Movatterモバイル変換


[0]ホーム

URL:


Мазмұнға өту
УикипедияҚазақша ашық энциклопедия
Іздеу

Серхио Рамос

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Серхио РамосФутбол
Жалпы мағлұмат
Толық аты

Серхио Рамос Гарсия

Лақап аттары

Камас перғауыны,Тарзан Рамос,Кентавр,Жүзуші,Регбист

Туған күні

30 наурыз1986(1986-03-30)(39 жас)

Туған жері

Камас,Севилья,Испания

Азаматтығы

 Испания

Бойы

184см[1]

Салмағы

82кг[1]

Позиция

қорғаушы

Жастар клубы
1996–2003Испания Севилья
Клуб карьерасы[* 1]
2003—2004Испания Севилья Б26 (2)
2004—2005ИспанияСевилья39 (2)
2005—2021ИспанияРеал Мадрид469 (72)
2021—2023ФранцияПари Сен-Жермен45 (4)
2023—2024ИспанияСевилья28 (3)
Ұлттық құрамы[* 2]
2002Испания Испания U171 (0)
2004Испания Испания U196 (0)
2004Испания Испания U2116 (0)
2005—2021 Испания180 (23)
  1. Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
  2. Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.
Бұл үлгіні: көру  талқылау  өңдеу

Серхио Рамос Гарсия (ис.Sergio Ramos García;30 наурыз 1986 жыл,Камас,Севилья провинциясы) —испаниялық футболшы, қорғаушы. Көбінесе орталық қорғаушы болып ойнайды, қажет болса он жақ қорғаушы болып та өнер көрсете алады.

Севилья жастар мектебін тамамдаған соң,Реал Мадрид футбол клубының жәнеИспания ұлттық құрамасының қорғанысында маңызды роль атқара бастайды.

Карьерасы

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
Рамос өз жұмысын атқарып жатыр

14 жасында Серхио Севилья клубының мектебіне түсіп, өзін жақсы жағынан көрсетеді. Көп кешікпей клубтың жастар командасына ойнай бастайды. Өзінің бір сұхбатында Серхио Рамос футболды алғаш рет тастан жасалған қақпасы бар далаң жерде ойнағанын айтады.

Испания чемпионатының екінші дивизионының 2002/03 маусымында Севильяның резервті командасы сатысында бір матч ойнайды. 2003/04 маусымында Рамос дубльдың бірінші құрамасының ойыншысы болды, 25 матч ойнап, бір гол соғады.

2004 жылдың басында Севилья басты бапкері Хоакин Капаррос Рамосты бірінші құрамаға ауыстырады. 2004 жылдың 1 ақпанында Рамос Испания Примерасында Депортиво Ла-Корунья командасына қарсы бірінше рет ойнайды (0:1).

Сол жылдың жазында Серхио 19 жастан кіші футболдан Испания құрама сатысында Еуропа чемпионы болады.

2004/05 маусымында Серхио Примерада 31 матч ойнап 2 гол соғады және УЕФА КубогындаСанкт-Петербургтік Зенитке қарсы ойын өткізеді. Маусым соңында чемпионаттың ең жарқын жас ойыншсы болып аталады.[2][3]

2005 жылдың 26 наурызында РамосИспания ұлттық құрамасы үшін дебютті ойының өткізеді (18 жасында Қытай құрамасына қарсы ойында ойыншыны ауыстырады. 1941 жылдан бері Испания құрама сатысында осындай жас кезінде ойнаған алғашқы ойыншы : оған дейін бұндай жетістіккеХуан Акунья жеткен.Көп ұзатпай2006 жылдың футболдан Әлем чемпионатының Сербия және Черногория құрамасына қарсы өткен іріктеу матчте, алаңға бірінші құрам ішінде шығады. Сол кезден бастапЛуис Арагонестің басты қорғаушысы болып табылады.

