Movatterモバイル変換


[0]ホーム

URL:


Мазмұнға өту
УикипедияҚазақша ашық энциклопедия
Іздеу

Хазарлар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Хазарлар — ортағасырлық түркі тілді халық.

Мамандардың есептеуіншеШығыс Еуропада 4 ғасырдағұн шапқыншылығынан кейін пайда болған. 6 ғасырдың 60-жылдарыБатыс Түркі қағанатына бағынды. Түрік қағандығы ыдырағаннан кейін СолтүстікКавказ бен Қара теңізі жағалауында 7 ғасырдың ортасына қарай Хазар қағандығын құрды. 8 — 9 ғасырларда Шығыс Еуропада жетекші мемлекет құрған Хазарлар 10 ғасырдан бастап өз ішінде жікшілдікке ұшырап, әлсіреп кетті. Осыны пайдаланған көршілесКиев Русі мен басқа да түркі тілдес ұлыстар (оғыз,печенег, т.б.) тарапынан шапқыншылыққа ұшырап, 10 ғасырдың соңына қарай, тарих сахнасынан мүлдем жойылды.

Мемлекеттілік жойылғаннан кейін жергілікті тайпалар басқа көшпелі түркі халықтарына сіңіп кетті. Хазарлар құрамында түркі тектес халықтардың, әсіресе, Кіші жүз тайпаларының аты (мыс.,керейт,беріш, т.б.) жиі ұшырасады. Араб жиһангезіӘл-Масуди хазарлардыңмұсылман,христиан,иудей дінін қатар ұстанғанын жазған. Белгілі тарихшы М.И. Артамонов Хазар жеріне 8 ғасырдың басында, 9 ғасырдың орта шеніндеВизантия, араб миссионерлері христиан, ислам дінін енгізуге әрекеттенгенімен, қағандықты басқарған хазар нәсілі Обадия иудашылдықты мемлекеттік дін ретінде жариялағанын дәлелдеді. Жалпы - Хазарлардың этнологиялық құрамы жөнінде тарихта әр алуан пікірлер қалыптасқан.Иудаға табынушы ел билеушілерінің мұсылман, христиан дініндегі, сондай-ақтәңіршілдікті тұтынған бұқара халықтан оқшау өмір сүруінің, басқару тетіктерін пайдалана алмауының салдарынан мемлекет ішінде этнографиялық-діни алауыздық өршіп, тұрақсыздық ахуалы белең алған.[1]

Дереккөздер

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998ISBN 5-89800-123-9, IX том
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар:Khazars
«https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=Хазарлар&oldid=2586679» бетінен алынған
Санаттар:
Жасырын санат:

[8]ページ先頭

©2009-2026 Movatter.jp