Movatterモバイル変換


[0]ホーム

URL:


Мазмұнға өту
УикипедияҚазақша ашық энциклопедия
Іздеу

Ташкент

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Қала
Ташкент
өзб.Toshkent
ТуЕлтаңбасы
ТуЕлтаңбасы
Әкімшілігі
Ел

 ӨзбекстанӨзбекстан

Статусы

Астана

Ішкі бөлінісі

12 аудан[1]

Хәкімі

Шавкат Умрзаков

Тарихы мен географиясы
Координаттары

41°18′ с. е.69°16′ ш. б. / 41.300° с. е. 69.267° ш. б. /41.300; 69.267 (G) (O) (Я)Координаттар:41°18′ с. е.69°16′ ш. б. / 41.300° с. е. 69.267° ш. б. /41.300; 69.267 (G) (O) (Я)

Алғашқы дерек

II ғ. б. э. б.

Бұрынғы атаулары

Шаш (Мадина-аш-Шаш), Бинкет (Бинкат)

Қала статусы

1930 жыл

Жер аумағы

631.29[2] км²

Орталығының биiктігі

455 м

Климаты

қатаң континенталды

Уақыт белдеуі

UTC+5

Тұрғындары
Тұрғыны

3 095 978[3][4] адам (2024)

Тығыздығы

4880.5 адам/км²

Агломерация

5 000 000 шамасы[5]

Ұлттық құрамы

өзбектер — 63,0 %,
орыстар — 20,0 %,
татарлар — 4,5 %,
кәрістер — 3,2 %,
қазақтар — 2,1 %,
ұйғырлар — 1,2 %,
басқалары — 7,0 %[6]

Конфессиялар

мұсылмандар,христиандар,атеисттер және басқалары

Этнохороним

ташкенттік, ташкенттіктер

Ресми тілі

өзбек

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

+998 71

Пошта индексі

100000-100214[7]

Автомобиль коды

01-09

Басқалары
Марапаттары

Ленин орденіҚызыл Ту ордені

tashkent.uz
 (өзб.) (орыс.) (ағыл.)

Ташкент картада
Ташкент
Ташкент
Ташкент шекарасы
Map
Ортаққордағы санаты:Ташкент

Ташкент (өзб.Toshkent, Тошкент) —Өзбекстанның елордасы,Ташкент уәлаятының әкімшілік орталығы, халық саны жөніненТМД елдерінде 3-ші орында,Орталық Азияның ең көне қалалардың бірі.

2024 жылы қаланың ресми түрде тіркелген тұрғын саны 3,1 миллион[8] болды, бейресми деректер бойынша 5 миллионға дейін жетті.

Орта ғасырлар заманында қала «Шаш» деп аталды. Кейінірек ол «Шаш қаласы» деген мағына беретін «Шашкент» деп атала бастады. Канд, қанд, кент, кад, кат, куд, осы жалғаулардың бәрікөне парсы тілінен алынған, ол "қала" дегенді білдіреді. Мысалы,Самарқан,Жаркент,Пенжакент сияқты қалалардың аттары осылай пайда болған.

XVI ғасырдан кейін Шашкент деген атау «Ташкент» деген түрге өзгерді. Түсініксіз ескі атауына қарағанда жаңа атау («Тас қала») халық этимологиясының арқасында түсініктірек бола бастады. Ташкент деген түріорыс тілінің әсерінен қалыптасқан.

