Movatterモバイル変換


[0]ホーム

URL:


Мазмұнға өту
УикипедияҚазақша ашық энциклопедия
Іздеу

Швеция

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Координаттар:63°20′00″ с. е.16°52′00″ ш. б. / 63.33333° с. е. 16.86667° ш. б. /63.33333; 16.86667 (G) (O) (Я)
Швеция Патшалығы
швед.Konungariket Sverige
БайрақЕлтаңба
Ұран:«För Sverige i tiden»
Әнұран:«Du gamla, Du fria»(тыңдау (ақп.))
Швецияның орналасуы (қою жасыл):
Еуропада (ашық жасыл және қою сұр)
Еуроодақта (ашық жасыл)
Тарихы
ҚұрылдыX ғасыр
Тәуелсіздік күні6 маусым1523 жыл (Кальмар униясынан)
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тіліШвед тілі[1][2]
ЕлордаСтокгольм
Ірі қалаларыСтокгольм,Гётеборг,Мальмё,Уппсала
Үкімет түріКонституциялық монархия
Патша
Премьер-министрі
Карл XVI Густав
Ульф Кристерссон
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті
Әлем бойынша 55-ші-орын
450 295 км²
8,7
Жұрты
• Сарап (2019)
Тығыздығы

10 302 984[3] адам (89-шы-орын)
23 адам/км² (198-ші-орын)
Экономикасы
ЖІӨ (АҚТ)
 • Қорытынды (2019)
 • Жан басына шаққанда

563,882 млрд.[4] $ (39-шы-орын)
54,628[4] $ (15-ші-орын)
ЖІӨ (номинал)
 • Қорытынды (2019)
 • Жан басына шаққанда

528,929 млрд.[4] $ (23-ші-орын)
51,242[4] $ (12-ші-орын)
АДИ (2018) 0,937[5] (өте жоғары) (8-ші-орын)
ВалютасыШвед кронасы (SEK)
Қосымша мәліметтер
Интернет үйшігі.se
ISO кодыSE
ХОК кодыSWE
Телефон коды+46
Уақыт белдеулері+1, жазда +2

Швеция (швед.Sverige (ақп.)), ресми атауы —Швеция Патшалығы (швед.Konungariket Sverige (ақп.)) —Еуропада орналасқан ел.Скандинавия елдерінің бірі. Швеция Корольдігі —Солтүстік ЕуропадағыСкандинавия түбегінің шығысы мен оңтүстігін алып жатқан мемлекет. Cолтүстік-батысындаНорвегиямен, солтүстік-шығысындаФинляндиямен шектеседі. Оңтүстік-шығысынБалтық теңізі, ал оңтүстік-батысынЭресунн бұғазы (ШвецияныДаниядан бөліп тұр) менКаттегат,Скагеррак бұғаздарының сулары шайып жатыр.

Швецияның лендерге бөлінуі

Швецияның иелігіне сондай-ақ Балтық теңізіндегіГотланд пенЭланд аралдары мен бірнеше ұсақ аралдар да кіреді. Аумағы 449964 км2. Халқы 10,1 млн. Швецияның ұлттық құрамы негізінен бір текті. Халқының 91%-ыншведтер құрайды. Сонымен біргефинндер (3%),саамдар,норвегтер,даттықтар (6%) тұрады. Ресми тілі —швед тілі. Дінге сенушілердің көпшілігі —лютеран шіркеуінің өкілдері (94%),католиктер (1,5%),мұсылмандар мениудаизм дініндегілер де бар. Астанасы —Стокгольм қаласы. Ірі қалалары:Стокгольм,Гетеборг,Кальмар,Упсала,Мальме,Хельсингборг (қала халқының үлесі 83%-ды құрайды). Әкімшілік-аумақтық жағынан 21ленге (губернияға) бөлінеді. Швеция тарихи-географиялық жағынан үшке:Геталанд (оңтүстігінде),Свеаланд (елдің орталық бөлігі),Норландқа (Швецияның ең үлкен аймағы, ел аумағының 60%-ын алып жатыр, солтүстік бөлігі) бөлінеді. Швеция —конституциялық монархия. Мемлекет басшысы —король (Карл XVI Густав, 1973 жылдан). Жоғарғы заң шығарушы органы — бір палаталыпарламентриксдаг. Жоғарғы атқарушы органы —үкімет. Ұлттық мейрамы — швед туының күні, 6 маусым (1503). Ақша бірлігі —швед кронасы.БҰҰ-ның (1946), Солтүстік кеңестің (1952),Еуропа кеңесінің (1995),Еуропа Одағының (1995)Шенген аймағының (1996),НАТО (2024) мүшесі.

