АзияАзия —Жер шарының ең үлкен бөлігі.Еуропамен қосылып,Еуразияқұрлығын құрайды. Аумағы (аралдармен бірге) — жуық шамамен 43,4 млн км². Халқы — 4,117 млрд адам (2009).
Жапония (ресми атауы«Нихон коку», «Ниппон коку»(ақп.)(жапон.日本国?) (“Таң шапағы елі”) —Шығыс Азия жағалауларына жақын маңдағыТынық мұхит аралдарында орналасқан мемлекет. Ел 4 мыңға жуық аралдардан тұрады. Ең үлкендері:Хоккайдо,Хонсю,Сикоку, т.б. Жер аумағы 372,2 мың км2. Халқы 126,2 млн. (1997). Астанасы —Токио қаласы (11,9 млн.). Әкімшілік жағынан 47 префектураға бөлінеді.Жапония — бір ұлтты ел. Халқының 99,4%-і — жапондар. Бұдан басқа қытайлар, корейлер, америкалықтар тұрады. Ресми тілі — жапон тілі. Негізгі діндері —синтоизм жәнебудда діндері.Жапония — конституциялы монархияны сақтаған ел.1947 жылы3 мамырда қабылданған конституция бойыншаимператор — “мемлекет пен халық бірлігінің көрінісі”.
Джеки Чан1954 жылы7 сәуірдеГонконг қаласында кедей отбасында дүниеге келген. Оның шын есімі Конг-Санг Чан, Гонконгтан шыққан деген мағынаны білдіреді. Ата-анасы тақыр кедей болғандықтан, болашақ әртіс бала күнінде аштықты талай бас-тан кешкен. Кейін ата-анасына жұмыс табылып,Австралияға қоныс аударғанда, 6 жасар Джеки отанында қалып,Қытай жабық драмалық академиясына оқуға қабылданады. Ол кезде академия оқушылардың ата-анасымен шарт жасасып, егер бала әлдеқалай жарақат алып немесе қайтыс болып кеткен жағдайда оқу орны жауап бермейтінін мәлімдейді екен. Сөйтіп, тағдыр тәлкегіне қалған олакадемиядағы нағыз қатаң тәртіптің тезіне түсіп, таңғы 5-тен тұрып, 16-17 сағат бойына созылатын тынымсыз жаттығулардың шыңдалуынан өтеді.