Орналасуы

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Ташкент қаласыТянь-Шань тауларының батыс етектеріне жапсарлас жатқан сулы жазықтықта,Шымкент-Самарқан жолының бойында орналасқан. Ташкенттің маңындаШыршық өзені тағы бірнеше өзендермен қосылады, сондықтан қаланың өзі қалың (15 метрге дейін) аллювийлі шөгінді жыныстардың үстінде жайғасқан. Тектоникалық жағынан Ташкент өте белсенді жерде тұр, сондықтан жердің сілкінулері сирек емес. 1966 жылы болған зілзаланың күшіРихтер кестесі бойынша 7.5-ке жетті. Ташкент уақытыГринвич уақытынан 5 сағат алда (UTC/GMT +5). Ташкенттің орналасу координаттары:41°18′N, 69°16′E

Тарихы

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Ташкент қаласыШыршық өзенінің бойындағы,Гүлстан тауларының етегіндегішұраттағы (оазис) елді мекен ретінде пайда болған. Көне замандарда осы жерде «Бейтиəн», Қангөй конфедерациясының жазғы астанасы орналасқан.[9]

Шаш патшалығының б.з.д. 5-ші-3-ші ғасырларда соғылған басты қаласының қамалының пішіні төртбұрышты болған, олСырдария өзенінен 8 километр оңтүстікте орналасқан. Б.з. 7-ші ғасырында Шаш патшалығында шамамен 30 қала мен 50 шақты каналдың желісі болған, соның арқасында олсоғдылықтар ментүркілердің арасындағы сауда орталығына айналды. 8-ші ғасырдыцң алғашқы бөлігінде қаламұсылмандардың билігіне өтті.

Суанзаң қаланың атын«Че-ши» деген түрде жазып қалдырды. Қытайдың Суйшу, Бейшу және Таншу деген жылнамаларында 5-ші ғасырдан бері «Ши» немесе «Чеши» атты бір иеліктің болғаны туралы айтылған [Бичурин, 1950. II т.]

Самани әулетінің заманында қаланың аты«Бинкат» деген түрге енді. Алайда арабтар Бинкаттың айналасындағы аймақты «Шаш» деген ескі атауымен атай берді. Қаланың қазіргі «Ташкент» (Тас қала) деген түркі тіліндегі атауыҚарахандар әулетi билік жүргізген 10-шы ғасырдан бері белгілі.

Хорезмдіктер қаланы 1214 жылы тонады,Шыңғыс ханның әскерлері 1219 жылы оны қайтара тонады.Әмір Темір әулеті және одан кейінгіШайбани әулетінің билігінің кезінде қала қайта жанданып, өркендей түсті.

1809 жылы қаланыҚоқан хандығы қосып алды. Ол кезде Ташкенттің халқы 100 000-ға жетіп, олОрталық Азияның ең бай қаласы болып саналатын. Қала Ресеймен жасалған сауданың арқасында байи берді, бірақ Қоқанның салған салықтары оған ауыр болды. Оның үстіне Ташкенттің дінбасылары Қоқаннан гөрі Бұхараның дінбасыларына оң көзбен қарайтын. Бірақ Бұхараның әмірі бұл жайтты пайдаланып үлгірмеді — орыс әскерлері келіп қалды.

1865 жылдың мамыр айында генералМихаил Черняев қалаға түнгі шабуылды бастады. Қаланың қабырғаларының ұзындығы 25 километр болып, 12 қақпасы[10], қорғаушыларының саны 30 000 болды. Бұл шабуыл патшаның бұйрығына қарама-қайшы жасалды, оның үстіне Черняевтың әскерлері қаланы қорғап жатқандардыкінен 15 есе аз болатын. Кішкене арнайы топ бір жерден шабуыл жасап жатқан кезде басты күш қаланың қамалы арқылы басып кірді, оларды бастаған қолында қресінен басқа түгі жоқ орыс православ священнигі бастап жүрді. Ресей әскері қаланы екі күндік кескілескен ұрыстан кейін қолға түсірді. Орыстың тек 25 жауынгері ғана, қала қорғаушыларынан бірнеше мың адам қаза тапты, солардың арасында —Қоқан хандығының билеушісіӘлімқұл да бар. Қаланың ақсақалдарынан «Ташкент арыстаны» деген лақап алған Черняев жергілікті тұрғындардың сеніміне ие болудың шараларын жүзеге асыра бастады. Ол қала халқын бір жылға алым-салықтардан босатты, қаланы қарусыз аралап, көше мен базарларда жай халықпен тілдесті. Ол өзін «Ташкенттің әскери басқарушысы» етіп тағайындап,ІІ Александрға қаланы Ресейдің қол астындағы тәуелсіз хандық етуге кеңес берді.

