Movatterモバイル変換


[0]ホーム

URL:


Мазмұнға өту
УикипедияҚазақша ашық энциклопедия
Іздеу

Пропилеи

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Пропилеи (гр. рrореlаіоn - кіре беріс, қақпа) - портиктер және бағаналар тізбегінен көмкерілген салтанат қақпасы. Пропилеи тұрғызу ЕжелгіГрекия архитектурасына (эгей мәдениеті дәуірінен белгілі) тән. Негізінен, Акропольге немесе Теменосқа (қасиетті орынға) кірер жолда тұрғызылатын болған.Афиныдағы Ақропольға кіре берістегі пропилеи (б.з.б. 437 - 432, арх. Мнесикл) жоғарғы классика дәуірінде тұрғызылған ежелгі грек сәулет өнерінің тамаша туындысы саналады. 19 ғасырда құрылыстың бұл түріне классицизм сәулетшілері (мыс., Мюнхендегі Пропилеи, 1846 - 60, арх. Л.Кленцев) ден қойды. 19 ғ-дың 2-жартысы мен 20 ғ-дан П. аса ма-ңызды архит. кешен (мыс.,Санкт-Петербург қаласындағы Смольныйға кіре берістегі П., 1923 - 25, арх. В.А. Щуко, З.Г. Гельфрейх) немесе ме-мориал құрылыстардың (Санкт-Петербург қаласындағы Пискарев бейітіне тұрғызылған мемориал кешенінің П-і, 1960, арх. А.В. Васильев, Е.А. Левиисон, т.б.) құрамды бөлігі ретінде тұрғызылатын болды.[1]

Дереккөздер

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005ISBN 9965-26-095-8
Осы мақала қазақ мәдениеті туралыбастама болып табылады. Бұнытолықтырып, дамыту арқылы,Уикипедияға көмектесуіңізді сұраймыз.
Бұл мақаланы Уикипедиясапа талаптарына лайықты болуы үшінуикилендіру қажет.
«https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=Пропилеи&oldid=3180069» бетінен алынған
Жасырын санат:

[8]ページ先頭

©2009-2025 Movatter.jp