Адамзат тарихы бойы көп болғанпатриархат қоғамдарындағы әйелдердіңгендерлік рөлі жиі олардың мүмкіндіктеріне және қабілетіне шектеу қоятын, осы себептен қазіргі замандағы елдің көбіндегендерлік теңсіздік әлі де бар. XX ғасырда біраз қоғамның әйелдерге қойған ереже мен заңдары жеңілдетілді де, әйелдер сол кезден бері түрлі мансаптар мен білім алу орындарына қол жеткізді.Әйелдерге қарсы зорлық-зомбылық, отбасы, не қоғамдастық ішінде болсын, біраз қоғамдарда әлі де бар және жиі еркектер тарапынан орын алады. Кейбір әйелдердіңрепродукциялық құқығы жоқ.Феминизм қозғалыстары мен идеологиялары мақсатынжыныстар теңдігіне қол жеткізу қылды.
Кейбір әйелдер —трансгендер әйелдер, бұл дегеніміз олар туғанында еркек еді.[2] Кейбір әйелдер —интерсекс, бұл дегеніміз олардың анатомиясы көпшілік мақұлдаған әйелдер анатомиясына келе бермейді.[3][4]
Әйел сөзі қазіргі заманда адамның ұрғашын да, отбасыдағыкүйеудіңжұбайын да білдіре алады.[6]
Бұрын, әйел сөзінің орнынақатын сөзі қолданылатын.Түркітанушы Талғат Жұмағанбетов сөзінше, XX ғасырға дейінқатын деп белгілі адамдардың қыздары мен әйел жұбайларын атайтын, алайда қазіргі заманда бұл сөз көбіне жағымсыз мағына береді.[7][8]
Ересек әйел адамның (сол жақта) фотографиясы, жанындаересек еркек адам бейнеленген.Жүкті әйел
Әйел мен еркек адамдардың биологияларындабірнеше айырмашылық бар.Жыныс мүшесі сияқты кейбір ерекшелігі көрінетін болса, ішкі анатомия мен генетика сияқты ерекшеліктерді адам өз көзімен байқай алмайды.
Көбіне, әйелдердің гендерінде екі X-хромосомалар бар. Еркектерде бұның орнына X пен Y деген екі түрлі хромосомалар табуға болады.[9]Ұрықтың бастапқы даму кезеңдерінде ұрықтардың бәрінде де 6–7 аптаға дейін әйел сыртқы жыныс ағзалары (гениталиясы) болады, бірақ кейін ер ұрықтардағыSRY генінің әсерінен бұл сыртқы жыныс ағзаларыатабезге айналады.[10] Әйелдердің жыныстық ерекшеленуіжыныс гормондарының қатысуынсыз жүреді.[10] Адам баласыныңмитохондриялық ДНҚ-ны анасынан алған себебіненгенеалогиядағы адамның ана бабаларын табу жеңілдеу.
Қыздардың көпшілігіменархені 12–13 жасында бастан кешеді,[12][13] одан кейін оларжүктілік пенбала туу қабілетіне қол жеткізеді. Жүктіліканалық жыныс жасушасыныңспермадан ұрықталуы себебінен орын алады. Бұғанжыныстық қатынас және жасандыұрықтандыру жол бере алады.[14] Өзге ірі жануарлар сияқты адамдар көбіне бір жүктіліктен бір-ақ балаға ғана өмір береді, алайда оларды өзге ірі сүтқоректілерден нәрестенің дамымай туатыны ерекшелейді, яғни, нәресте аса әлсіз және қабілетсіз болып дүниеге келеді, өсейгеніне дейін өмір сүруі үшін ата-аналарының көмек пен қолдауын қажет етеді.[15][16] Кейде әйел адамдар бірден бірнеше балаға да өмір бере алады, көбіне бұл балаларегіз болады.[17]
Көбіне 49–52 жастар аралығында әйелдерменопаузаға жетеді. Бұл кезде олардың етеккірі мәңгіге тоқтайды да, олар бала көтеру қабілетінен айырылады.[18][19][20] Басқа сүтқоректілердің біразынан ерекшелігі, әйел адамдар менопаузадан кейін де біраз жыл өмір кешеді.[21] Біраз әйел осындай кездеәже болады да,немересі, не басқа да туыстарын қарап жүреді.[22] Менопаузадан кейін ұзаққа созылатын әйелдердің өміріне ғалымдар түрлі себеп бола алатын теория береді.