Патша Черняев пен оның қарамағындағы адамдарға марапат пен сый-сияпаттарды үйіп-төкті, бірақ Черняевтың тұрақсыз мінезін еске алып, көп ұзамай оны генералКонстантин фон Кауфманмен алмастырды. Ташкентке тәуелсіздік берілмек түгілі, ол жаңадан құрылғанРесей Түркістаны аймағының орталығына айналдырылып, фон Кауфман соның бірінші генерал-губернаторы болып тағайындалды. Ташкенттің жанында орыс поселениесі құрылып, орыс қоныстанушылары мен саудагерлері ағыла бастады. Ресей менҰлыбританияның арасындағы «Үлкен ойын» аттыОрталық Азияның үстінен билік үшін тайталастың кезінде Ташкент тыңшылықтың орталығына айналды. 1889 жылы Каспий темір жолы салынып, оны салған теміржол жұмысшылары Ташкентте қоныстанды. Бұл 1917 жылғы Қазан революциясына алғышарттар дайындады.

20-шы ғасырдағы тарихы

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Абай «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» еңбегінде Шыңғысхан қазақ даласын жаулап алып,Орта Азияға шапқыншылық жасағанда, отырықшыларға айнала бастаған қазақтарды көшіріп ала кеткен: «Сонан соң бұлар бұрынғы Апа тауды қалдырып, Ташкент төңірегіндегі тауларды мекен қылса керек. Шағатай нәсілінің үлкен ханы Ташкентте тұрып. бұларды бір інілері билейді екен...» т. б. тарихи деректер береді.[11]

Ақпан төңкерісінен кейін жарияланғанРесей Уақытша Үкіметі Ташкентте өз билігін орнатуға тырысты. Бірақ ол көпке ұзамады, жергілікті мұсылман қарсылығы жойылды. 1918 жылғы сәуірде ТашкентТүркістан Автономиялық Кеңес Социалистік Республикасының (Түркістан АКСР) орталығы болып жарияланды. Бұл жаңа үкімет ақтардың,басмашылардың және ішкі жауларының шабуылдарына ұшырады. Ташкент 1924 жылы жаңадан ұйымдастырылғанӨзбек КСР-ның үлесіне тиді, ал 1930 жылыСамарқанның орнына Өзбекстанның астанасына айналды.

20-шы-30-шы жалдары қаланың өнеркәсібі қарқындап дами бастады, бірақҰлы Отан соғысы кезінде батыс аудандардан өнеркәсіп орындарының жаппай КСРО-ның шығыс аудандарына көшірілуінің арқасында ерекше қарқынмен дамыды. Сол арқылы қаланың орыс тілді тұрғындарының саны да қатты өсті, соғыс аймақтарынан шамамен 1 миллион адам көшірілді. Орыстардың саны Ташкент тұрғындарының жартысына жетті.

1966 жылғы сәуірдің 26-сында Ташкентте жойқын жер сілкіну болды (Рихтер кестесі бойынша 7.5 балл). 300 000-нан астам адам үйсіз қалды.

1991 жылы Кеңес Одағы ыдыраған кезде Ташкент Кеңес Одағындағы тұрғын саны жағынан 4-ші орында тұрған қала, білім беру, ғылым және техниканың ірі орталығы еді.

Ташкент сол кезде басқа кеңес қалаларынан айырмашылығы шамалы болды, өзінің 2000 жылдан астам тарихының немесеҰлы Жібек Жолының бойындағы маңызды қала болғандығын айғақтайтын орындар аз еді. Қазір Ташкент Өзбекстанның ең көп ұлттар тұратын қаласы,орыс тұрғындарының саны әлі де елеулі. Ташкенттің көшелерін жағалай ағаш көп отырғызылған, қалада фонтандар мен саябақтар көптеп кездеседі.

