Movatterモバイル変換


[0]ホーム

URL:


Мазмұнға өту
УикипедияҚазақша ашық энциклопедия
Іздеу

4 ақпан

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
<<2025 жылғыақпан>>
ЖекДүйСейСәрБейЖұмСен
1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728
MMXXV

Ақпанның 4Григориан күнтізбесінде жылдың 35-ші күні. Жылдың аяғына 330 (кібісе жылдарда 331) күн қалады.

Мерекелер

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
  • Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасының (бұрынғы Цейлон) Ұлттық мерекесі - Тәуелсіздік күні.
  • Халықаралық зорлыққа қарсы күрес күні. Бұл күн1985 жылдан бері аталып келеді.
  • Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні. Бұл халықаралық күннің мақсаты - қатерлі ісіктің қазіргі өркениеттің ең қауіпті ауруының бірі екендігі туралы хабардарлықты арттыру, осы кеселдің алдын алуға, анықтауға және емдеуге назар аудару.

Оқиғалар

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
  • 1854 жылы 4 ақпан – қазіргі Алматының тұрған орны Заилийское деп атала бастады. 1867 жылдың 11 сәуірінен – Верный қаласы, 1921 жылдың 5 ақпанынан – Алматы қаласы аталады.1929 жылдан бастап бұл қала Қазақстанның астанасы болды. Верныйда 1897 жылы алғаш жүргізілген халық санағы бойынша 22,7 мың адам тұратын болса, 1978 жылы 910 мыңға жеткен. Ал 1982 жылы Алматы қаласы КСРО бойынша тұрғындар саны 1 миллионға жеткен 22-ші қала ретінде тіркелді.
  • 1918 жылы 4 ақпан –Семей қаласында «Абай» журналының бірінші саны жарыққа шықты.
  • 1933 жылы орыс тілінде шығатын «Дружные ребята» республикалық апталық балалар газетінің алғашқы саны «Пионер Казахстана» деген атпен жарық көрді. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда шығуы тоқтаған газет 1957 жылдан бастап қазіргі атымен шығып келеді. Басылымның мақсаты балалардың шығармашылық қабілетін ұштау, танымын кеңейту, республикадағы қоғамдық өмірдің барлық саласында балалар құқығының қорғалуын назарға алу, оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.
  • 1945 жылыҚырым конференциясы басталды. ОндаКСРО,АҚШ,Ұлыбритания үштігі елдерінің басшылары екінші рет бас қосты.
  • 1966 жылы алғашқығарыш кемесіАйға қонды.
  • 1972 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің ЖарлығыменАрқалық қаласында Торғай облыстық тарихи-аймақтық мұражайы ашылды. Мұражайда 40 мыңнан астам экспонат бар.
  • 1992 жылыФранцияның Тур қаласында өткен халықаралық кинофестивальда режиссерЕрмек Шынарбаевтың «Кек» фильмі бірінші орынды иелесе,Сергей Әзімовтың «Өлі теңіз хроникасы» атты фильмі екінші жүлдеге ие болды.
  • 1992 жылыҚазақстан Республикасы менБангладеш Халық Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы хаттама қабылданды.
  • 1993 жылы Қазақстан Республикасы менМальта Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды.
  • 2005 жылы Алматыда «Қазақстан Республикасының Конституциясы» атты кітап шықты. Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясының 10 жылдығына арналған ғылыми-заңды түсінік. Елдегі басты заңға ғылыми-заңды түсінік берген, танымал ғалым-заңгерлерҒайрат Сапарғалиұлы Сапарғалиев,Мақсұт Сұлтанұлы Нәрікбаев,Бауыржан Мұхаметжанов және басқалар.
  • 2006 жылыҒарифолла Құрманғалиев атындағыБатыс Қазақстан облыстық филармонияның концерт залында белгілі орыс жазушысыНикита Савичевтің (1820-1885) «Байырғы Орал. Көрген-білгендерімнен әңгімелер» атты кітабының таныстырылымы болды. Оралдың «Оптима» кітап баспасы шығарған жинақты құрастырып, алғы сөзін жазған жергілікті әдебиетші, филология ғылымдарының кандидаты Николай Щербанов.Орал қаласында туып-өскен Никита Савичев сурет салумен қатар әдеби-көркем туындылар да жазды. Ол, әсіресе,Исатай Тайманұлы менМахамбет Өтемісұлы,Құрманғазы сынды қазақтың бірегей тұлғалары жөнінде очерктер жазып, алғашқылардың қатарында әділ бағасын берді. Жазушы өз туындыларында қазақтар өмірін де шынайы суреттей біліп, халықтар достығын ту етіп көтерді. Кітаптың тұсаукесерінде осындай әңгімелерден тартымды көріністер қойылып, өлеңдері оқылып, әндер шырқалды.
  • 2008 жылыСемей мемлекеттік педагогикалық институтында «Шәкәрімтану мәселелері» атты сериялық ғылыми жинақтың таныстырылымы өтті. «Шәкәрімтану» ғылыми-зерттеу орталығы дайындаған аталмыш бес томдықтың ішіне ұлы ойшыл әрі ақынның шығармашылығын зерттеумен айналысатын танымал қазақстандық ғалымдардың еңбектері кірді.
  • 2008 жылы 6елгілі жазушы, халықаралықМихаил Шолохов сыйлығының иегеріСәбит ДосановРесей әдебиет академиясының мүшесі болып сайланды.
  • 2009 жылы АлматыдаӘл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде археология мен этнологияның ғылыми-зерттеу орталығы ашылды. Зерттеу орталығы тас, қола, темір, ортағасырлар археологиясы мен Қазақ этнологиясы сынды 5 бөлімнен тұрады. БұндаУахит Шалекенов,Әбдеш Төлеубаев,Мадияр Елеуов,Жәкен Таймағамбетов, Б. Қалшабаева, А. Тоқтабай сынды танымал ғалымдар жұмыс істейді.
  • 2010 жылы Мемлекет басшысыНұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Француз Республикасының Yкiметi арасындағы Қаржыландыру туралы хаттаманың (Алматы қаласының сумен қамтамасыз ету және кәрiз инфрақұрылымын оңалту мен жаңғырту жобасы) күшін жою туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
  • 2010 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік резервтердегі материалдық құндылықтарды пайдалану және сақтау, қалыптастыру жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік материалдық резерв мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.
  • 2010 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің интеллектуалдық мектептер жүйесін басқаратын «Өркен» АҚ ресми сайтының жаңа нұсқасын ұсынды.