Табиғаты

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Географиялық жағдайы

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Швеция ЕуропаныңАтлант мұхиты бойы аймағында,қоңыржай белдеудің солтүстік бөлігінде (тайга мен аралас ормандардың, елдің қиыр оңтүстік — жайпақ жапырақты ормандар белдемшелерінде) орналасқан. Жағалаулары негізінен онша биік емес, жартасты болып келеді.Ботния шығанағының солтүстік және оңтүстік-батыс шеттері аласа, аккумулятивті, құмдауытты жағалаулар. Оңтүстігінде,Сконе түбегінде абразивті жағалаулар басым. Солтүстік және батыс аудандарынальпілік рельеф, жоталар мен тауішілік ойыс телімдері қыраттармен үйлесіп келетін Скандинавия таулары (биіктігі 2123 м-ге дейін,Кебнекайсе тауы) алып жатыр. Оңтүстігінде Скандинавия тауларынан Ботния шығанағына қарай аласаратынНорланд (биіктігі 200 — 800 м) қыраты орналасқан. Қырат терең бөлшектенген, өзен және көл аңғарлары бар. Оңтүстікке қарай Орта швед ойпаты орналасқан, мұнда көлдер көп. Мұздық рельеф формалары кең таралған. Елдің оңтүстігінде жазықтардың радиалдық жүйесімен жекелеген қырқалар мен массивтерге бөлшектенгенСмоланд жоталары жатыр. ШвецияШығыс Еуропа платформасыныңБалтық қалқанының шегінде орналасқан.

Пайдалы қазбалар

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Швецияның жер қойнауы металға бай болғанымен минералдық отынға кедей. Металл кентастары кен орындары магмалық және метаморфтық жыныстардың мол қорымен байланысқан. Шөгінді жыныстардың шектеулігіне байланысты таскөмірдің, мұнай мен табиғи газдың кен орындары жоққа тән. Темір кен орындары кентас қорларының мөлшері жөнінен дүние жүзіндегі ең бай кен орындарының қатарына атады. Темір қорларының 80%-дан астамы шоғырланған негізгі аудан поляр шеңберінің арғы жағында,Лапландияда орналасқан. Түсті металдардың негізгі кен орындары Норланд үстіртінде. Бұл құрамында мыс, мырыш, қорғасын, алтын, күміс, сұр колчедан, күшәла бар кешенді сульфид кентастарының Булиден Кристинеберг аудандағы кен орны, қорғасын (Лайсвалль) мен мыс (Аитик) кен орындары.

Климаты

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

КлиматыГольфстримнің күшті жылылық әсеріне ұшыраған қоңыржай. Елдің солтүстік аудандарындағы климат неғұрлым қаталдау. Орталық және оңтүстік аудандарындағы климат теңіздіктен континенттікке ауыспалы (кей жерлерде — теңіздік). Оңтүстігінде қаңтардағы орташа темпетурасы 0 — 5°С, солтүстігінде –6 — 14°С болады. Жазы салқындау, оңтүстігінде шілденің орташа темпетурасы 15 — 17°С, солтүстігінде 10 — 11°С шамасында. Бүкіл Швеция аумағындағы қыс ұзаққа созылып, жазы қысқа болады. Елдің барлық аумағына қар түседі, алайда қар жамылғысыСконеде бар-жоғы 47 күн, алКоресуандода 170 — 190 күн бойы сақталады. Таулардағы жылдық жауын-шашын мөлшері 1500 — 1700 мм-ді (кей жерлерде 2000 мм-ге дейін), елдің оңтүстігіндегі жазықтарда 700 — 800 мм-ді, солтүстік-шығыста 300 — 600 мм-ді құрайды. Швецияда қысқа, қар, жаңбыр суларымен толығатын өзендер көп (ең ірілеріДоль-Эльвен,Турне-Эльв,Клар-Эльвен, т.б.). Өзендерінің көпшілігі шығысқа қарай ағып, Ботния шығанағы менБалтық теңізіне құяды. Олар электр қуатын өндіруге кеңінен пайдаланылады (53%), Швецияда аумағы 1 км2-ден асатын 4 мыңнан аса көл бар. Неғұрлым ірі көлдері:Венерн (аумағы 5585 км2),Веттерн,Ельмарен,Меларен, т.б. Норландтағы көптеген көлдер тектоникалық ойыстарда орналасқан.

