31 наурыз - Кристмас аралы үшін шайқас - жапон әскерлері Британдық Үнді әскерінің сарбаздарының Британдық офицерлерге қарсы көтерілісінен кейін Кристмас аралын қарсылықсыз басып алды.
Сәуір -Голландияда орналасқан концлагердеқызыл әскерден тұтқынға түскен 77 өзбек сарбазын нацистік күзетшілер атып өлтірді, олардың 24 отандасы оған дейін мәжбүрлі аштықтан қаза тапты.
9 сәуір -Батан түбегіндеАҚШ жәнеФилиппин әскерлері (шамамен 75000 сарбаз) жапон әскеріне тапсырылды.
9 -17 сәуір -Батанның өлім шеруі: Американдық және филиппиндік әскери тұтқындар Сан-Фернандодан Капасқа дейін (шамамен 104 километр) жүруге мәжбүр болды. Шеру кезінде 15000-ға жуық сарбаз зорлық-зомбылықтан қаза табады.
Шеру кезінде қаза тапқан АҚШ сарбаздары.
10 сәуір -ГерманияныңТреблинка (Польша) өлім лагерінің құрылысы басталды. 1942 жылдың 23 шілдесі мен 1943 жылдың қазаны аралығында мұнда 850 000 – ға жуық адам қаза тапты.
13 сәуір - Жапон әскерлері Ситтан(Мьянма) өзенінен өтіп, Маучи жанындағы Карен таулары аймағында шайқаста Қытай әскерлерің талқандады .
26 сәуір -Рейхстагта соңғы рет жиналыс өтіп,Адольф Гитлерді "неміс халқының Жоғарғы судьясы" деп жариялады, оған әр Германия азаматының өмірі мен өлімін шешуге құқық берді.
12 мамыр - Украинаның шығысындаКеңесӘскеріВермахттанХарьков қаласын қайтарып алу мақсатында үлкен шабуыл жасады, алайда кеңес әскерлері шамамен 200 мыңға жуық әскерден айырылып жойқын жеңіліске ұшырады.
Харьков шайқасынан кейінгі шерудегі кеңес әскерінің тұтқындары.
17-21 маусым - Эрвин Роммель басқарған "Африка" неміс әскерлері Тобрукқа жаппай әуе қолдауымен шабуыл жасады. Олар Шығыс қорғаныс периметріндегі әлсіз нүктеге еніп, портты және 33000 ағылшын сарбаздарын тұтқындады.
3 қазан - АлғашқыФау-2 зымыраны Германиядағы Пенемюнде қаласында сәтті ұшырылды. Зымыран 147 шақырым ұшып, 84,5шақырым биіктікке жетіп,ғарышқа жеткен алғашқы жасанды нысан болды.
Фау-2 VII Сынақ стендінен ұшырылған бейнесі.
22 қазан - "Еркін Аустрия" ұйымыГерманияға қарсы күреске шақыра отырып, бостандық майданын құру туралы үндеу таратты.
23 қазан -4 қараша -Эль-Аламейннің маңында (Мысыр) екінші шайқас өтті, британдық әскерлер неміс пен итальяндық қарулы күштерге қарсы шабуылға шықты.
11 қараша - Неміс және итальян әскерлері Францияның оңтүстік аймағы менКорсика аралын басып алды.
19 қараша -Сталинград маңындағы Қызыл Әскердің қарсы шабуылы.Ұлы Отан соғысында, сондай-ақ бүкіл екінші дүниежүзілік соғыста түбегейлі сынудың басталуы.