Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Cикхалардың белгісі
Сикхалар - XV-XVI ғғ.Үндістандағымұсылмандар мен үнділіктерді біріктіруге шақырған жаңа ілім негіздерін уағыздағанНанак есімімен байланысты ілім, ол сикхалар ілімінің негізін қалаушы болып есептеледі. Нанак ислам дінінен құдай - бұлжақсылық пенмахаббат, жетекші гурудің басшылығымен құдаймен бірігуге ұмтылу қажет идеясын алды. Сикха -оқушылар, яғнигуру Нанак ізбасарлары дегенді білдіреді. Сикхалар барлық адамдардың құдай алдында теңдігін, осыдан келіп касталық жікке бөлушіліктен толығымен азаттықты уағыздады.
Сикхаларкасталық пенбрахмандарға, олардың салт-жораларына қарсы. Олар әйелдер мен еркектердің өмірге белсене араласуын уағыздады. Гуру Нанак каста бүғауынан босаудың белгісі ретінде ортақасхана мен ортақ тамақтану принципін енгізген. Сикхалармешіт сияқты гурдваларда жиналатын болған. Гуру Нанак әйелдер теңсіздігіне,көп әйел алушылыққа және өзін-өзін өртеуге қарсы шықты.
Гуру Нанак пен оныңізбасарларының уағыздарыПенджаб түрғындарының арасында кеңінен тарады. Барлығы Сикхалар бір-бірін ауыстырған 10 ұстаз-гуруды мойындайды. Кейін Сикхалар - діни сектасы қалыптасып, ал оларды моңғол императорларының қолдауына байланысты беделі мен ықпалы да күшейеді. Сикхалар сектасы өздерінің ерекше ережелері бар көптеген адамдардың қауымдастығына айналады.
Сикхалар күшеюі, діни-саяси қауымдастыққа айналуы моңғол императорларының оларға деген қатынасын өзгертеді. Сикхалар қауымдары мен олардың жетекшілер қудаланып, қатаң жазалана бастайды. XVII ғ. 9 гуру өлтірілген. Сикхалар - әлі күнге дейін Үндістандағы белсендіэтноконфессионалдық қауым.[1]