Штамм (нем.stamm – негізі) –морфологиялық және биологиялық қасиеттері бірдеймикроорганизмдердің таза дақылы.Бактериялардың бір түріне жататын әр түрлі Штаммдар өздерінің бірқатар қасиеттері (антибиотиктерге сезімталдылығы, өзгергіштігі, уытты заттарды,ферменттерді түзгіштігі) жағынан бір-бірінен айырмашылығы болуы мүмкін. Штаммдардыантибиотиктер,дәрумендер,ферментер және тағы басқа биологиялық белсенді заттар өндіру мақсатында қолданады. Мысалы, ірі қаралардан бөлініп алынған ішек таяқшасының, олардың шошқадан бөлініп алынған штаммдарына қарағанда бірқатар айырмашылығы болады. Сол сияқты іш сүзегінің қоздырғышы судан бөлініп алынса — су Штаммы, ал қаннан бөлініп алынса –гемоштамм деп аталады. Ауру қоздырғыш микробтардың әр түрлі Штаммдары сырқаттың өту жағдайына (ауыр, жеңіл және тағы басқа) түрліше әсер етеді.
![]() | Бұл мақаланы Уикипедиясапа талаптарына лайықты болуы үшінуикилендіру қажет. |
![]() | Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланыжетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|