Бұл мақала әлітексерістен өтпеді. Тексерілмеген мақалалардағы мәліметтер сенімсіз болуы мүмкін.
|
Юи Ёсиока(жап.吉岡 唯 Ёсиока Юи, 26 наурыз 1987),көбінесе Yui ретінде танымал - жапондық поп-/рок-жанрының әншісі, актриса. Фукуока қаласында туылып, сонда өскен. Ол өзі әндерді жазады және гитарада әндерін орындайды. Халықаралық танымалдықты оған «Rolling Star» и «Life» әндеріалып келді. Бұл әндер «Блич» аниме-сериалында қолданылып, бұл анименің басын бастап және аяғын аяқтаған болатын. Сонымен қатар, оның «Again» әні «Fullmetal Alchemist» аниме-сериалының басында қолданылған. Ал 2006 жылы ол «Полночное Солнце» атты фильмінде түсіп, өзінің адам көңіліне жағымды 3 әннің орындаған:«Good-Bye Days», «Skyline», «It’s Happy Line».
Қазіргі таңда Юи «FLOWER FLOWER» атты группаны құрап, өзінің келбетін және киімдегі стилін өзгертті. Юи шашын қысқартты және ақ түске бояп қойды, ұзын шалбарларды кие бастады. Және де ол көзге түсетін бет бояуларды қолданып жүр екен. Жоғарыда айтылып кеткен Юидан басқа топтың құрамында mura☆jun (むらじゅん), mafumafu (まふまふ), sacchan (さっちゃん) бар.
Біраз уақыттан өте келе, топ құралғаннан кейін Юи мен Хирофуми Хатано («People-in-the-box» тобының қатысушысы) далада журналисттердің көздеріне түскен болатын. Суреттер жапондық FRIDAY таблоинда жарық көрген болатын. Ал FRIDAY жапондық таблоид олардың кездесетіні тұжырымын дәлелдеумен қоймаған. Осы кезге дейін Юи туралы ақпараттеар мұндай журналдарда жарияланбаған болатын. Әрине, бұл ақпарат Юидің жанкүйерлерін күйзеліске ұшырауға мұрша берді және де олар Юидің стилі өзгергеніне қарсы ойды ұстанған.