2014 жыл —Григориан күнтізбесі бойынша аптаның үшінші күні, яғнисәрсенбіде басталады.Кібісе жыл емес.
Бұлбіздің заманымыздың 2014 жылы,III мыңжылдықтың 14-жылы,XXI ғасырдың 14-жылы, 21 ғасырдың 2-онжылдығының 4-жылы,2010 жылдардың 5-жылы болып табылады.
- наурыз - Павлодар облысының бұрынғы әкімі Ерлан Арын 1,6 миллиард теңгені жымқырды, алаяқтық жасады және пара алды деп айыпталды.
- 3 наурыз - Қазақстанның экономика және бюджеттік жоспарлау министріЕрболат Досаев квазимемлекеттік сектор объектілерін жекешелендірудің басталғаны туралы хабарлады.
- 31 наурыз -Қарағанды облысындаКөкпекті өзені бөгетінің бұзылуына байланысты жағаға төгіліп, Көкпекті кентіне су басқан. 5 адам қаза тауып, алтауы ауруханаға жеткізілді. 284 адам эвакуацияланды, оның ішінде 86 бала.
- 2 сәуір -Кәрім Мәсімов Президент Әкімшілігінің Басшысы қызметінен кетіп Қазақстан Республикасының премьер министрі қызметін қайта басқарды.
- 3 сәуір - Қорғаныс министрі қызметінеСерік Ахметов тағайындалды.
- 4 сәуір —Microsoft корпорациясыWindows XPоперациялық жүйесінде жұмыс жасайтын (қолдайтын) бағдарламаларды шығаруды тоқтатады.[1].
- 17 сәуір - "Жол қозғалысы" туралы заң жобасы енгізілді. Осылайша, Қазақстанда жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұл мөлшері заң жүзінде ұлғайды.
- 16 тамыз -Алматы облысында магнитудасы 5,2 жер сілкінісі болды. Алматыда 4-5 балдық жер асты дүмпулері сезілді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан шығысқа қарай 35 шақырым және Талғардан оңтүстік-шығысқа қарай 19 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінен зардап шеккендер мен қиратулар болған жоқ.
- 8 желтоқсан -Канада менАҚШ-қаАлматы маңындағы CRJ-200 ұшақ апаты туралы қорытынды есеп жобасы жіберілді. Алматы әуежайы маңындағы CRJ-200 әуе кемесімен болған апатты тергеу жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысы барысында түпкілікті есептің жобасы дайындалды.
- 23 желтоқсан - Ұлттық банк айырбастау пункттерінде шетел валютасын сату бағамынан сатып алу бағамының ауытқу шектерінің қолданылуын ұзартты.
Тағы қараңыз:Санат:2014 жылы туғандар
Тағы қараңыз:Санат:2014 жылы қайтыс болғандар
- ↑Please Verify your Location
- ↑BepiColombo. (ағыл.)