Сүт бездері — өзге де сүтқоректілерге тән аса ерекше дене бөлігі,лактация үшін қолданылады. Ересек әйелдердегіемшек басқа сүтқоректілерден ерекшеленіп тұрады.
Әйелдің басты жыныстық гормоны делінетінэстроген әйел денесінің пішініне үлкен әсер етеді. Эстроген еркек денесінде де, әйел денесінде де пайда болады, алайда әйелдерде оның деңгейі аса үлкен болады, әсіресе бала көтере алатын жасында. Басқа функцияларынан тыс эстроген әйел екінші реттікжыныс белгілерін, мысалға емшек пенсанды дамытады.[26][27][28] Эстроген арқылыжыныстық жетілу кезінде қыздарда емшегі дамиды, саны кеңейеді. Бұл кезеңде қыздардағытестостерон эстрогенге қарсы жұмыс істейді де, кейде емшек дамуын ақырындатады, бұлшық ет пен беттегі шаш дамуын арттырады.[29]
Бала туғанда оның қыз болу ықтималдығы ұл болуынан сәл төмендеу (коэффиценті 1:1,05). 2015 жылғы бүкіл адамзаттың жыныс бойынша бөлінісінде әр 1018 еркек үшін 1000 әйел бар болған.[30]
Интерсекс әйелдер деп біз еркектікі де, әйелдікі де саналмайтынжыныстық мүшесі бар әйелдерді айтады. Бұған қарамастан олардың көпшілігі туғанында әйел деп белгіленеді және бұл іс жиі шулы болады.[31] Интерсекс туған әйелдер басқа әйелдерден жиі көбірекЛГБТ мүшелері болады.[32][33][34][35]
Әйелдердің көпшілігі —цисгендер, яғни олар туғанында әйел делінеді және өзін де әйел дейді. Кейбір әйелдер —трансгендерлер, яғни туғанында олар ерлер еді.[2] Транс-әйелдер кейдегендерлік дисфорияға тап болды, яғни олар гендерлік сәйкестігі мен туған кезіндегі жынысы арасындағы сәйкессіздіктен күйзеліске тап болады, өз денесінде өзін жаман сезінеді.[40] Транс-әйелдер жиіжынысын растайтын қамқорлық (ағылш.gender-affirming care) делінетін әлеуметтік және медициналық көмек арқылы гендерлік дисфорияға қарсы күреседі. Жынысын әлеуметтік түрде ауыстыру қатарына өзіне жаңа есім беру, киім үлгісін өзгерту, қолданатынесімдігін[a] ауыстыру жатады.[41] Жынысын медициналық түрде ауыстыру қатарынаэстроген гормондарын алу және осылайша екінші реттік жыныс белгілерін (емшегі, санын кең қылу) әйелдердікіндей қылу және жынысын ауыстыру бойынша ота жасау жатады.[42][43]
Ерлермен салыстырғанда әйелдердің денсаулығындағы ерекше факторларкөбею жүйесімен байланысты факторларда айқынырақ көрінеді, бірақ жыныс бойынша ерекшеліктер молекулярлық шкаладан мінез-құлық масштабына дейін де анықталған. Бұл айырмашылықтардың кейбірі кішігірім ғана және оларды түсіндіру қиындау; ішінара тән биологиялық факторларды бар қоршаған ортаның әсерінен бөлу қиынға соғады.
