АҚШ-та Ұлы жазықтардаСолтүстік Дакота,Оңтүстік Дакота,Монтана,Вайоминг,Колорадо,Небраска менКанзас штаттары, сондай-ақ неғұрлым оңтүстік штаттар:Оклахома,Нью-Мексико менТехас орналасқан. Өте ежелгі заманда Ұлы жазықтардың көпшілік бөлігін ішкі теңіз алып жатқан, шөгінді жыныстар жер бетінің астында горизонталь қабаттар түзеді. КлиматынаТынық мұхиттан желмен келетін ылғалды жібермейтінКордильера таулары үлкен әсер етеді. Қыста қар аз түседі, жазы құрғақ, нөсер жауындар сирек жауады, күшті желдердің әсерінен шаңды дауылдар болып тұрады.
Солтүстік Дакотадағы бизон ескерткіші
Бұрынғы замандарда Ұлы жазықтар жалпы саны 50 млн-нан асатынбизондардың алып үйірлері жайылып жүрген, дүние жүзіндегі Ұлы далалардың бірі болған. Бұл далалардың даңқы құнарлы топырағымен шықты, ол XIX ғасырдың басынан бастап қарқынды түрде жыртыла бастады. Ұзақ жылдар бойы жыртқыштықпен пайдалану және шаңды дауылдар топырақтыңэрозияға ұшырауына әкеп соқты. Алайда шаруашылықтың қазіргі заманғытехнологиясы мен суландырудың нәтижесінде солтүстік америка далалары қыруар мал үшін жайылым, сондай-ақ бидай, қара бидай, арпа тәрізді дақылдар мен жоңышқа себілетін егіс даласы ретінде тиімді пайдаланылуда. Мұнда дүниежүзілік нарыққа шығарылатын бүкіл астықтың 75%-дан астамы өсіріледі. Дегенмен бұл аграрлық штаттарда өнеркәсіптің дамуы мен пайдалы байлықтарын өндіруге де үлкен көңіл бөлінеді. Мысалы, Оңтүстік Дакотадан алтын өндіріледі, ал Солтүстік Дакота, Небраска мен Канзаста мұнай мен газдың ірі кен орындарын игеру жұмыстары жүргізілуде.[1]
↑Қазіргі дүние географиясы: Хрестоматия. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқу құралы. / Қ. Ахметов, Т. Увалиев, Г. Түсіпбекова. —Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007.ISBN 9965-36-216-5