Флорасы мен фаунасы

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Ормандар ел аумағының жартысынан астамын алып жатыр. Онда негізінен қарағай мен шырша, қайың, көктерек, т.б. жапырақты ағаштар өседі. Оңтүстікте аралас ормандар, ал Сконе түбегінде емен мен шамшаттан тұратын жалпақ жапырақты ормандар өседі. Ел аумағының 14%-ын батпақтар алып жатыр (негізінен Норландта). Скандинавия тауларында 900 — 950 м биіктікке дейін және солтүстікте 350 — 400 м биіктікке дейін тау-тайгалық өсімдіктер, одан жоғарырақ қисық діңді қайыңдар, тундралық өсімдіктер өседі (15%). Ормандарда бұлан, қоңыр аю, қасқыр, сілеусін, түлкі, ақ тиін, сусар, ақ қоян, оңтүстікте борсық, еуропалық кірпі, тундрада сусар, қара түлкі, леммингтер кездеседі. Суда жүзетін құстар кең тараған. 16 ұлттық саябақ пен 850 қорық жұмыс істейді (негізгілері:Абиску,Муддус,Пельекайсе,Сарек-Шефаллет, т.б.).

Тарихы

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
КорольГустав Васа

Швеция аумағында алғашқы адамдар б.з.б. 8 — 9-мыңжылдықта пайда болған. Шамамен б.з.б. 3-мыңжылдықта бұрын аңшылық және балық аулаумен айналысқан халық мал және егін шаруашылығына көшті. Б.з.б. 2-мыңжылдықта құрлықтық Еуропадан Швеция аумағынаүнді-еуропалық тіл тобындағы мал өсіретін тайпалар баса-көктеп кіріп, жергілікті тұрғындарды бағындырды. Б.з. бас кезінде онда солтүстік герман тайпалары (Тацит пен басқа да антикалық авторлардың мәліметі бойынша —свиондар (свейлер),гауттар (геттер,еттер, т.б.) өмір сүрді. Олар әскери көсем - конунгтің билігіне бағынып,Риммен және оның герман провинцияларымен, 5 ғасырдан бастапфранктермен,фриздермен,славяндармен, Балтық бойындағы халықтармен сауда-саттық жүргізді. 8 — 11 ғасырларда швед викингтері сауда жүргізу мен тонау мақсатында көршілес аймақтар менРуське,Византияға,Волга бұлғарлары менхазарларға,Араб халифатына жорықтар жасап тұрды. Алғашқы сауда орталықтары салына бастады. 11 ғасырлардың бас кезінде елгехристиан діні енді. Осы кездесвейлер корольдігі (Свитьод) құрылып, швед халқы қалыптаса бастады. Шведтердің 1240 ж.Нева шайқасындаА.Невский басқарғанорыс және түркі-моңғолдардың біріккен әскерінен жеңілуі олардың шығысқа қарай жылжуын тоқтатты. 1250 — 1363 ж. елдеФолькунгтер әулеті орталықтандырылған мемлекет құрды. Олар көп ұзамай Финляндияны бағындырды. 1397 жылыКальмар униясы бойынша Швеция, Дания мен Норвегия бір монарх — Дания королінің қол астына бірікті. 1471 ж. Швеция Даниядан ішкі автономияны жеңіп алды. Дания үстемдігіне қарсы көтерілістің басшысыГустав Эриксон 1523 жылы. Швеция королі болып (І Густав Ваза) сайланды. 1610 — 12 ж. швед әскерлері Ресейге жасалғанполяк интервенциясына қатысты. 17 ғасырда Швеция Еуропадағы аса қуатты мемлекеттердің біріне айналып, өз иеліктерін кеңейтті. Лифляндия, Солтүстік Германия жерлері қосылып алынып, даттар Скандинавия түбегінен қуылды. Бірақ 1700 — 1721 жылы Ресеймен болғанСолтүстік соғыстың нәтижесінде Балтық жағалауындағы,Карелиядағы (Выборг қаласы) жерлерінен айрылып, ірі теңіз державасы болудан қалды. 18 ғасырлардың ортасында Финляндияның оңтүстік-шығыс бөлігі Ресейге кетіп, 1808 — 1809 жылы орыс-швед соғысынан кейін бүкіл Финляндиядан айрылуға мәжбүр болды. 1814 жылыКиль келісімі бойынша Швецияның құрамына Норвегия енді. 1834 жылы Швецияның тұрақты қарулы бейтараптығы жөніндегі декларация қабылданды. 1905 жылы Норвегиямен жасалған уния бейбіт жолмен бұзылып, Норвегия өз дербестігіне ие болды. 1-дүниежүзілік соғыста Швеция бейтараптығын сақтады. 2-дүниежүзілік соғыс кезінде Швеция бейтараптығын сақтағанымен неміс әскерлеріне өз аумағы арқылы өтуге мүмкіндік берді. Соғыстан кейін 1948 жылы“Маршалл жоспарына” қосылып,АҚШ-тан қаржылай көмек алды. Дегенмен,НАТО құрылғанда Швеция өзінің әскери одақтарға қатыспау саясатын жариялады. Швецияның қазіргі мемлекеттік құрылысы 1974 жылғы конституциямен айқындалған. 1982 жылдан бері Швециядағы үкімет билігінсоциал-демократтар өз қолдарында ұстап келеді.[6]