Реал Мадрид

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

2005 жылдың басында «Реал» 27 миллионеуроға 19 жастағы Рамосты сатып алды. Бұл испан жасөспірімдер арасындағы рекорд.Флорентино Перес президенттік уақытындағы сатып алынған жалғаз испан футбол ойыншысы. «Барселона» және «Манчестер Юнайтед» Рамосты өз қатарында көргісі келді. Серхионың өзі бұл оқиға туралы былай айтады: " Мені құрамаға шақырды. Менің сумкамда жеке гигиена заттарым және болды, әдетте құрама сатысында жаттығалардан кейін матч ойнап, үйге қайтатынсын. Сол күні үйге қайтуға мүмкіндік болмай шықты. Трансферлік уақыт 30 минуттан кейін бітетінін біліп, 23:30-да Лас Росаста келісімге қол қойдым. Қол қойғанда бұған әлі сене алмадым. Мағансмс-тер келе бастады. Сол күн өмірімдегі ең көп смс келген күн шығар. Бұл алдыға басқан қадам, үлкен жауапкершілік және ақылға сыймайтын өзгерістер болды. Қазір жасөспірім болсам, ол кезде тіпті бала болатынмын. Севилья ойыншысы болып оянасын,Реал Мадрид ойыншысы болып ұйқыға батасын.Рауль,Бэкхем,Зизу,Икер,Роберто Карлос,Рональдо секілді футболшылармен киім шешетін бөлмені бөлетінінді білесін, олардың барлығы пірім болған..."

Клубта Рамосқа бұрынФернандо Йерро киген 4-ші номер беріледі. 2005 жылдың 6 желтоқсанында УЕФАЧемпиондар лигасының 2005/06 маусымыныңОлимпиакосқа қарсы ойында Реал үшін алғаш голын соғады.[4]

Жетістіктері

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Командалық

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

«Реал Мадрид»

  • Испания чемпионы (5): 2006/07, 2007/08, 2011/12, 2016/17, 2019/20
  • Испания кубогы (2): 2010/11, 2013/14
  • Испания суперкубогы (4): 2008, 2012, 2017, 2019/20
  • Чемпиондар лигасы (4): 2013/14, 2015/16, 2016/17, 2017/18
  • УЕФА суперкубогы (3): 2014, 2016, 2017
  • Кубтар әлем чемпионаты (4): 2014, 2016, 2017, 2018

Испания

  • Жастар арасындағы Еуропа чемпионы: 2004
  • Әлем чемпионы: 2010
  • Еуропа чемпионы (2): 2008, 2012

«Пари Сен-Жермен»

  • Франция чемпионы (2): 2021/22, 2022/23
  • Франция Суперкубогы: 2022

Жеке

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
  • УЕФА құрамаларының символикалық құрамы: 2008, 2012, 2013, 2014, 2015, 2016, 2018
  • Испания чемпионатының үздік қорғаушысы: 2012, 2013, 2014, 2015

Дереккөздер

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
  1. abSergio Ramos
  2. FC Sevilla 2-1 Real Sociedad,ESPN Soccernet (26 September 2004). Тексерілді 1 маусым 2012.
  3. FC Sevilla 2-2 Real Madrid,ESPN Soccernet (14 мамыр 2005). Тексерілді 1 маусым 2012.
  4. Olympiakos 2–1 Real Madrid: Second-string,ESPN Soccernet (6 желтоқсан 2005). Тексерілді 17 мамыр 2011.
Сурет, видео және аудио
Тематикалық сайттар
Сөздіктер және энциклопедиялар
Нормативті бақылау
BNEXX4680963 ·GND1335165320 ·ISNI0000000448846830 ·LCCNno2024009200 ·NTA433350121 ·LIBRIS382854 ·VIAF169833874
«https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=Серхио_Рамос&oldid=3374496» бетінен алынған
Санаттар:
Жасырын санат:

[8]ページ先頭

©2009-2025 Movatter.jp