Кейбір аурулар көбіне әйелдерге, не мүлдем әйелдерге ғана тиеді. Бұл аурулар қатарындасүт безінің обыры,жатыр мойыны обыры жәнеаналық без обыры сияқтылар бар. Әйелге ғана тән көбею жүйесінің органдарымен жұмыс істейтін медицина саласынгинекология («әйелдер ғылымы») дейді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ)аналардың өлімін «әйелдің жүкті болған кезінде, не жүктілік аяқталғаннан кейін 42 күн ішінде қайтыс болуы, жүктіліктің ұзақтығы маңызынсыз» деп түсіндіреді. Ол, оған қоса, жүктіліктің ұзақтығы анықтаманы өзгертпейді деген.[44] 2008 жылы ДДСҰ жыл сайын жүктілік пен босанудың асқынуынан 500 000-нан астам әйел қайтыс болатынын және кем дегенде жеті миллионнан астамы ауыр денсаулық проблемаларына тап болатынын, ал 50 миллионнан астамы босанғаннан кейін ауыратынын хабарлады. Акушерлік біліктілікті арттыруды қолдау үшін ДДСҰ Қауіпсіз Ана Болу үшін Әрекет (Action for Safe Motherhood) акушерлерді оқыту бағдарламасын құрды.[45]
2017 жылы ана өлімінің 94%-ы табысы төмен және төмендеу орта табысы бар елдерде орын алған. Ана өлімінің шамамен 86%-ыСуб-Сахаралық Африка менОңтүстік Азияда орын алады, Суб-Сахаралық Африкада шамамен 66% және Оңтүстік Азияда шамамен 20%. Ана өлімінің негізгі себептерінепреэклампсия менэклампсия, қауіптіаборт жасау,безгек жәнеАИТВ/ЖИТС-тен жүктіліктің асқынуы, босанғаннан кейінгі ауыр қан кетуі мен инфекциялар жатады.[46]
Қызғылт: Туғанында әйелдердің еркектерге қарағанда өмір сүру ұзақтығы үлкен елдер. Көк түсті елдерде бұл көрсеткішЖИТС себебінен керісінше.
Әйелдерғұмырының болжалды ұзақтығы көбіне ерлердікінен ұзақ болады. Бұл артықшылық қыздың туған сәтінен бар; қыз нәрестенің тұңғыш жылы бойы тірі қалуы ұл нәрестемен салыстырғанда ықтималдырақ.[47] Дегенмен, бұл орын мен жағдайға байланысты өзгереді. Мысалы,әйелдерге қатысты кемсітушілік нәтижесінде Азияның кейбір бөліктерінде әйелдердің өмір сүру ұзақтығын қысқарған, сондықтан ол жердегі ер адамдар әйелдерге қарағанда ұзағырақ өмір сүреді.[47]
Өмір сүру болжалды ұзақтығының айырмашылығы ішінара биологиялық артықшылықтарға байланысты және ішінара ерлер мен әйелдер арасындағы жыныстық мінез-құлық айырмашылықтарына байланысты деп саналады.[47][48] Мысалы, әйелдердіңтемекі шегу және абайсыз көлік жүргізу сияқты зиянды мінез-құлықпен айналысу ықтималдығы аз, сондықтан мұндай себептерден алдын алуға болатын мезгілсіз өлім аз болады.[47]
Ұрпақ жаңғырту денсаулығы — әйелдің ұрпақ табуы және көбею жүйесіне қатысы бар құқығы. Гинекология және акушерлік халықаралық федерациясының анықтамасы Ұрпақ жаңғырту денсаулығын осылай түсіндіреді:[49]
...әйелдердің адам құқықтары қатарына олардың өз сексуалдық және репродуктивті денсаулығына басшылық етуі, соның ішінде еш мәжбүрлеусіз жыныстық қатынасқа қатысты мәселелерді еркін шешуі құқығын қамтиды. Әйелдер мен ерлер арасындағы жыныстық қатынас және ұрпақты болу мәселелерінде тең қарым-қатынастар келісімді және ортақ жауапкершілікті талап етеді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2010 жылдан 2014 жылға дейінгі деректерге сүйене отырып, жыл сайын әлемде 56 миллион түсіктің (барлық жүктіліктің 25%) орын алатынын хабарлайды. Олардың 25 миллионға жуығы қауіпті деп танылды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы дамыған аймақтарда әрбір 100 000 қауіпті түсік үшін 30-ға жуық әйел өлетінін және дамушы аймақтарда бұл сан 100 000 қауіпті түсік жасатқаннан 220 өлімге дейін және Суб-Сахаралық Африкада 100 000 қауіпті түсік жасатқаннан 520 өлімге дейін өсетінін хабарлайды. Бұл өлімдерге ДДСҰ осы себеп береді:[50]
қауіпсіз абортты шектейтін заңнама;
керек қызметтердің қолжетімсіз болуы;
отаның қымбат бағасы;
қоғамдық стигма;
денсаулық сақтау қызметкерлерінің қарсылығы;
қажетсіз талаптар, соның ішінде ананы күткізу, жалған мәлімет пен қажетсіз медициналық тест сияқтылар.