1991 жылдан бері қаланың экономикасы, мәдениеті мен сырт көрінісі зор өзгерістерге ұшырады. Тарихтағы ең биік Ленин ескерткіші Өзбекстанның картадағы бейнесі сызылған глобус ескерткішімен алмастырылды. Кеңес заманында соғылған ғимараттармен бірге жаңа, осы заманғы ғимараттар пайда болды.

2007 жылы тарихи құндылығы бар мешіттер мен басқа діни ғимараттары көптеп кездесетіндіктен Ташкент Ислам дүниесінің мәдени астанасы болып жарияланды[12].

Қаланың көрнекті орындары

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

1917 жылғы төңкерістен кейінгі болған өзгерістердің нәтижесінде және әсіресе 1966 жылғы жер сілкінуден кейін Ташкент көптеген дәстүрлі сәулеттік мұраларынан айырылды. Алайда онда мұражайлар және кеңес дәуірінің ескерткіштері көптеп кездеседі.

Көкілдаш медресесі

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
Көкілдаш медресесі

Абдулла ханның билік құрған кезіне (1557-1598) жататын бұл мешітті қазіргі таңда Мауараннахр мұсылмандарының діни басқармасы қалпына келтіріп жатыр. Оны кейін мұражайға айналдыру туралы жоспарлар бар, бірақ қазір олмешіт ретінде қолданылуда.

Чорсу базары

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Көкілдаш медресесінің жанында орналасқан бұл базар Ташкенттің ескі қаласының орталығы. Қалаған нәрсеңнің бәрін осы базардан табуға болады.

Телашаях мешіті

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Құранның сақталып отырған ең ескі көшірмесіОсман құраны осы жерде сақталған. Өлтірілген халиф Османның қаны құйылған бұл 655 жылғы ҚұрандыСамарқанға Ақсақ Темір алып келген, кейін оны орыстар әскери олжа ретінде алып,Санкт-Петербургқа әкеткен. Ол 1989 жылы Өзбекстанға қайтарылды.

Князь Романовтың сарайы

Жүніс хан мазары

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

19-шы ғасырда қалпына келтірілген бірқатар 15-ші ғасыр мазарлары. Солардың ең үлкені —Моғол империясының негізін қалаушысыБабурдың үлкен атасыЖүніс ханның мазары.

Төле би мазары

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Төле би Ташкентте жерленген. Оның мазары қазіргі кездеҚарлығаш би мазары деп аталады.

Шымыр ата мазары

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Сабыр Рақымов ауданы, Фараби көшесі бойында орналасқан мазар, аумағы 4 га. Мұнда ҚазақтыңҰлы жүз,Дулат тайпасының бір атасыШымыр руының негізін салушы абыз ата жерленген. Бұл мазар қазіргі кезде Қазақстан үкіметі мен зиялы қауымының демеушілігімен реставрацияланған.

Князь Романовтың сарайы

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Романовтар әулетінің бір мүшесі ұлы князьНиколай Константинович (1850-1918) бір теріс әрекеттері үшін Ташкентке қуылған. Оның сарайы әлі күнге дейін қаланың ортасында тұр. Бір кезде ол мұражай болған, енді ғимарат сыртқы істер министрлігінің қарамағында.

Әлішер Науаи атындағы опера және балет театры

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
Үлкен Науаи театры

Бұл ғимарат — МәскеудегіЛенин мавзолейінің авторы сәулетшіАлексей Щусевтің жобасы бойынша 1940-1947 жылдары салынған. Оған дейін сол орында Воскресенск базары орналасқан болатын. 1947 жылдың қараша айында Әлішер Науаидың 500-жылдығы аталып жатқан кезде театр салтанатты түрде ашылып, оған ұлы ақынның аты берілді.

