Эмма Шарлотта Дюэрр Уотсон (ағылш.Emma Charlotte Duerre Watson;[1] 15 сәуір 1990 жылы,Мезон-ЛаффиттПариж,Франция) – британдықактриса,фотомодель.
Кинода Гарри Поттер фильміндегіГермиона Грейнджер кейіпкерінің рөлін сомдап танымал болды[2]. 2001-2011 жылы аралығында фильмнің сегіз бөліміне де түскен. Бұдан басқа «Нух» («Noah») және «Момын болуынын артықшылығы» («The Perks of Being a Wallflower») атты фильмдерінде басты рөлдердің бірін сомдаған. Көптеген кино сыйлықтарға ие болған. 2009 жылы Эмма онжылдықтың ең жоғары төленетін актриса ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді[3].
Эмма Уотсон Жаклин Льюсби мен Крис Уотсон ағылшын адвокаттардың отбасында Париж қаласында туылды. Атын әжесінің құрметіне қойған. Бес жасында отбасымен Париждан Англияға көшкен. Әке-шешесі ажырасып кеткеннен кейін Эмма інісімен анасымен тұрды. Оксфордта, Дрэгон атты мектепте оқу бітірген. Мектепте «Юность Артура», «Счастливый принц» және «Алисе в Стране Чудес» деген көріністерде басты рөлде ойнаған. 6 жасында актриса болатының берік түрде шешті. 9 жасында драма үйірмесінің жетекшісі Эммаға «Гарри Поттер и философский камень» деген фильмде Гермиона рөлінде ойнауға кастингке қатысуды ұсынды. Кастингте ұтқаннан кейін, Эмманың өмірі Гарри Поттермен жақын байланыста болды. 2014 жылының мамырында Эмма Браун университетін бакалавр дәрежесінде бітірді.