Movatterモバイル変換


[0]ホーム

URL:


Мазмұнға өту
УикипедияҚазақша ашық энциклопедия
Іздеу

Эдит Вильсон

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Эдит Вильсон
Edith Wilson
Эдит Вильсон
Лауазымы
Ту
Ту
АҚШ-тың Бірінші Ханымы
18 желтоқсан1915 жыл — 4 наурыз1921 жыл
ІзашарыЭллен Вильсон
ІзбасарыФлоренс Гардинг
Өмірбаяны
Дүниеге келуі15 қазан1872(1872-10-15)
Виргиния,АҚШ
Қайтыс болуы28 желтоқсан1961(1961-12-28)(89 жас)
Вашингтон,АҚШ
ӘкесіУильям Холкомб Боллинг
АнасыСалли Уайт-Боллинг
ЖұбайыВудро Вильсон
ҚолтаңбасыҚолтаңбасы
өңдеу Үлгі құжаттамасын қараңыз

Эдит Боллинг Гальт Вильсон (ағылш.Edith Bolling Galt Wilson;15 қазан187228 желтоқсан1961) –Америка Құрама Штаттарының президентіВудро Вильсонның екінші әйелі және1915-1921 жылдары аралығындаАҚШ-тың Бірінші ханымы. «Құпия президент» лақап ат алған, себебі1919 жылы күйеуі инсульт алғаннан кейін бүкіл елді өзі басқарды. Кейбірлер оны «АҚШ-тың бірінші әйел-президенті» деп те атайды.

Өмірбаяны

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
Эдит Вильсонның портреті

Вайтевилл,Виргинияда аймақтық төреші Уильям Холкомб Боллинг пен Салли Уайт Боллингтің отбасында дүниеге келген. Эдит Виргинияның көшпенділердің плантагенеттердің және түпкілікті американдықтардың ұрпағы болды. Оның әкесі жағынан әжесі, Кэтрин Пейн БоллингДжордж Вашингтонның әйелінің туысы болған. ЭдитВиргиниядағы қыздарға арналған дербес мектепте оқыды, содан соңМарта Вашингтонның колледжін бітірді. Әпкесін көруге келген кезде Эдит зергер Норман Гальтті кездестіреді.1896 жылы олар үйленеді.1903 жылы Эдит дүниеге ұлды әкеледі, алайда ол бірнеше күннен кейін қайтыс болады.1908 жылы кенеттен Норман Гальт қайтыс болады. 

Вудро Вильсон және Эдит Вильсон

1915 жылы жесір ГальттіАҚШ-тың президентіВудро Вильсонға Хелен Бонс таныстырды. Хелен президенттің жиені жәнеЭллен Вильсонның қазасынан кейінАқ үйдің қожайыны болды. Вильсонның таңданысы кейін махаббатқа ауласты. Ол оған «бұл уақыт апта, айлармен немесе жылдармен емес, оқиғалармен есептелінеді» деп, ұсыныс жасады. Неке тойы1915 жылы18 желтоқсанда қалыңдықтыңВашингтондағы үйінде өтті. Бұл кішігірім тойда киелі Джеймс Тейлор мен киелі Герберт Скотт Смиттен басқа қырық адам болды. Бал айының екі аптасын жұбайлар Хот-Спрингс,Виргинияда өткізді.

1916 жылы суретшіАдольфо Мюллер-Ури (1862-1947) миссис Вильсонның портретін салады. Бұл сурет президенттің бөлмесінде тұрған. 

Өмірінің соңы

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

1921 жылы Вильсон қызметтен кеткен соң, Эдит күйеуіменВишингтонда тұрады. Ол оған1924 жылы қайтыс болғанға дейін қамқор болды.

Эдит Вильсон1961 жылы28 желтоқсандаВудро Вильсонның туылуына 105 жыл толған күніжүрек жетіспеушілігінен қайтыс болды. Қайтыс болған күні олВудро Вильсонның көпірінің ашылу салтанатына барған. Күйеуінің қасында көмілген. 

Сілтемелер

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
Бұл үлгіні қарауБұл үлгіні талқылауБұл үлгіні өңдеу

Марта Уошингтон •Эбигейл Адамс •Марта Джефферсон •Долли Мэдисон •Элизабет Монро •Луиза Адамс •Эмили Донельсон •Сара Джексон •Анжелика Ван Бюрен •Анна Гаррисон •Джейн Гаррисон •Летиция Кристиан Тайлер •Присцилла Тайлер ·Джулия Тайлер •Сара Полк •Маргарет Тейлор •Эбигейл Филлмор •Джейн Пирс •Харриет Лэйн •Мэри Тодд Линкольн •Элиза Джонсон •Джулия Грант •Люси Хейз •Лукреция Гарфилд •Мэри Макэлрой •Роуз Кливленд •Френсис Кливленд •Кэролайн Гаррисон •Мэри Гаррисон •Френсис Кливленд •Ида Мак-Кинли •Эдит Рузвельт •Хелен Тафт •Эллен Вильсон •Эдит Вильсон •Флоренс Гардинг •Грейс Кулидж •Лу Гувер •Элеонора Рузвельт •Бесс Трумэн •Мейми Эйзенхауэр •Жаклин Кеннеди •Леди Берд Джонсон •Пэт Никсон •Бетти Форд •Розалин Картер •Нэнси Рейган •Барбара Буш •Хиллари Клинтон •Лора Буш •Мишель Обама •Меланья Трамп •Джилл Байден
«https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=Эдит_Вильсон&oldid=2974333» бетінен алынған
Санаттар:
Жасырын санат:

[8]ページ先頭

©2009-2026 Movatter.jp