Movatterモバイル変換


[0]ホーム

URL:


Мазмұнға өту
УикипедияҚазақша ашық энциклопедия
Іздеу

Әкімшілік

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Әкімшілік

  1. елдегі басқару қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың жиынтық атауы;
  2. елбасының, басқа да мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық үйымдардың жұмысты басқаруды ұйымдастыратын қызметкерлер құрамы;
  3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдарының жүйесіне кіретін жергілікті атқару органының атауы.

Әкімшіліктің ұйымдық құрылымы оның жергілікті мемлекеттік биліктің атқарушы органы ретіндегі қызметінің міндеттері мен құзыреттері арқылы айқындалады. Әкімшілік кімнен, оның орынбасарларынан, басқармалардан, бөлімдерден және т.б. қызмет бөлімшелерінен тұрады. Әкімшіліктің құрылымын облысты, ауданды, қаланы басқарудың жобасына сәйкес анықтап, әкімнің үсынуыменмәслихат бекітеді. Жергілікті атқару органдарының экономикалық және қаржылық негізгі әкімшілік-аумақтық бірліктердің меншіктерінен, жергілікті бюджеттің қаражатынан, жергілікті салықтардан, бюджеттен бөлінетіндотаңиялар менсубвенңиялардан, мемлекеттік алымдардан, қаланың, ауданның меншігіндегі мүлік үшін төленетін жалдамалық ақылардан, кәсіпорындардан алынатын салықтардан және басқа да төлемдерден құралады. Әкім жергілікті бюджеттен басқа бюд¬жеттен тыс қор құра алады. Оған иесіз және тәркіленген мүліктерден түскен табыстар, сенбіліктер өткізуден, жер¬гілікті займдар, лотереялар таратудан, аукциондардан түскен пайда кіреді. Әкімшілік бюджетті жоспарлап, қалыптастыру, жүмсау, шаруашылық қызметті ұйымдастыру, көлік пен байланыс, жер пайдалану, табиғатты қорғау, табиғи ресурстарды жөнімен пайдалану, тұрмыстық қызмет көрсету, сауда, түрғын үй,коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік- мәдени қызмет көрсету (білім беру,денсаулық сақтау, тұрғындарды әлеуметтік қорғау, т.б.), заңдылықты, құқықты, тәртіпті қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғау құзыретін иеленеді.[1]

Әкімшілік -

  1. кең мағынада - мемлекеттік басқарудын атқарушы және үлестіруші органдары, атқарушы билік органдарының жоғары лауазымды тұлғаларынын жиынтығы;
  2. РФ-дакрай,облыс,автономды облыс,автономды округ,аудан,қала деңгейіндегі атқарушы билік органдарының кең таралған, ресми атауы;
  3. АҚШ мен бірқатар басқапрезиденттікреспубликалардағы мемлекет басшысының жанындағы министрлер кабинетінің атауы.[2]

Дереккөздер

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
  1. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.ISBN 9965-32-491-3
  2. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006. - 569 б.ISBN 9965-808-89-9
Бұл мақаланы Уикипедиясапа талаптарына лайықты болуы үшінуикилендіру қажет.
Бұл мақалада еш сурет жоқ.

Мақаланыжетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
Суретті мыннан табуға болады:

  • осы мақаланың тақырыбына байланысты суретОртақ қорда табылуы мүмкін;
  • мақаланың өзге тіл уикилеріндегі нұсқаларын қарап көріңіз;
  • өзіңіз жасаған суреттіжүктеңіз (авторлық құқықпен қорғалған сурет қоспаңыз!).


Мақала бастамасыБұл — мақаланыңбастамасы.
Бұл мақаланытолықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияғакөмектесе аласыз.

Бұл ескертудідәлдеп ауыстыру қажет.
«https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=Әкімшілік&oldid=2078255» бетінен алынған
Санаттар:
Жасырын санат:

[8]ページ先頭

©2009-2025 Movatter.jp