| Тидорлықтар | |
| тидоре | |
| Бүкіл халықтың саны | |
|---|---|
60 000 | |
| Ең көп таралған аймақтар | |
| Тілдері | |
| Діні | |
Тидорлықтар —Индонезияда тұратын жалпы саны 60 мың адам болатын халық.[1] Тидоре, Маре аралдарында және Халмахера аралындағы кейбір ауылдарда тұрады.[2]
Тілі -тидоре тілі. Жазуы XVII ғасырдан араб негізінде, XX ғасырдан латын әліпбиіне негізделген.[3]
Дінге сенушілер:сүнниттік мұсылмандар.[4]
Ол өзінің даму кезеңінде (17 ғ-дың басы) Тидор мен Ириан аралдары арасындағы аралдарды, сондай-ақ Ирианның батыс жағалауын, оңтүстігінде Халмахера аралын, Жаңа Гвинеяның батыс жағалауын өзіне қаратып және негізінен, дәмдеуіштер саудасымен айналысты, сондықтан арал сұлтаны Тидор Шығыс Индонезия аумағында сауда жасау мүмкіндігі үшін Тернате аралының тайпаларымен ұзақ уақыт күресті.
16 ғасырдың 20-жылдарында испан отаршылары Тидор аралында орнықты. 17 ғасырдың 60-шы жылдары испан отаршылдарын голландтар ығыстырды, олар 1667 жылы Тидор сұлтанды аралды басқару құқығын Голландиялық Ост-Индия компаниясына беру туралы келісімге қол қоюға мәжбүр етті.1680 жылы жаңа отаршылдар өздерінің сұлтандарын тағайындап, ақыры аралды және оның тұрғындарын бағындырды. 19 ғасырда Тидор аумағы Тернате аралының резиденциясының бөлігі болды.[5]
Қазіргі тидорилықтар копра өсіреді,егіншілікпен (тамыр дақылдары, түйнектер,көкөністер,күріштер) жәнебалық аулаумен айналысады.[6]