Ұлттықсалт-дәстүр,әдет-ғұрыпқа байланысты қазақ әйелі әдепті, мейірімді, қамқоршы болуы тиіс,күйеуін әр кез сыйлап, оған қарсы сөйлемеуі керек. Сондай-ақ, ол тек қана күйеуін емес, жалпы қайын жұртындағы адамдарға құрмет көрсетіп, қабақ шытпай, иіліп тұруы керек. Белгілі бір қауымның мүшесіне айналған әйел күйеуінің жақындарымен, яғни, қайын жұртына туысқандық жақын адам ретінде қоғамдық-әлеуметтік, экономикалық, күнделікті қатынаста қат-қабат байланыста болады және оның көшпелі ортада қалыптасқан ұстанымдары мен өзіндік этикалық нормаларын сақтауға міндеттеледі. Атап айтқанда:қайын ата - күйеуінің әкесі;қайын ене - күйеуінің шешесі,қайын аға - күйеуінің ағасы (жақын ағалары);қайын бике - күйеуінің әпкесі (жақын әпкелері);қайын інісі - күйеуінің інісі (жақын інілері); қайын сіңлі күйеуінің қарындасы (жақын қарындастары); абысын - қайын ағасы мен қайын інісінің әйелдері; жезде аға —қайынбикесінің күйеуі;күйеу - қайынсіңлісінің күйеуі сияқты күйеуінің етене жақын туысқандарымен бірге сол ауылға, әрісі сол төңіректегі қауымға келін болып саналады. Дәстүрлі ортада қалыптасқан моральдық-этикалық нормаларға сай келін жасы мен жолы үлкен көзі тірі туысқандарын ғана емес, дүниеден озған аталарының (кейде әжелерінің) атын атамауға тиіс, олардың атын тергеп, ат қояды. Қазақ әйелдері ертеде күйеулерінің атын тура айтпай мырза, отағасы, үлкен кісі деп атаған.
