Movatterモバイル変換


[0]ホーム

URL:


Мазмұнға өту
УикипедияҚазақша ашық энциклопедия
Іздеу

Қуаңшылық

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Қуаңшылықтан тілімделген жер

Қуаңшылық -ауа температурасының күрт көтерілуі мен ылғалдың шұғыл азаюы әсерінен туатын күрделіметеорологиялыққұбылыс.[1] Ұзақтығы әр түрлітабиғи зонада түрліше болады.

Қуаңшылық тудыратын факторлар

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Қуаңшылық зардабы

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
Толық мақаласы:Орман өрті
Толық мақаласы: Топырақ эрозиясы
  • Малдың өсуіне зор нұқсан келтіреді;
  • Қуаңшылық аймақ тұрғындарын экономикалық күйзеліске ұшыратады.

Қазақстандағы қуаңшылықтар

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Ұлы Октябрь социалистік революциясынан дейін қуаңшылыққа қарсы қолданылатын агротехникалық шаралар кешені болмағандықтан, қуаңшылық аяғының жұтқа айналған кезеңдері (әйгілі Қоян, Мешін, Жылан,1880,1892, т.б. жылдар) болды,мал өсіруге зорнұқсан келтіріп,елді қатты күйзелтті.

Толық мақаласы:Жұт

Қазақстанда1950,1957,1961,1965,1967,1968,1974,1977 жылдары және1952,1953,1969 жылдарытамыз,1977 жылымаусым,1956,1962,1974 жылдарышілде,1980 жылымамыр айларында қуаңшылық болды. Кейбір жылдары қатарынан бірнеше айға созылды.1955 жылы - 2 ай (мамыр,маусым),1975 жылы - 3 ай (маусым,шілде,тамыз).

Қазақстандағы қуаңшылық себебі

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

ҚазақстанғаИран,Ауғанстан аймақтарында қалыптасатын,қысымы өте жоғары, құрғақ және ыстықантициклон өтіп,жаз бойы сақталады.Сібірден келетін ылғалды салқын ауа жоғары қысымды антициклонды бұзып өте алмай тоқтап қалады. Осылардың салдарынан Қазақстан даласында қуаңшылық болып тұрады.

Қазақстанның атмосфералық қуаңшылық картасы.

[2]

Қуаңшылықпен күрес

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Қуаңшылық әсерін кеміту үшін атмосфераның жер бетіне жақынқабатындағыылғал менжылу балансын реттеу мақсатында жерді арнайыагротехникалық әдіспенжырту,егістікті суару,қар тоқтату,ағаш алқабын жасау,астық тұқымын қолайлы уақытқасебу сияқты шаралар жүргізіледі. Қуаңшылықтабиғаттың күрделі құбылысы, сондықтан көрсетілген шаралар кешенін қолдану қуаңшылықтың зиянды зардабын бәсеңдетуге септігін тигізеді.

Дереккөздер

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
  1. ҚазССР. Қысқаша энциклопедия, 2-том. Алматы - 1987.
  2. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет.ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.),ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
  • Агрономия негіздері (авторлар: Жаңабаев Қ., Арыстанғұлов С.) Астана - 2010. 352бет.ISBN 978-601-292-059-8
«https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=Қуаңшылық&oldid=3409068» бетінен алынған
Санаттар:
Жасырын санат:

[8]ページ先頭

©2009-2026 Movatter.jp