Тәртіп(лат.disciplina) – адамдардың белгілі бір қауымдастығындағы, тіршілік қарекеті саласындағы реттіліктің, жөн-жосықтылық пен ұйымшылдықтың сапалық сипаты; адам мінез-құлқының қоғамда қалыптасқанқұқық,мораль нормаларына не әлдебір ұйымның жарғылық талаптарына сәйкестігі. Тәртіп тұлғаның ұстамдылығын, іштей ұйымдасқандығын, жауапкершілігін, өз мақсаттарына бағыну мен қоғамдық нұсқауларға (заңдар, әлеуметтік нормалар, қағидалар) бағынуға әзірлігі мен дағдысын қамтиды. Қоғамдық тәртіп адамдардың мінез-құлқы мен жүріс-тұрысына үйлесімді сипат береді, ұжымдық іс-әрекеттің өнімділігін, әлеуметтік инабаттардың қалыпты қызмет атқаруының, тұлғааралық қатынастың дұрыс болуының алғышарты болып табылады.[1]
Тәртіп -қоғамда қалыптасқан құқық, мораль нормаларына немесе қандай да болсын ұйымнын жарлық талаптарына адамдардыңмінез-құлығының сәйкестігін бейнелейтін қандай да болсын қауымдастықта, адамдардың тіршілік әрекетісферасында реттіліктің ұйымшылдықтың сапалық сипаттамасы. Оқушылардың тәртібі - оқу орынында белгіленген тәртіпті қатаң және дәл сақтау, өз міндеттерін,мұғалімдер мен оқушылар ұжымының талаптарын мүлтіксіз орындау, өз борышына саналы қарау.[2]
| Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланыжетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|