Тетардың көрермендер залының сыйымдылығы 1400 адам, сахнасының ауданы 540 шаршы метр. Көрермендер залының екі жағында үш қабатта орналасқан алты фойе сол кезде Өзбек КСР-інің құрамында болған алты облысқа бағышталған: Ташкент, Самарқанд, Бұхара, Термез, Хиуа және Ферғана облыстарына. Театр ғимаратының залдарын әрлендіру үшін сәулетші әр облыстан шеберлерді шақырды. Осы театрды жасағандағы сіңірген еңбегі үшін Щусев 1948 жылғы КСРО мемлекеттік сыйлығын алды.

1940 жылы басталған құрылыс жұмыстарысоғыстың басталуымен тоқтап, 1943 жылы жалғасты. Соғыстан кейінгі жылдары театр ғимаратының құрылысы негізінен сол кезде Ташкентте болған жапон соғыс тұтқындарының күшімен жүргізілді.

Өзбекстанның өнер мұражайы

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Бұл мұражайда Өзбекстанның көне заманғы өнерінің көптеген үлгілері сақталған, соның ішінде соғдылық қабырға өрнектері, буддалық мүсіндер және зороастризм өнерінің туындылары. 19-20-шы ғасырлардың өнер туындылары, мысалысузани деп аталатын тігісті кілемшелері . Ұлы князь РомановЭрмитаждан өзінің Ташкенттегі сарайын әрлеу үшін «уақытша» алған, бірақ сол күйі қайтармай қойған суреттер де көрерменнің қызығушылығын тудыра алады. Мұражайдың артқы жағындағы кішкене саяжайда 1917 жылғы төңкерістің кезінде және 1919 жылғы Осипов бүлігінің кезінде қаза тапқан большевиктердің және Өзбекстанның алғашқы басшысыЮлдаш Ахунбабаевтың қабірлері бар.

Қолданбалы өнер мұражайы

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Бұл музей патша заманындағы бір бай дипломат үшін салынған үйде орналасқан. 19-шы-20-шы ғасырдың қолданбалы өнер туындыларының жиынтығынан гөрі үйдің өзі көбірек назар тартады.

Қолданбалы өнер мұражайы

Тарихи мұражай

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Ташкенттегі ең үлкен мұражай, бұрынғы Ленин мұражайында орналасқан.

Әмір Темір мұражайы

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Жалтыраған көк күмбезді, іші ерекше көркем әсемделген бұл бір зәулім ғимарат (оң жақтағы фотода бейнеленген). Ішінде көрерменнің назарын Әмір Темір менИслам Каримовтың көрмесі өзіне тартады. Мұражайдың сыртындағы бақта салт атты Ақсақ Темірдің ескерткіші орнатылған.

Науаи әдеби музейі

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Өзбек халқы өзінің көрнекті әдеби тұлғасы ретінде қастерлейтінӘлішер Науаидың атындағы бұл мұражайда көне қолжазбалар,парсыхұснихат үлгілері және 15-ші ғасыр миниатюралары сақталған.

Қала мекемелері

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
  • ТашкенттеОрталық Азиядағыметро желісі орналасқан (Астана менАлматыныңметро желісі әлі салынып жатыр).
  • Ташкент әуежайы Өзбекстандағы ең үлкен әуежай болып табылады. Ол қаланыАзия,Еуропа жәнеАмерика құрлықтарымен байланыстырып тұр.
  • Ташкенттегі ең үлкен алаң — Тәуелсіздік алаңы, бұрын онда бүкіл Кеңес одағындағы Лениннің ең биік (30 метр) ескерткіші тұрған. 1992 жылы Лениннің мүсіні Өзбекстанның картасы көрсетілген жер шарының бейнесімен алмастырылған.
  • Бірнеше америкалық және еуропалық консалтинг фирмаларының ғимараттары.
  • Орталық Азиядағы ең биік ғимарат,Ташкент телевизиялық мұнарасы.

