Федерация (ағылш.Federation,фр.Federation,лат.Federatіo — одақ, бірлестік) —мемлекеттік құрылым түрі.Заң жүзінде саяси дербестігі сақталатын бірнеше субъектінің біртұтас одақтық мемлекет құру формасы. Тұңғыш федерацияАмерика Құрама Штаттары 1787 жылғыконституция бойынша құрылды. Федерация құрамындағы субъектілер федерациясы жоғарғы одақтық органдарын, қарулы күштерін құрайды. Федерация заңдары бүкіл одақ аумағында орындалуы міндеттеледі. Федерацияның жекелеген мүшелерінің (штаттар,кантондар,провинциялар,республикалар, т.б.) өзіндік мемлекеттік құрылымы, заң шығару жоғ. органдары, үкіметі, құқық және сот жүйесі болады. Заңдық тұрғыда белгілі дәрежеде саяси дербестігі бар жекелеген мемлекеттік құрылымдардан құралған күрделі одақтық мемлекет.[1]
Федерация тек ғана ұлттық ерекшеліктер негізінде қалыптаспайды. Дүние жүзіндегі федарацияның көп бөлігі жер (территория) арқылы орныққан. Мысалы,АҚШ,ГФР,Аустрия және т.б. АҚШ-да штаттар, Германияда «жерлер». Ал федерациялық құрылым негізі — ұлт немесе жер аймағы ғана емес; федерацияның негізгі белгісі – егемендік дәрежесі. Егер автономияның, федерация субъектісінің белгілі мөлшерде (Конституция арқылы белгіленген) егемендігі болмаса, онда мемлекттің федерация аталуы да жалған болып шығады.
Босния және Герцеговинаның конституциясы мен заңдары, сондай-ақДейтон келісімі бұл мемлекетті федерация ретінде анықтамайды. Федералдық мемлекеттік құрылым туралы тұжырым (кейбір зерттеушілердің пікірінше бұған конфедерация да жатады, бірақсецессия құқығы жоқ, яғни шыға алмайды) бірқатар сыртқы белгілер негізінде жасалады. Ресми түрде, Босния және Герцеговина — құрамдас бөліктерінің (субъектілерінің) кең өкілеттіктері бар орталықтандырылмаған унитарлық мемлекет.