Швецияның жасыл байлығы

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
Швеция күзі,қазан2005
Сильян көлі

Швед орман өнеркәсібі бұрыннан ағашты мұқият өңдеуімен даңққа бөленген. Ол кесілген ағаш материалдар, фанера, целлюлоза, қағаз экспортында жетекші орын алады, Ел орман өнеркәсібінің негізгі бөлігіВенерн көлі ауданында шоғырланған. Мұнда кең аумақты қылқан жапырақты және аралас ормандар өседі, толып жатқан өзендер ағаштың немесе оның өңделген өнімдерін жағалауға жеткізуге мүмкіндік береді. Өлкецеллюлоза алу үшін қажет таза суға да бай.

Шведорман шаруашылығы — ағаштарды кесу, оларды қайта қалпына келтіру және қайта кесу циклді қарапайым қағидаға келтірілген. Кәдімгі орманда құрап бара жатқан ескі ағаштар жас орман өскіндерін қоректендіреді.Топырақ үздіксіз құнарланып, құрылымы жақсара түседі. Ағаш ретінде кесілетін орман алқабында іс жүзінде: ағаштың діңі, бұтақтары, тамырлары, қабықтары түгел дерлік пайдаға асырылады. Швед ормандарынан көптеген қазіргі заманғы техниканы көруге болады. Мысалы, әмбебап ауыр жүк тартушыкомбайн ағаштарды кесу, тамырларды, бұтақтарды қию, діңдерді жинау мен оларды жолға сүйреп шығару жұмыстарын атқара алады. Бұл аспалы құрал-жабдықтары бар және ондаған әр түрлі жұмыстарды орындай алатын нағыз орман комбайны. Желмен толтырылатын үлкен дөңгелектердің арқасында оның топыраққа зиян келтірмейтіні маңызды. Арнайы машиналар ағаш құлатылған жердің өзінде-ақ бұтақтар мен басқа да қалдықтарды бағалы технологиялық ұнтақтарға айналдырады.[7]

Орман шаруашылығының дамуы көптеген әлеуметтік жайттармен күрделене түседі. Швед ормандарына бытырыңқылық пен ала-құлалық тән. Орман алқаптарының жартысына жуығыпомещиктер мен фермерлерге тиісті.

Олардағы телімдер шағын, сондықтанфермерлер ормандарды бірігіп пайдалану мен қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін кооперативтерге бірігеді.Швеция ормандарының 1/4 бөлігі орманөнеркәсібі компанияларының иелігінде, орман массивтерінің 1/5 бөлігі мемлекет меншігінде. Ормандардың қалған бөлігі қоғамдық болып есептеледі. Оған бұғы жайылымдары,ұлттық саябақтар, шіркеулік жерлер, т. б. жатады. Мұндай заңдық және шаруашылық ала-құлалық жағдайда орман шаруашылығын дамытудың көптеген маңызды мәселелерін шешу күрделене түседі.Қатаң табиғат қорғау заңдарына, орманды пайдаланудың мызғымас ғылыми негіздеріне, мамандардың жоғары біліктілігіне қарамастан орман ісін қате, жыртқыштықпен жүргізу жайттары болып тұрады. Әсіресе орман өнеркәсібі компаниялары көптеген тәртіп бұзушылыққа жол береді.

