Movatterモバイル変換


[0]ホーム

URL:


Мазмұнға өту
УикипедияҚазақша ашық энциклопедия
Іздеу

Ядролық қару

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Ядролық қару – жаппай қырып-жою қаруы.

Дүние жүзіндегі ең бірінші атом бомбаларының бірі - Mk17, салмағы 20т (1950 жылдар)

Атом бомбасы — авиациялықядролық бомбаның алғашқы атауы. Оның әрекеті жарылғыш тізбекті ядролық бөлінуі реакциясына негізделген.Термоядролық синтез реакциясына негізделген сутек бомбаның пайда болуымен жалпы "ядролық бомба" деген термин орнықты.[1]

Ядролық қару орталығы

Ядролық қарудың өзінен, оны жеткізетін құралдардан (зымыран,торпедо,ұшақ,артиллериялық атыс), сондай-ақ қарудың нысанаға дәл тиюін қамтамасыз ететін әр түрлі басқару құралдарынан тұрады. Ол – ядролық және термоядролық болып бөлінеді.

Ядролық қару

Ядролық қару жаппай қырып-жою құралы ретінде қысқа мерзім ішінде әкімшілік орталықтарды, өнеркәсіп және әскери нысандарды, әскерлер тобын, флот күштерін талқандау, қоршаған ортаны радиоактивтік ластандыру, жаппай бүлдіру, суға батыру, т.б. мақсаттар үшін қолданылады. Ядролық қару адамдарға күшті моральдық жәнепсихологиялық әсер етеді. Оның қуаттылығы тротилдік эквивалентпен бағаланады. Қазіргі заманғы бұл қарудың қуаты ондағантротилден бірнеше ондаған млн. тротилге дейін жетеді. Арнайы әдебиеттерде ядролық қарудың қуаты килотоннамен (кт) және мегатоннамен (мт) де көрсетіледі. Бұл қаруды қарулы күштердің барлық түрлері қолдана алады. Ядролық қару қуаттылығы бойынша стратегиялық, оперативті-тактикалық және тактикалық болып бөлінеді. Ядролық қару жарылған кезде: екпінді толқын, жарықтық сәулелену, өтпелірадиация, радиоактивті зақымдану мен электр-магниттік импульс сияқты зақымданушы факторлар пайда болады.

Екпінді толқын

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Екпінді толқын өз жолында кездескен барлық нысандарға әсер етеді. Мысалы, 100 кт тротилдік эквиваленті бар ядролық жарақ ауада жарылған кезде екпінді толқын жасырынатын орыннан сыртқа, жарылыс эпицентрінен 1,6 км қашықтықтағы адамдарды апатқа ұшыратып, 4,5 км радиустағы көп қабатты тас ғимараттарды толықтай қиратады. Жарылыс кезіндегі жарықтық сәулелену әр түрлі материалдарды балқытады, тұтандырады, түрін өзгертіп, көмірлендіреді. Жанды тіндер әр түрлі дәрежедегі күйіктерге ұшырайды; 1,4 км қашықтықта жасырынған адамдар жарықтық сәулеленуге ұшырайды, 3,5 км-де ауыр дәрежедегі, 3,8 км-де орташа дәрежедегі, 5 км-ге дейін жеңіл дәрежедегі күйікке ұшырайды, 7 км радиуста өрттер шығады.

Өтпелі радиация

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Өтпелі радиация (ядролық жарылыс кезіндегі гамма-сәулелену меннейтрондар ағыны-әсері 10 – 15 с-қа созылады) сәуле ауруының пайда болуына әкеп соғады. 100 кт тротилдік эквивалентті ядролық жарық жер үстінде жарылған кезде жасырынатын жерден тыс орналасқан адамдар 1 км радиуста өлімге ұшырап, 1,7 км-де ауыр дәрежедегі, 1,9 км-де орташа, 2 км-ге дейін жеңіл дәрежедегі күйікке ұшырайды. Қоршаған орта мен онда орналасқан нысандардың радиоактивті зақымдануы ядролық жарылыс бұлтынан және радиоактивтік заттардың түсуінен пайда болады.

Электр-магниттік импульс

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Электр-магниттік импульс (ядролық жарылыстар кезінде пайда болатын қысқа мерзімдік электр және магниттік өрістер) антенналарға, сымдарға, кабельдік тармақтар мен байланыс құралдарына әсер етіп, істен шығарады. Ядролық қарудың жасалуы 20 ғасырдағы ядролықфизиканың дамуымен байланысты болды. 20 ғасырдың 40-жылдарының бас кезіндеАҚШ ғалымдарының тобы ядролық жарылысты жүзеге асырудыңфизика қағидаларын дайындады.

