Movatterモバイル変換


[0]ホーム

URL:


Мазмұнға өту
УикипедияҚазақша ашық энциклопедия
Іздеу

1 мамыр

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
<<2025 жылғымамыр>>
ЖекДүйСейСәрБейЖұмСен
123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
MMXXV

Мамырдың 1[1]Григориан күнтізбесінде жылдың 121-ші күні (кібісе жылдарда 122-ші). Жылдың аяғына 244 күн қалады.

Мерекелер

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Оқиғалар

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
  • Үш мың жыл бұрын ежелгіИталия тұрғын­дары Жердің қамқоршысы әйел-құдай –Майяға табынған. Соның құрметіне бүгінге дейін мамыр айының алғашқы күні серуен­деу мен салтанат мерекесі болып есептелді.
  • 1890 жылыПарижде өткен ІІ интернационал конгресінің шешімімен1886 жылыЧикагода болған америкалық еңбек­шілердің 8 са­ғаттық жұмыс күнін талап етіп, капиталис­тер мен қанаушыларға қарсы жанқиярлық күресінің құрметінеВаршава қаласында сол жылдан бастап 1 Ма­мыр ең­бекшілердің ын­тымағы мерекесі ретінде аталып келеді.
  • Ал­ғаш айтулы мейрамды1890 жылы Аустро-Мажарстан,Бельгия,Германия,Дания,Испания,Италия,АҚШ,Норвегия,Франция,Швеция сияқты мемлекеттер атап өтті. Со­дан бері аумалы-төкпелі заман өтіп, саяси жүйелер жаңғырса да, қазіргі таңда 1Мамыр мерекесін әртүрлі мазмұнда әлем­нің 66 мемлекеті тойлайды.Еуроодақ пен НАТО-ға]қосылған кешегі социалистік ел­дер үшін 1 Мамырдың маңызы шамалы.Украинада 1 Мамыр күні халық алаңда ме­реке ұйым­дас­­тырып, орманда серуен құрып, кәуәп да­йындайды. Оңтүстік Африка рес­публика­сында халықтық өнер туынды­лары­ның көрмесін ұйымдастырып, төмен баға­мен жал­пы халыққа арналған тұрмыстық бұ­йымдар сатылады.Сицилияда жергілікті халықтың сенімі бойынша, бұл күні даладан түймедақ (ромашка) теру бақыт әкеледі-міс.
  • Испанияда бұл күн гүлдер мерекесі болып саналады.
  • Берлин полицейлері үшін бұл күн ауыр да мазасыз күн, себебі елдегі пар­тиялар мен қозғалыстардың шеруінің соңы бей-берекет тәртіпсіздіктерге ұласып жата­ды. Ал америкалықтар болса, мейрам екен демейді, жұмыс істейді.
  • Британияда 1 Ма­мыр – демалыс күні.
  • 1977 жылы лейбористер билік басында болғанда, бұл күн мемле­кет­тік мейрам ретінде аталып өтетін.Еуропаның көпшілік елдері бұл күнді атап өтуге сонша­лық ықыласты емес.Аустрия,Болгария,Бразилия,КХДР-да еңбек мейрамы ретінде мемлекеттік деңгейде аталып өтеді.
  • Ресей империясында1890 жылдан бастап 1 Мамыр мерекесі аталып келеді. Алайда1897 жылы бұл мейрамды тойлаудың арты саяси сипат алып, бұқаралық бас көтеруге ұласады. Тек большевиктер1917 жылдан бастап 1 Мамыр мерекесін тұрақты түрде атап өтуді дәстүрге айналдырған. 1 мамыр мейрамыКСРО құр­са­ғындағы қырық құрау ұлыстарды бірың­ғай кеңес халқына айналуына үлес қосқан-ды. 1 мамыр қызыл төңкеріс пен таптық кү­рестің символы болды. Кеңестік идеология­ның тегеуріні сондай, 1 мамыр күні Маяков­скийдің«Бейбітшілік! Еңбек! Мамыр!» деген сөзімен ұран тастап, алқызыл жалау желбіретіп, алаңда төбе көрсетпегендерді ертесіне жұмыстан шығарып жіберетін. КСРО-ның орнын басқан Ресейде 1 Мамыр мерекесін1997 жылдан бастап Көктем және еңбек мерекесі ретінде атап өтеді.ТМД ел­дері ішіндеРесей менМолдавия бұл мей­рамда қатарынан бес күн демалады. АлӘзірбайжан,Грузия,Түрікменстан жәнеӨзбекстанда 1 мамыр – жұмыс күні. Бірақ өзбек, түрікмен жұрты бұл күні ұлттық тағам дайындап, өзбекше, түрікменше тойлайды.

Туғандар

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Қайтыс болғандар

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
  1. “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998ISBN 5-89800-123-9
Жыл айлары мен күндері
Қаңтар12345678910111213141516171819202122232425262728293031
Ақпан12345678910111213141516171819202122232425262728(29)
Наурыз12345678910111213141516171819202122232425262728293031
Сәуір123456789101112131415161718192021222324252627282930
Мамыр12345678910111213141516171819202122232425262728293031
Маусым123456789101112131415161718192021222324252627282930
Шілде12345678910111213141516171819202122232425262728293031
Тамыз12345678910111213141516171819202122232425262728293031
Қыркүйек123456789101112131415161718192021222324252627282930
Қазан12345678910111213141516171819202122232425262728293031
Қараша123456789101112131415161718192021222324252627282930
Желтоқсан    12345678910111213141516171819202122232425262728293031
«https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=1_мамыр&oldid=2724723» бетінен алынған
Санат:
Жасырын санат:

[8]ページ先頭

©2009-2025 Movatter.jp