Экономикасы

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Қала экономикасының басты саласы — машина жасау: «Ташкент трактор зауыты», «Ташсельмаш», «Узбексельмаш», «Таштекстильмаш», «Узбекхлопкомаш», «Ташкент экскаватор зауыты», "Ташкент электр машина жасау зауыты,Ташкент тепловоз жөндеу зауыты, Чкалов атындағы ұшақ жасау зауыты (ТАПОиЧ) және тағы басқалары.

Электронды техника жасап шығаратын зауыттар бар:резисторлар,интегралды схемалар және басқа бөлшектерді жасап шығаратын «Фотон», «Спутник», «Миконд» зауыттары, Ташкент радиоэлектронды аппаратура зауыты және Ташкент электронды есептеуіш машиналары зауыты «Алгоритм», автоматтандырылған басқару жүйелері мен байланыс құралдарын жасап шығарушы Ташкент электромеханикалық зауыты[13].

Сонымен біргежеңіл (мақта-мата, тоқыма, аяқкиім және т.б. шығаратын), құрылыс,химия, мұнай-химия, химия-фармацевтика,тамақ өнеркәсіптері де дамыған.

Қала әуе, теміржол және аутокөліктері қатынасының ірі орталығы болып табылады.

Білім беру, мәдениет және ғылым салалары

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Қалада 21университеттет және басқа жоғары оқу орындары бар:

Өзбекстан Ғылымдар Академиясы Ташкентте орналасқан.

Ташкентте көптеген ғылыми және конструкторлық мекемелер орналасқан: Өзбекстан ҒА физика-техника институты, Электроника институты, Ұлығбек кентінде орналасқан Ядролық физика институты[14] және тағы көптеген басқалары[15]..

БАҚ

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Қала көлігі

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
  • Автобус
  • Трамвай
  • Такси
  • Метро
  • Троллейбус

Бауырлас қалалары

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Қала туралы қызықты мәліметтер

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
  • Ташкент телевизиялық мұнарасыОрталық Азиядағыең биік ғимарат болып табылады. Биіктігі 375 метр, дүние жүзіндегі 9-шы орында;
  • Ташкентте 19-шы ғасырдың екінші жартысына дейін құл базары болған.Мұрағатталған 29 ақпанның 2008 жылы. Онда адамдар еркін сауда-саттыққа салынып, малға, үй мүлігіне айырбас жасалып отырған;
  • 19-шы ғасырдың соңында Ташкенттің төңірегіндегі өзендердің қамыс тоғайларындажолбарыстар тіршілік еткен[16];
  • Сонау 1895 жылдың өзінде Ташкентте «Туркестанский кружок любителей археологии» («Түркістан археология әуесқойларының үйірмесі») деген ұйым құрылған болатын. Оның өз алдына қойған мақсаты «Түркістан өлкесі шеңберінде ежелгі заман ескерткіштерін зерттеу, сипаттау және қорғау» болатын. Бұл ғылыми қоғам 20 жыл бойы (1916 жылға дейін) өлкенің тарихы бойынша дүркін-дүркін бюллетендер шығарып отырды[17].
  • 1915 жылы ТашкенттеМұрағатталған 28 шілденің 2013 жылы.Орталық Азиядағы алғашқы қуатты ұшқынды қабылдау-тарату радиобекеті іске қосылды.[18];
  • 1870 жылғы сәуірдің 28-інде Ташкентте«Туркестанские ведомости» («Түркістан ведомостары») газеті шыға бастады. Ол 1917 жылға дейін шықты;
  • 1870 жылдың маусым айында кейін Өзбекстанның Әлішер Науаи атындағы Ұлттық кітапханасына айналған «Түркістан кітапханасы» ашылды.
  • 1874 жылғы желтоқсан айында Ташкентте қалалық су желісі іске қосылды[19].
  • Тұрғын саны жағынан ТашкентКСРО қалаларының ішінде 4-ші орында болса да, қаланың алып жатқан аумағы жағынан Мәскеуден кейінгі 2-ші орында болатын. Бұның себебі — қалада 1 қабатты үйлердің көптігі.
  • 1997 жылы Ташкенттің жаңа хайуанханасы салынды. Оның ауданы 23 гектар, бұнда 415 түрге жататын 3000-нан астам жануарлар жиналған.