Атом бомбасын сынау

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
Ядролық жарылыс

Бірінші жарылысАламогордодағы сынақ полигонында 1945 жылғы 16 шілдеде жасалды. 1945 ж. тамызда әр қайсысының қуаттыдығы 20 кт болатын 2атомбомбасыЖапонияныңХиросима (8 тамыз) менНагасаки (9 тамыз) қаласына тасталып, үлкен адам шығынына ұшыратты (Хиросимада 140 мыңдай,Нагасакида 75 мыңға жуық адам).КСРО-да академик И.В. Курчатов басқарған ғалымдар тобы ядролық қару жасады. 1947 ж.Кеңес үкіметіКСРО үшінатом бомбасының құпиясы жоқ екендігін мәлімдеді. 1949 ж. тамыздаКСРО-даСемей полигонында біріншіатом бомбасын сынау өткізілді. 1952 ж. 1 қарашадаАҚШ-та қуаттылығы 3 мт термоядролық қондырғы жарылды.Авиациялық бомба түріндегі термоядролық қару АҚШ-та 1954 ж. жасалды.КСРО-да термоядролық бомба 1953 жылдың 12 тамызында бірінші рет сынақтан өткізілді. 50-жылдардың ортасындаАҚШ пенКСРО-да ядролық қаруды әр түрлі қашықтықтарға жеткізуге арналған әр түрлі кластар мен типтердегі тасығыштар жасалды. 1960 ж.КСРО-даҚарулы Күштердің ерекше түрі – стратегиялық мақсаттағы ракеттік әскер құрылды.АҚШ пенКСРО-дан басқа Ядролық қару 1952 ж. 30 қазандаҰлыбританияда, 1960 ж. 13 ақпандаФранцияда, 1964 жылдың 16 қазанындаҚытайда пайда болды. Кейіннен Ядролық қаруғаҮндістан менПәкстан да ие болды. Қазіргі кезде кем дегенде 30 ел ғылыми-техникалық жағынан ядролық қару шығаруға дайын.АҚШ-та 1975 жылдың өзінде 30 мың бірліктен астам ядролық қару-жарақ түрі болды (әскери-әуе, әскери-теңіз күштері мен құрлықтағы әскерлердің иелігіндегі 80 мың стратегиялық және 22 мыңдай тактикалық түрі). Ядролық қаруды межеге жеткізу үшін әр түрлі алыпұшақтар жасалып, олар тұрақты әскери дайындыққа келтірілді. 1976 жылдың қарсаңындаАҚШ-тың стратегиялық шабуылдаушы күштерінің құрамында 1054 құрлықаралық баллистикалық зымырандар (“Титан-2”, “Минитмен-2”, “Минитмен-3”), 400-ден астамұшақтар (В-52 және В-111) болды, 41атомдық сүңгуір қайық “Поларис А-3” және “Посейдон” зымырандарымен жарақтандырылды. Осы тектес атомдық қару түрлері басқа атомдық державаларда да жеткілікті дәрежеде. Сондықтан ядролық қару бүкіл адамзат үшін орасан қауіп болып есептеледі. Мысалы,Америка мамандарының есептеулері бойынша қуаттылығы 20 мт термоядролық қару 24 км радиустағы барлық тұрғын үйлерді жермен жексен етіп, оның эпицентрінен 140 км-ге дейінгі аралықтағы тіршілік иелерін жоя алады.Атом қуатын әскери мақсаттарға қолдануға байланысты қауіпхалықтардың ядролық қаруға тыйым салу жолындағы қуатты қозғалысын тудырады. Ядролық қаруғахалықаралық тыйым салу жолындағы маңызды кезең ауада,кеңістікте, су астында, аспанда Ядролық қаруларды сынауға тыйым салу туралы шарт (1963);мемлекеттердіңАйды және т.б. аспан денелерін қоса алғанда аспан кеңістігін зерттеу және оны пайдалану бойынша іс-әрекет қағидалары туралы шарт (1967), Ядролық қаруды таратпау туралы шарт (1968); теңіздер және мұхиттер түбінде, олардың қойнауларында ядролық қарумен басқа да жаппай қырып-жоятын қаруларды орналастыруға тыйым салу туралы шарт (1971) болып табылады.БҰҰ-ның “Халықаралық қатынастарда күш қолданбау және ядролық қаруды қолдануға түпкілікті тыйым салу туралы” резолюциясы аса маңызды қадам болды. КезіндеКСРО менАҚШ арасында жасалған “ядролық соғыстың туу қаупін азайтудың шаралары туралы келісім” (1971) де үлкен маңызға ие. Ол бойынша кездейсоқ немесе рұқсат етілмеген жағдайда ядролық қаруды қолдануға ескерту қарастырылған.Ракетаға қарсы қозғалыс жүйесін шектеу және стратегиялық шабуыл қару-жарағын шектеу саласында кейбір шаралар туралы Уақытша келісім (1972); ядролық соғыстың алдың алу туралы келісім (1973), сонымен қатар ядролық қаруды жер астында сынауға шек қою туралы шарт (1974), т.б. келісімдер бар. 1976 ж. 31 наурыздаКСРО менАҚШмемлекеттері ядролық қаруды жер астында сынауды жүргізбеуге міндеттеме қабылдады. Осы жылыКСРО менФранция кездейсоқ және рұқсат етілмеген жағдайда ядролық қаруды қолдануды ескерту туралы шарт, ал 1977 ж.Ұлыбритания менКеңес Одағы кездейсоқ ядролық соғыс туындағанда бетін қайтару туралы келісім жасасты.КСРО-дағы ядролық қаруды сынаудың барлық түрлері негізіненСемей полигонында өтті. ОлҚазақстанның солтүстік-шығыс және орталық аудандарына орасан зорэкологиялық апат әкелді. СондықтанКСРО-ның ыдырауы қарсаңында тәуелсізҚазақстан үшін ең басты мәселе ел аумағындағы ядролық қарудың тағдыры болды.КСРО-ның ыдырауы алдындаҚазақстанда 1040 ұрыс зарядты 104 “РС-20”ракетасы (НАТО классификациясы бойынша – “СС-18”) болды. Әлемдегі ең ауыр құрлықаралық баллистикалықракета (әрқайсысының қуаттылығы 550 кт-дан тұратын 10 ядролық оқтұмсық) Державинка (қазіргіАқмола облысы) мен Жаңғызтөбедегі (ШығысҚазақстан) екі базада орналасты.Семейдің түбіндегі аэродромда 240 қанатты ядролықракетасы бар 40 ТУ-95 МС стратегиялық бомбалаушыұшақ орналасты.Қазақстанда қуатты ядролық ғылыми-өндірістік кешен құрылып, жұмыс істеді. ЕліміздеКСРО-дағы барлық уранның 40%-ы өндірілді. 1994 ж.Қазақстан ядролық қарудан ерікті түрде бас тартты. Осы жылыБудапештте (Венгрия)АҚШ,Ұлыбритания жәнеРесеймемлекеттері басшыларыҚазақстанның тұтастығына, шекарасының өзгермеуіне, елэкономикасына қысым көрсетілмеуіне кепілдік берген құжатқа қол қойды. Олар, егерҚазақстанға қарсы агрессия туындаған жағдайда осы жағдайды талқылау үшін дереуБҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесін шақыруға міндеттенді.
Ядролық қаруға қажеттізарядты жасауғаҚазақстан азаматтары үлес қосқан. 1959 ж. Қазақ тау-кенинститутының (қазіргіҚазҰТУ) МЦ-54 “Түсті, сирек және асыл металдар металлургиясы” мамандығы бойынша бітірген түлектері: Н.Ф. Болонев, Г.Н. Бунин, А. И. Галактионов, Е.В. Космачев, А.К. Кузнецов, Э.П. Куликов, Б.В. Макаренко, С.С. Макаренко, В.М. Розманов, В.П. Статкун, С.В. Стовярский, И.В. Токмачев, Ю.П. ШтефанРесейдіңТомск-7 қаласындағы п/ж ғ153 құпия мекемесіне (қазіргі СХК – Сібірхимия комбинаты) жолдама алды. СХК-да жоғары байытылғануран менплутонийдің негізінде жасалған ядролық материалдармен жұмыс жүргізілді.Қазақстандық мамандар ядролық зарядты жасау технологияларын жолға қою ісіне өз үлестерін қосып,атом өнімдерін жасауға қатысты.

