Пияз шыбыны | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() Пияз шыбыны жәнепорей пиязы | ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Delia antiqua | ||||||||||||||
Синонимдері | ||||||||||||||
Hylemya antiquaMeigen, 1826 |
Пияз шыбыны— кәдімгішыбын және ызылдауық шыбын тұқымдастарының пиязды зақымдайтын бірнеше түрі. Еуропа, Азия, Солтүстік Америкада пияз егістігінде кездеседі. Пияз шыбынының дернәсіліпиязшықтың шырынды терісімен қоректеніп, оны зақымдайды. Пиязшық шіриді, өсімдік жапырағы сарғайып қурайды. Пияз шыбынының ұзындығы 10 мм, түсі ақ. Ол бас пияз, батун-пияз, сарымсақ, шалот-пиязға түседі. Пияздың ызылдақ шыбынының ұзындығы 6,5—9 мм, түсі сарғыш жасыл, личинкасының ұзындығы 11 мм. Пияз, сарымсақ, қызғалдақ, құртқашаш, кейде картоп, сәбіз, қызылшаның сабағын да зақымдайды. Күрес шаралары: пиязды ерте себу; пияз тұқымын себер алдында егістікке инсектицидтер шашу. Көк пиязға пестицид шашуға болмайды.[1][2]