Movatterモバイル変換


[0]ホーム

URL:


Мазмұнға өту
УикипедияҚазақша ашық энциклопедия
Іздеу

Ұшақ тасығыш

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Әлем мемлекеттерінің заманауи ұшақ тасығыштары

Ұшақ тасығышұшақтарды, тікұшақтарды қондырып алып жүретін аса қуатты, ірі соғыс кемесі, авиацияның жылжымалы базасы. Ол ұзақ мерзім бойы мұхит пен теңіз кеңістіктерінде еркін жүзіп жүре алады, әрі ұрыс жүргізуге арналған. Ол өзіндегі ұшақтардың ұшып шығуын, қайта келіп қонуын қамтамасыз ете алады.[1]

Қазіргі заманда оларды соққы беретін, сүңгуір қайыққа қарсы және атом ұшақ тасығыштары деп бірнеше түрге бөледі. Ұшақ тасығыш бортында ядролық оқ-дәрінің көптеген түрі сақталады. Ұшақ тасығыштар 1-дүние жүзілік соғыста (1914–1918) қолданылды. 2-дүние жүзілік соғыста (1939–1945) ол АҚШ, Жапония, Ұлыбритания флоттарының соққы беретін басты күші болды. Ракета қаруы дамып отырған қазіргі жағдайда ұшақ тасығыш өзінің маңызын жойып келеді, алайда оны америкалық мамандары әзір қарулы күш құрамынан шығаруға болмайды деп есептейді. Алайда қазіргі таңда кемеге қарсы қолданылатынЦиркон зымырандарының шығуына байланысты бұл кемелерді қорғау үшін көп қаржы жұмсалуда.

Қазіргі кезде әлемде осы санаттағы 47 кеме бар. Оның ішінде 11 кеме АҚШ-қа тиесілі, екі-екіден Үндістанға, Ұлыбританияға, Қытайға, біреуі Ресейге және Францияға, қалғаны басқа елдерге тиесілі.

Қазақстан Қарулы Күштерінде авиатасығыш қолданыста жоқ.[2]

Ұшақ тасығыштың түрлері

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
  • Супер ұшақ тасығыш — 50 000–100 000 тонна ығыстырылған және қазіргі уақытта әрдайым дерлік атомдық установкасы бар ірі ұшақ тасығыш атауы. Осы қатарға АҚШтың ұшақ тасығыштары жатады.
  • Орташа ұшақ тасығыш — Бұл ығыстырғышы 30 000–50 000 ұшақ тасығыштарыдың атауы. Осы қатарғаРесей,Франция,Ұлыбритания,Қытай,Үндістан,Италия ұшақ тасығыштары жатады.
  • Жеңіл ұшақ тасығыш — Бұл ығыстырғышы 10 000–30 000 ұшақ тасығыштарыдың атауы. Осы қатарғаТайланд ұшақ тасығышы жатады.

Ұшақ тасығыш тізімі

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Қазіргі уақытта қызмет көрсететін үшақ тасығыш тізімі

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
Тақта нөміріНазваниеМемлекетҚызметтеҚосымша ақпарат
CVN-68«Нимиц» АҚШ03.05.1975
CVN-69«Дуайт Эйзенхауэр» АҚШ18.10.1977
CVN-70«Карл Винсон» АҚШ13.05.1982
CVN-71«Теодор Рузвельт» АҚШ25.10.1986
CVN-72«Авраам Линкольн» АҚШ11.11.1989
CVN-73«Джордж Вашингтон» АҚШ04.06.1992
CVN-74«Джон Стеннис» АҚШ09.12.1995
CVN-75«Гарри Трумэн» АҚШ25.07.1998
CVN-76«Рональд Рейган» АҚШ12.07.2003
CVN-77«Джордж Буш» АҚШ10.01.2009
CVN-78«Джеральд Форд» АҚШ31.05.2017
CV-16«Ляонин» Қытай25.09.2012
CV-17«Шаньдун» Қытай17.12.2019[3]
R08«Куин Элизабет» Ұлыбритания07.12.2017
R09«Прнц Уэльс» Ұлыбритания10.12.2019
R31«Викрамадитья» Үндістан16.11.2013
IAC-1«Викрант» Үндістан[4]28.07.2022
550«Кавур» Италия27.03.2007
R91«Шарль де Голль» Франция18.05.2001
C110-4«Шахид Багери» Иран05.02.2025
911«Чакри Нарубет» Тайланд27.03.1997

Құрылыс, қайта құру немесе сынау процесінде

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
Тақта нөміріНазваниеМемлекетҚызметтеҚосымша ақпарат
CVN-79«Джон Ф. Кеннеди» АҚШ~2025
CVN-80«Энтерпрайз» АҚШ~2027
CV-18«Фуцзянь» Қытай[5]?
063«Адмирал флотын Кеңес Одағының Кузнецов» Ресей[6]~2025
«MUGEM» Түркия?

Дереккөздер

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001
  2. Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х
  3. Қытай өзі құрастырған ұшақ тасығышты қарулар қатарына қосты (18 желтоқсан 2019 жыл).
  4. Ең үлкен әскери кеме INS «Vikrant» 2 қыркүйекте пайдалануға беріледі.
  5. Қытай үшінші әуе кемесін ұшырды! «Фуцзянь кемесі» деп атаңыз! (30 наурыз 2023 жыл).
  6. ТАВКР «Адмирал Кузнецов»: құрылысы және болашағы (1 қантар 2025 жыл).
«https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=Ұшақ_тасығыш&oldid=3440515» бетінен алынған
Санаттар:

[8]ページ先頭

©2009-2025 Movatter.jp