Экономикасы

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Швеция — жоғары дамыған өнеркәсіпті ел. Швецияның кедейаграрлық елден қазіргі заманғы өнеркәсіптік қоғамға айналуы темір кентастары, ағаш пен су қуатына байланысты болды.Ағаш материалдары,қағаз бенболат шығару үшін қолданылған бұлтабиғи ресурстарэкспортқа бейімделген өнеркәсіптің негізін қалады."Швед социализмі" атанған бұл ұлттық экономикалық үлгі капиталистік және социалистік даму жолдарының ең озық қасиеттерін қамтығанжеке меншік үстемдігі бар аралас түрдегінарықтық қатынастарға сүйенеді.

Швецияның негізгі өнеркәсібі

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
Ericssonштаб-пәтері

Швеция өнеркәсібі экспортқа бағытталған, сол себепті оның өнімі елдің барлықсыртқы саудасының негізін құрайды. Швеция негізінен әртүрліқұрылыс материалдарын,жиһаз, құрастырылатын үйлер шығарады. Бұған қосаметаллургия (сапалы және арнаулыболаттар шығару),машина жасау,ағаш өңдеу,целлюлоза-қағаз өнеркәсібі,химия,тағам (негізінен сүт және ет өнімдерін шығару) өнеркәсібі неғұрлым жоғары дамыған. Целлюлоза-қағаз өнеркәсібіБотния бұғазына құятын өзендердің бойына шоғырланған. Өндіріс орындарының көпшілігі Швецияның орталық ауданында орналасқан. Ең ірі“Швед болат компаниясы”концерні мемлекет меншігінде. Машина жасау саласына барлық өнеркәсіп өнімдерінің 50%-ына жуығы тиеді.Автомобиль жәнеаэроғарыш өнеркәсібінің зауыттары оңтүстік және орталық Швецияда шоғырланған. Автомобиль өнеркәсібі “Volvo” (“Вольво”) компаниясының зауыттарыГетеборгте, ал“Saab-Scanіa” (“Сааб-Шаниа”) компаниясының зауыттарыТролльхаттенде орналасқан.Дәрі-дәрмек жасау менбиотехнология салалары — швед экономикасының ең үрдісті және болашағы зор өнеркәсіп салалары. 1994 — 1996 жылдары Швециядағы дәрі-дәрмек рыногы 15%-ға өсті. Швед компанияларыонкология,гастроэнтерология,кардиологияда қолданылатын дәрілерді шығаруға маманданған.Электр жәнеэлектрондық өнеркәсіпСтокгольм менВестерос қалаларына шоғырланған. Сондай-ақ Стокгольмтелекоммуникация жәнетұрмыстық электр аспаптарын шығаратын“Erіcsson” (“Эрикссон”) және “Elektrolux” (“Электролюкс”) компаниялары бүкіл дүние жүзіне белгілі. Аграрлық швецияның жетекші саласы — етті-сүттіірі қара мал өсіру. Ірі қара мал бүкіл Швеция аумағында өсірілсе, шошқа мен үй құстары елдің оңтүстігінде ғана өсіріледі.Егін шаруашылығы үшін бүкіл ел аумағының 7%-ына жуығы пайдаланылады. Өңделетін жерлердің басым бөлігі оңтүстік аудандарда шоғырланған, мұндабидай,сұлы,күнбағыс,картоп егіледі. Тиімді технологияның арқасында Швеция өзініңбидайға,қара бидай мен картопқа деген мұқтаждығын толық қанағаттандырады.Кеме жасау кәсіпорындарыГетеборг,Мальме,Удевалль қалаларында орналасқан. Швеция—орман өнеркәсібі өндірісінің барлық түрлерін экспортқа мол шығаратын ел (Финляндиямен бірге бүкіл дүние жүзіндегі қағаз бен целлюлозаның 10 — 15%-ын өндіреді). Ел аумағының68%-ын ормандар алып жатыр. Елдебанк жүйесі ментуризм жақсы дамыған.

Швеция және Қазақстан экономикалық қатынастары

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
ШвецияШенген аумағының жәнеЕО мүшесі.