Туғандар

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
  • 1873 жылы - орыс жазушысы, табиғат туралы шығармалардың авторыМихаил Михайлович Пришвин дүниеге келді.
  • 1899 жылы - биология ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Целищев Аркадий Андреевич дүниеге келді.
  • 1909 жылы – қазақтың тамаша ақыны, көрнекті драматург, әдебиетшіӘбділда Тәжібаев дүниеге келді. Өмірінің соңына дейін шығармашылық ізденіспен өткен қаламгер.
  • 1915 жылы - актёр, әнші, Қазақстанның халық артисі (1971)Николай Ли дүниеге келді.
  • 1919 жылы - Cоциалистік Еңбек Ері (1948), құрылысшыНұрмахан Жұматаев дүниеге келді.
  • 1928 жылы - тарих ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Жаратылыстану ғылымдары академиясының, Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының, Педагогика ғылымдары академиясының академигі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген жоғары мектеп қызметкеріТілеміс Мұстафин дүниеге келді.
  • 1929 жылы - техника ғылым докторы (1972), профессор (1972)Николай Гращенков дүниеге келді.
  • 1929 жылы - химия ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері,Әбікен Бектұров атындағы Химия ғылымдары институтының құрметті директоры, Нью-Йорк ғылым академиясының мүшесі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреатыЖұбанов Болат Ахметұлы дүниеге келді.
  • 1933 жылы - кеңестік және ресейлік театр және кино актері, тележүргізуші,РКФСР халық әртісі Игорь Кваша дүниеге келді.
  • 1940 жылы - ғалым, медицина ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық Ғылымдар Академиясының академигіҚұлқыбаев Ғабдолла Әбдіқожаұлы дүниеге келді.
  • 1943 жылы - кинорежиссер, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткеріҚанымбек Қасымбеков дүниеге келді.
  • 1945 жылы - кеңестік және әзірбайжан әншісі және композитор,Әзірбайжан халық әртісі Полад Бүлбүл Оғлы дүниеге келді.

Қайтыс болғандар

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
Жыл айлары мен күндері
Қаңтар12345678910111213141516171819202122232425262728293031
Ақпан12345678910111213141516171819202122232425262728(29)
Наурыз12345678910111213141516171819202122232425262728293031
Сәуір123456789101112131415161718192021222324252627282930
Мамыр12345678910111213141516171819202122232425262728293031
Маусым123456789101112131415161718192021222324252627282930
Шілде12345678910111213141516171819202122232425262728293031
Тамыз12345678910111213141516171819202122232425262728293031
Қыркүйек123456789101112131415161718192021222324252627282930
Қазан12345678910111213141516171819202122232425262728293031
Қараша123456789101112131415161718192021222324252627282930
Желтоқсан    12345678910111213141516171819202122232425262728293031
«https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=4_ақпан&oldid=3384110» бетінен алынған
Санат:

[8]ページ先頭

©2009-2025 Movatter.jp