Хосров ІІ (Хұсрау) Парвиз (сөзбе-сөз — жеңімпаз) (т. ж. б. — 628) — ИрандағыСасани әулетінен шыққан патша (591 — 628). Византия императорыМаврикийдің көмегімен патша тағын иеленген. Маврикийдің кегін алу сылтауымен Византияға қарсы соғыс бастады (602 — 29). Алғашында парсылар жеңіске жетіп, Византияның бүкіл шығыс бөлігін және оңтүстіктегі Египетті басып алды. Бірақ Византия Иранға қарсы соғыста Батыс түрік қағандығымен одақтасты. Түріктердің қолдауымен Византия Кавказға кіріп, парсыларды басып алған жерлерінен кері шегінуге мәжбүр етті. Осыны пайдаланған қарсылас парсы ақсүйектері Хосров ҚҚ-ні биліктен тайдырып, өлтірді.[1]