Ядролық қарудың әлемдік қоры

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
1947195219571962196719721977198219871989199220022009
АҚШ3210056444≈26000>31255[2]≈27000≈25000≈23000≈2350022217[2]≈12000≈106005113[3]
КСРО/Ресей050660≈40008339≈15000≈25000≈34000≈38000≈25000≈8600≈2800
Ұлыбритания20270512160[4]
Франция36384384
Қытай25400
Үндістан + Пәкістан<100
Израиль≈200
Барлығы3210557124>3000039563>40000≈50000≈5700063484<40000<20450

Сілтемелер

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001
  2. abПентагон обнародовал данные о величине ядерного арсенала АҚШ
  3. АҚШ обнародовали данные о количестве своих ядерных боеголовок
  4. Великобритания раскрыла данные о своем ядерном арсенале,Lenta.Ru (26.05.2010). Тексерілді 26 мамырдың 2010.

[1][2][3][4]

Дереккөздер

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энциклопедиясы, 10 - том
  2. Атом и оружие, М., 1964;
  3. Ядерный взрыв в космосе, на земле и под землей. Сб. ст., М., 1974;
  4. Уразов Е.Л., Аманжолов К.Р., Муханбеткалиев Х.С., На страже независимости Казахстана, А., 2003.

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
Бұл мақаланы Уикипедиясапа талаптарына лайықты болуы үшінуикилендіру қажет.
«https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=Ядролық_қару&oldid=3424253» бетінен алынған
Санат:
Жасырын санат:

[8]ページ先頭

©2009-2025 Movatter.jp