12 ақпан - Салаита Хилл шайқасында (Шығыс Африка науқаны ) –Оңтүстік Африка және Британ империясының басқа әскерлері Шығыс Африкадағы немістердің қорғаныс позициясын ала алмады.
8 -9 Наурыз - Панчо Вилла (Мексикалық революционер) 500-ге жуық мексикалық рейдерлерді Колумбусқа,Нью-Мексикоға шабуыл жасап , 12 американдық сарбазды өлтірді. АҚШ-тың әскери гарнизоны тойтарыс беріп, оларды кері қайтарды.
22 наурыз - Қытайдың уақытша императоры Юань Шикай тақтан бас тартады және қытай Республикасы қайта қалпына келеді.
16 мамыр -Ұлыбритания менФранция бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін жәнеОсман империясы француз және британдық ықпал ету салаларына бөлінгеннен кейін Осман империясының Араб жерлерін бөлетін Құпия Сайкс-Пико келісімін құрды.
4 шілде -Жетісуде қазақ пен қырғыз халықтарын майдан шебінің артындағы жұмыстарға жұмылдыру туралы хабарландырудан кейін ұлт-азаттық көтерілістің басталуы.
18 қараша - Сомма шайқасы ең жойқын шайқастардың бірі ретінде аяқталды. Шайқаста үш миллионнан астам адам шайқасты, олардың миллионнан астамы жараланды немесе қаза тапты. Ешбір мемлекет өзін жеңімпаз деп жариялаған жоқ.
23 қараша - Шығыс майданда Румынияның астанасыБухарестті Орталық державалар әскерлері басып алды .
1916 ж. Эйнштейн кеңістіктің, уақыттың және тартылыс күштерінің физикалық теориясы – жалпы салыстырмалық теорияны тұжырымдады. Бұл теория тартылыс теориясының жаңа кезеңінің басталуы болды.