Жапонияның батыс жағалауында 7.5 Mww деңгейліірі жер сілкінісі орын алды, нәтижесінде 126 адам қайтыс болды, 611 адам жарақат алды.[3]
ЭфиопияСомалилендпенБербера портын пайдалану туралы келісімге келгенін жариялады. Эфиопия сонымен бірге Сомалилендтің тәуелсіздігін мойындайтын бірінші ел болатынын айтады.[4]
Папуа — Жаңа Гвинеяда есептеу кезінде болған болжалды қателік нәтижесінде полицейлер мен сарбаздардың жалақысы берілмей қалды, елде ереуіл басталды.
АҚШ хуситтер қозғалысына тауар тасымалдап жатқанирандықдауды басып, кейін батады. Операция нәтижесінде кеменің бүкіл экипажы ұсталған, екіSEAL теңізде жоғалған.
24 қаңтар –Белгород облысындағы Ил-76 апаты: ресейлік Ил-76 әскери транспорт ұшағыКороча ауданында құлады. Ресей мәліметінше ішінде болған барлық адам, соның ішінде 65 украиналық әскери тұтқын, экипаждың 6 мүшесі және 3 күзетші, қайтыс болды.[13]
13 наурыз –Еуропа Одағы «Одақтың жасанды зият жайлы регламенті» аттыжасанды зиятқа арналған әлемдегі алғашқы толық құқықтық және реттеуші заңды қабылдады.[23]
25 наурыз –БҰҰ Қауіпсіздік КеңесіГазада «тез арада атысты тоқтатуды» және барлық кепілге алынғандарды дереу және сөзсіз босатуды талап ететін қарар қабылдады.
Айдың басында орын алған Израильдің Дамаскідегі Иран елшілігін бомбалауынан кейін Иран Израильге жауап соққыларын бастады.
25 сәуір – Гаити президентінің міндетін атқарушы және премьер-министрАриэль Анри отставкасынан кейін өтпелі президенттік кеңес Гаити мемлекетінің жаңа басшысы ретінде билікті өз қолына алды.
10 мамыр –БҰҰ Бас АссамблеясыПалестина мемлекетіне алфавиттік тәртіппен мүше мемлекеттердің арасында тұру құқығын беру үшін дауыс берді. Бұл БҰҰ Бас Ассамблеясының 2024 жылғы 10 қыркүйекте өтетін келесі сессиясында күшіне енеді.[28]
30 мамыр – АҚШ бұрынғы президентіДональд Трамп порно актрисаСторми Дэниэлске берген параға және басқа да айыптарға қатысты сот процесінде 34 тармақ бойынша кінәлі деп танылды. Ол төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.[37][38]
12 маусым – Біріккен Ұлттар Ұйымының7 қазандағы шабуылдарға және одан туындаған қақтығыстарға қатысты алғашқы тергеуі Израиль мен Хамастың соғыс қылмыстарын жасағанын анықтады.
30 шілде –ҮндістанныңКерала штатындағыВаянад ауданындағы көшкін салдарынан кемінде 334 адам қаза тауып, 200-ден астам адам жараланып, 281 адам із-түзсіз жоғалып кетті.[52][53]
7 тамыз – Тайланд Жоғарғы Сотының шешімінен кейінАлға қозғалыс оппозициялық партиясы таратылды да,Пита Лимджароенрат пен басқа саясаткерлерге саясатпен айналысуға тыйым салынды.[57]
17 тамыз –Индонезия өзінің 79-Тәуелсіздік күнінНусантарада өткізді. Бұл күні ел астанасыДжакартадан Нусантараға жылжытылады деп жоспарланған еді, алайда кейінге қалдырылды.[59]
31 тамыз –Шығыс Қазақстан облысы Алтай кентінде Ертіс кенішінің "Ертіс" шахтасында белгісіз затпен улану белгілері бар 4 жұмысшының денесі табылды.[61]
Хезболла штаб-пәтеріне жасалған әуе шабуылдарынан кейін Бейрут маңынан түтін шығып жатыр
2 қыркүйек –Бразилия Жоғарғы соты шешімімен БразилиядаX (Twitter атауымен де белгілі) әлеуметтік желісіне тыйым салынды. Осы қаулыға себеп ретінде Бразилия үкіметі дезинформацияның кең тарағаны деп көрген желідегі өзгеріс жәнеИлон Масктың елдегі заңды өкіл атамау шешімі берілді.[62]
17–18 қыркүйек – Екі жаппай кибершабуыл барысындаХезболла содырлары мен дәрігерлер пайдаланатынпейджерлер менрациялардың жарылуынан 32 адам қаза тауып, 3000-ға жуық адам жараланды. Болжамды қылмыскер ретінде көбіне Израиль аталады.[64][65][66]
20 қыркүйек – Израиль Хезболланың он бір шақты әскербасыларын, солардың ішіндеИбраһим Ақилды өлтіреді. Бұл апта басында болған пейджер жарылысынан кейін Израиль мен Хезболла арасындағы шайқастардың күшеюіне байланысты орын алды.[67]
26 қыркүйек – 2017 жылғыМария дауылынан кейінгі ең жойқын Атлантикалық дауыл болғанХелен дауылы төртінші санаттағы дауыл ретіндеФлоридаға құлады. Онда 236 адам қаза тауып, 685-тен астам адам із-түзсіз жоғалған.[70]
30 қыркүйек –Ұлыбритания электр энергиясын өндіру үшінкөмірден бас тартқан алғашқыG7 елі болды, ел бұл энергия көзін 142 жыл бойы пайдаланып келген еді.[74][75]