| Хрэ | |
| хре, тямрэ | |
| Бүкіл халықтың саны | |
|---|---|
113 111 | |
| Ең көп таралған аймақтар | |
| Тілдері | |
| Діні | |
Хрэ (хре,тямрэ) —Вьетнамның ресми түрде танылған 54 халқының бірі. Негізінен Биньдинь және Куангнгай провинцияларында тұрады.1999 жылғы санақ бойынша олардың саны 113 111 адамды құрайды.[1]
Мон-кхмер тілдерінің бахнар тобындағыхре тілінде сөйлейді. 20 ғасырдың басынан латын негізіндегі жазу.Вьетнам тілі таралуда.[2]
Дәстүрлі нанымдар сақталған –анимизм, аграрлық культ.
Негізгі дәстүрлі кәсіптері қолмен атқарылатынегіншілік (күріш,жүгері, түйнек, көкөніс және т.б.),мал шаруашылығы (ірі қара),аңшылық,балық аулау жәнетерушілік. Қолөнердің ішінен тоқымашылық пен тоқу дамыған.[3]
Дәстүрлі әлеуметтік ұйым - ауылдық қауымдастық (плей). Отбасы шағын, үлкен отбасының қалдықтары сақталған. Туыстық есеп екі жақты, бесінші ұрпаққа дейінгі туыстар арасында некеге тыйым салынады. Тістерді аралау, жоғарғы алты тісті жұлу әдеттері болған. Ән мен музыкалық фольклор, ертегілер мен дәстүрлер бай.
Тұрғын үйлері қадалы, төртбұрышты, шатыры бар, төбе шатыржалы буйвол мүйіздерімен безендірілген.
Ерлердің дәстүрлі киімі – денені орайтын мата, көйлек, бау, әйелдердікі – екі мата кесіндісінен тұратын ұзын тігілмеген белдемше, күртеше, көкірекше, вьетнамдықтардың дәстүрлі көйлегі (ао заи) кең тараған. Қазіргі вьетнамдық киімдер жиі кездеседі. Ерлер де, әйелдер де күміс пен қоладан жасалған әшекей бұйымдарды көп тағады.[4]
Хрэ ұлты өкілдерінің негізгі тамағы-қарапайым күріш, мереке күндері олар жабысқақ күрішті де жейді. Олар "кан" самогонын, ашытқы жапырақтары бар үй шарабын ішкенді ұнатады. Ерлер мен әйелдер жиі темекі шегеді және бетельді шайнайды.[5]