(парсы:ابومحمد مصلح الدین بن عبدالله شیرازی)Муслихаддин Әбу Мұхаммед Абдуллах ибн-Мушрифаддин, Сағди Ширази (1203 — 10 ж. ш.,Шираз қаласы — 9.12.1292, сонда) — парсы-тәжік әдебиетінің классигі.Шираз қаласында дін қызметкерінің отбасында өмірге келген. Сағди 13 жасында әкесінен айырылып, өмір тауқыметін ерте тартқан. Бағдадқа келіп, Низамия медресесінде оқыды, кейін Мустанмирияда білім алды. Аталмыш оқу орнындаислам дінінің негізі,Құран және оған түсініктеме,медицина,филология,математика,тарих,логика,поэзия, т.б. пәндерді оқыды, әсіресе арабпоэзиясынан мейлінше сусындады. Сағди Меккеде мінажат етіп,Үндістан,Хаджаз,Орта Азия менШығыс Түркістан, СолтүстікАфрика елдерін аралады.Иерусалимде крестшілдермен соғыста тұтқынға түскен СағдидыАлепоның саудагері сатып алып, өзінің қызына үйлендірген.
Сағди бұл қаладан қашып шығып, Шамға келіп орнығады. 1257 ж. туған жеріне оралып, “Бустан” дастанын (алғашқы аты “Сағдинаме”) жазды. Оны бітірісімен, 1258 ж. “Гүлстан” атты шығармасын жариялады. Ақын екі шығармасын да Шираздың билеушісіӘбу Бәкр ибн Сағдиге (1226 — 60) сыйға тартты. Сағдидің қара сөз бен өлең үлгілері кезектесе жазылған “Бес мәжіліс” және ғазалдардан тұратын “Торжибанд” жинақтары бар. Сағди есімі Шығыс поэзиясында лирикалық ғазал жанрының негізін салушы ретінде аталады. Сағди шығармашылығының әлем әдебиетіне ықпалы мол болды. Оның шығармаларыЕуропаға 17 ғасырда жиһангез Адам Олеари арқылы мәлім болды. “Гүлстан” туындысыфранцуз (1634),неміс (1635),латын (1951) тілдеріне аударылды.Ресей ақыны А.С. Пушкиннің “Бақшасарай фонтаны”, “Ескерткіш” атты туындыларынан Сағди шығармаларының әсері байқалады. Сағди өлеңдерінЛ.Н. Толстой жоғары бағалап, “Гүлстан” шығармасынан үзінділер мен афоризмдер аударған.Қазақ арасында Сағди шығармалары ерте кезден белгілі. “Бустан” дастанындағы адамгершілік идеяларАбайдың “Алла деген сөз жеңіл”, “Әсемпаз болма әрнеге” өлеңдері мен 38-қара сөзіндегі ойлармен үндескен. Ақын М.Майлыкентидің “Тухфа уа жусхурият” атты өлеңмен жазылған шығармасы мен “Бустан” дастанының композициялық желісінің ұқсастығын аңғаруға болады. Сағдидің “Бустан” дастанының үзінділері қазақ тілінде (1966, 1973) басылып шықты.