Синоним (гр.synonymos — мағыналас, мәндес) — тұлғалары әртүрлі, мағынасы жақын сөздер.
Тілдердің дамып жетілуі, оның сөз байлығынан, оралымдағы синонимдерінің молдығынан көрінеді. Синоним ретінде жұмсалатын мәндес сөздер тобы синонимдік қатар немесе синонимдікұя деп аталады.Синонимдік қатар құрамындағы мағыналық тұрғыдан ұйыстырып тұрған сөзді тірек сөз не доминант дейміз.
- Синонимдік қатарға енген сөздердің мағыналық тұрғыдан айырмасы болады. Мысалы, құлшыну — белсену, соғыс — ұрыс, жабу — кілттеу, қуану — шаттану сөздерінің мағыналық салмағы әртүрлі.
- Синоним сөздерді үш түрлі белгілері арқылы тануға болады:
- мағыналық реңк (бала — перзент, ұстаз — мұғалім, келбет — түр);
- стильдік реңк (еліру — желпілдеу, ақсақал — қария);
- сөз қолданысындағы реңктер (өмір — ғұмыр, биік тау — бойшаң адам).
- Синонимдер мынадай жағдайларда қолданылады:
- мәтінде бір рет пайдаланылған сөзді қайталамау үшін;
- бір ұғымды түрлі белгілермен жан-жақты сипаттау мақсатында;
- мағыналас екі сөз қатар келсе, алдыңғысы соңғысын анықтап, мағынасын күшейтеді. Мұндай сөз қолданысынплеоназм дейді. Мысалы, заңғар биік тау, құр бекер жүру;
- Синонимдерфразеологизмдерде кездеседі. Мысалы, Бармақ шайнап, сан соғып, құсамен өткен өмір ғой — бұл да бір.
- Сөздің орнына оның жеке түсінігінперифраза тәсілімен сипаттау арқылы; Мысалы,Астана деудің орнына Қазақстанның астанасы;
- Мағынасы жағымсыз сөздердіэвфемистік тәсілмен жұмсартып, жеңілдетіп айту. Мысалы, өлді — о дүниелік болды, қартаю — жасы ұлғаю, т.б.
Стилистикалық синонимдер — стилистикалық жағынан ерекшеленетін синоним сөздер.[1]
Мысалықазақ тілінде бет деген сөздің 24 синонимы (түр, бет, келбет, ажар т.с.) бар екен[2]
| Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланыжетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз. Суретті мыннан табуға болады: - осы мақаланың тақырыбына байланысты суретОртақ қорда табылуы мүмкін;
- мақаланың өзге тіл уикилеріндегі нұсқаларын қарап көріңіз;
- өзіңіз жасаған суреттіжүктеңіз (авторлық құқықпен қорғалған сурет қоспаңыз!).
|