Bellonte 31707 Blagnac Cedex France"