1992 жылы 16 қаңтарда Швеция Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін таныды. 1992 жылы 7 сәуірде Қазақстан мен Швецияның арасындадипломатиялық қатынас орнатылды. 2000 жылдың 11 ақпанынан бастап Алматыда Швецияның құрметті консулдығы жұмыс істейді. 2001 жылдың шілдесінде олимпиада жеңімпазы В.Смирнов ШвециядағыҚазақстан Республикасының құрметтіконсулы болып тағайындалды. 1994 жылы 23-25 наурыздаАлматы қаласында “Қазақстандағы Швеция күндері” өткізілді. Швеция мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 2000 жылы 66,5 млн.АҚШ долларын құраса, бұл көрсеткіш 2002 жылы 66,1 млн-ға тең болды. Швециядағыұлттық табысты жан басына шаққандағы жылдық көрсеткіш 24000АҚШ долларына тең (2003). Швеция сыртқа машиналар менқұрал-жабдықтар,қағаз,химикаттар,металдар, темір кентастарын шығарады. Сырттанкөліктік құрал-жабдықтар,минералдық отындар,тоқыма,киім-кешек,аяқ киім,азық-түлік өнімдерін әкеледі. Негізгі сауда серіктестері:Германия,Ұлыбритания,Норвегия,АҚШ,Дания,Франция.[8]

Дереккөздер

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
  1. 1 шілде 2009 жылы
  2. финше,меянкиели,саамша,сығанша жәнеидиш — халқы аз ұлттардың тілдері
  3. Population Statistics Sweden. Retrieved 18 October 2019.
  4. abcdWorld Economic Outlook Database, October 2019. International Monetary Fund.
  5. Human Development Report 2019  (ағыл.) (PDF). United Nations Development Programme (10 December 2019). Тексерілді, 10 желтоқсан 2019.
  6. История Швеции, М., 1974
  7. Қазіргі дүние географиясы: Хрестоматия. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқу құралы. / Қ. Ахметов, Т. Увалиев, Г. Түсіпбекова. —Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007.ISBN 9965-36-216-5
  8. “Малые страны” Западной Европы и страны Северной Европы в 1945 — 2000 жж., М., 2004
 
Швеция
Бұл үлгіні қарауБұл үлгіні талқылауБұл үлгіні өңдеу
Егеменді елдер
АлбанияАндорраАустрияӘзербайжан2БеларусьБельгияБолгарияБосния және ГерцеговинаВатиканГерманияГрекияГрузия2ДанияИрландияИсландияИспанияИталияКипр1Қазақстан1ЛатвияЛитваЛихтенштейнЛюксембургМажарстанМальтаМолдоваМонакоНидерландНорвегияПольшаПортугалияРесей1РумынияСан-МариноСербияСловакияСловенияСолтүстік МакедонияТүркия1УкраинаҰлыбританияФинляндияФранцияХорватияЧерногорияЧехияШвейцарияШвецияЭстония
Мойындалмаған және жартылай
мойындалған мемлекеттер
Тәуелді аймақтар
Дания
Ұлыбритания
Арнайы әкімшілік аймақтар
Финляндия
Норвегия
1 Негізінде Азияда.2 Еуропа мен Азия арасында жүргізілген шекарасы бойынша негізінде немесе толықтай Азияда.
 
Балтық теңізі бойындағы мемлекеттер
Бұл үлгіні қарауБұл үлгіні талқылауБұл үлгіні өңдеу
Мүшелері
Автономды аймақтар
Бақылаушылар
Бұл үлгіні қарауБұл үлгіні талқылауБұл үлгіні өңдеу
 

Мүшелері:АустрияАлбанияАндорраАрменияӘзербайжанБельгияБолгарияБосния және ГерцеговинаГерманияГрекияГрузияДанияИрландияИсландияКипрИспанияИталияЛатвияЛитваЛихтенштейнЛюксембургМажарстанМальтаМолдоваМонакоНидерландНорвегияПольшаПортугалияРесейРумынияСан-МариноСербияСловакияСловенияСолтүстік МакедонияТүркияУкраинаҰлыбританияФинляндияФранцияХорватияЧехияЧерногорияШвейцарияШвецияЭстония

Кандидаттар:Беларусь

Бақылаушылар:АҚШВатиканЖапонияИзраильКанадаМексика

Бұл үлгіні қарауБұл үлгіні талқылауБұл үлгіні өңдеу


ЖерБұл — география бойынша мақаланыңбастамасы.
Бұл мақаланытолықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияғакөмектесе аласыз.

Бұл ескертудідәлдеп ауыстыру қажет.
Мақала бастамасыБұл — мақаланыңбастамасы.
Бұл мақаланытолықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияғакөмектесе аласыз.

Бұл ескертудідәлдеп ауыстыру қажет.
«https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=Швеция&oldid=3341534» бетінен алынған
Санаттар:
Жасырын санат:

[8]ページ先頭

©2009-2025 Movatter.jp