Спорт

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Атақшы велосипедшіДжамолидин Абдужапаров және футболшы Вассилис Хаципанагис осы қалада туған. Теннисші Денис Истомин осы қалада туып, сонда тұрып жатыр.

Тағы қараңыз

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
  1. Ташкент қаласының аудандары.
  2. Справка о городе на официальном сайте хокимията г. Ташкент. Басты дереккөзіненмұрағатталған 30 наурыз 2018.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 29 наурыз 2018.  (орыс.)
  3. Ташкент қаласының тұрғын саны.
  4. [https://kun.uz/97794504 Тошкентда яшовчи доимий аҳоли сони 3 миллиондан ошди
  5. Агломерация Ташкента.
  6. Сведения о населении города на официальном сайте хокимията г. Ташкент. Басты дереккөзіненмұрағатталған 22 қазан 2013.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 27 тамыз 2012.  (орыс.)
  7. Почта Узбекистана. Город Ташкент.  (орыс.)
  8. Ташкент қаласының тұрғын саны.
  9. Pulleyblank, Edwin G. 1963. «The consonantal system of Old Chinese.»Asia Major 9 (1963), p. 94.
  10. Ташкенттің 12 қақпасы.
  11. Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы,ISBN 5-7667-2949-9
  12. http://mnweekly.ru/world/20070524/55252222.html
  13. КУЛЬЧИК Юрий Генрихович, РЕСПУБЛИКА УЗБЕКИСТАН В СЕРЕДИНЕ 90-х ГОДОВ на сайте IGPI.RU
  14. Учёные и конструкторы Узбекистана. О физиках ТашГУМұрағатталған 28 шілденің 2013 жылы.
  15. Учёные и конструкторы Узбекистана. Ветераны Ташкентского КБ МашиностроенияМұрағатталған 18 қарашаның 2007 жылы.,О здании Ташкентского КБ Машиностроения(қолжетпейтін сілтеме)
  16. 1879 жылдың қаңтарында Бесағаш қақпасының маңында қаңғып жүрген жолбарыс Ташкенттің және көршілес қыстақтардың тұрғындарына көп қиындық туғызған. Қаланың сыртына шығып отын жинау мүлдем мүмкін болмай қалды. Зәңгіата ауылының тұрғындары жыртқыштың көзін құртпақ болып оны аңдып тұрғанда, жолбарыстың өзі оларға бас салып, бір адамды өлтіріп, екі адамды ауыр жарақаттады.
  17. СПРАВОЧНИК НАУЧНЫХ ОБЩЕСТВ РОССИИ. Туркестанский кружок любителей археологии
  18. Радиобекет орналасқан үйдің фотосуреті(қолжетпейтін сілтеме)
  19. НИВА, 1875, №9, стр.143. Разные известия. Городская хроникаМұрағатталған 9 маусымның 2007 жылы.

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар:Tashkent
Бұл үлгіні қарауБұл үлгіні талқылауБұл үлгіні өңдеу
Тәуелді аймақтар жәнежартылай мойындалған елдеркөлбеу жазумен белгіленген
Солтүстік және Орталық АзияОңтүстік АзияОңтүстік-Шығыс АзияБатыс және Оңтүстік-Батыс Азия
*Трансқұрлықтық мемлекеттер.
Иерусалим қаласы Израильдың да, Палестинаның да астанасы болып табылады. Тель-Авив — Израильдың халықаралық түрде мойындалған астанасы;
Рамалла Палестина автономиясының әкімшілік орны болып табылады.
«https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=Ташкент&oldid=3511242» бетінен алынған
Санаттар:
Жасырын санат:

[8]ページ先頭

©2009-2026 Movatter.jp