Қазақтар ырым-тыйымға қатты мән берген және оған қатысты ғұрыптық наным-сенімдер ел арасында кеңінен орын алған. Мысалы, қазақ әйеліне қатысты төмендегідей ырымдарды кездестіруге болады. Қазақ халқы үш әйел тастаған еркекті жақтырмайды. Оның қолынан балаларына дәм татырмайды. Жамандығы бастарына келеді деп ырымдайды. Сондай-ақ, өлген ер адамның сүйегіне ерлер, әйел адамның сүйегіне әйелдер түседі. Өлген адамды жоқтап жылағанда, әйел адамдар шашын жайып жіберіп жыласа ішіндегі шері тарқайды деп сенеді. Әйел еш уақытта еріне қол жұмсамауы кeрек, күш көрсетіп, таяқ ала жүгірмейді және сес көрсетпеуі тиіс. Ұрысқанда тілдеп, бетке түкірмейді. Бұлай істеген әйелдің ақ некесі бұзылады, өзінен-өзі талақ болады деп есептейді. Жайшылықта ер кісілердің жүресінен отыруын жаман ырымға балайды. Бұл қаралы жағдайды, өлім-жітімді еске түсіреді. Қайғы үстіндегі ерлер, серігінен айырылған кісілер осылай қара тұтып отырады. Сондықтан ер адамдар құйрығын жерге басып отыруға тиіс. Ал әйел адамдардың жүрелеп отыруы - жақсы ырым. Әйелдердің биязы түрімен ибалы бейнеде жүрелеп отыруы ерлерге, үлкен кісілерге көрсеткен құрметі болып саналады. Қазақ танымында ер адам жүрелесе - ауылға қатер төнеді, әйелдер жүрелесе - ауылға ибалық орнайды деп біледі. Әйел еркектің алдында төсін ашып, жарқыратып отырмайды. Бұлай істесе,сұқ көз қадалады, тіл тиеді. Соның салдарынан төсі қарайып, омырауы іседі. Тас емшек болып, омырауынан сүт қашады. Сүт болмаған соң, құт та болмайды, құшағы суық, бауыры тас болады деп жориды. Сондықтан да бала емізгенде де бөгде адамға көрсетпей, етегін жауып отырып емізетін болған. Қазақ әйелдері өзінің басына салып жүрген жаулығын басқаларға бермейді. Олай етсе, басымдағы бақ басқаға көшеді деп ырымдайды. Сонымен қатар, әйел адам кешке, қараңғы түскеннен кейін сыртқа жалаңбас шықпайды, өйткені қараңғы түскен кезде жын-шайтандар әйел адамның шашына жабысып, үйге бірге келеді деп ырымдаған. Жерік болған әйелжерік асын жеуі керек. Жерігі қанбаған әйелдің баласы су ауыз болып туылады, ондай бала суайт болады деген ырым бар. Жаңа босанған әйел үйге кірген итке "шық!" демейді. Бұлай істесе әйелдің тісі түсіп қалады, бойынан қайраты кетеді деп біледі.[51]
↑Әлем тілдерінің біразында үшінші жақ есімдіктері (Ол,оның) жыныс бойынша ерекшеленеді. Мысалы, туғанында ер болған ағылшынтілді транс-әйел өзініңhe (еркектерге қолданылатынол есімдігі) есімдігінshe (әйелдерге қолданылатыны) дегеніне ауыстыра алады.
↑"Relative weight and race influence average age at menarche: results from two nationally representative surveys of US girls studied 25 years apart". Pediatrics111 (4 Pt 1): 844–850. 2003. doi:10.1542/peds.111.4.844. PMID12671122.
↑Menopause: Overview(ағыл.). Eunice Kennedy Shriver National Institute of Child Health and Human Development (28 June 2013). Тексерілді, 8 наурыз 2015.Мұрағат көшірмесі 2 сәуірдің 2015 Wayback Machine мұрағатында
↑Cohen-Kettenis, PT (2005). "Gender change in 46,XY persons with 5alpha-reductase-2 deficiency and 17beta-hydroxysteroid dehydrogenase-3 deficiency.". Archives of Sexual Behavior34 (4): 399–410. doi:10.1007/s10508-005-4339-4. PMID16010463.
↑Furtado P. S. (2012). "Gender dysphoria associated with disorders of sex development". Nat. Rev. Urol.9 (11): 620–627. doi:10.1038/nrurol.2012.182. PMID23045263.
↑Kevin L. Nadal,The Sage Encyclopedia of Psychology and Gender (2017,Script error: No such module "Catalog lookup link".Script error: No such module "check isxn".), p. 401: "Most cultures currently construct their societies based on the understanding of gender binary—the two gender categorizations (male and female). Such societies divide their population based on biological sex assigned to individuals at birth to begin the process of gender socialization."