Movatterモバイル変換


[0]ホーム

URL:


Мазмұнға өту
УикипедияҚазақша ашық энциклопедия
Іздеу

Пессимизм

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Ыдыстағы сужартылый толық па әлдежартылай толық емес пе? Пессимисттер жауабы: "жартылай толық емес", оптимисттер жауабы: "жартылый толық"

Пессимизм - (лат.'pessimus' - ең жаманы) - жағымсыз, күмәнді тұрғыда дүниені қабылдау түрі[1];оптимизмге қарама-қарсы. Қарапайым түсінікте - жабыққан көңіл-күй, шынайылықтың тек жағымсыз жақтарын көруге бейімділік, шарасыздық күйі, өмірдің мәнсіздігін сезіну, сәтсіздіктерді тым ауыр, күйзеліспен қабылдау. Философиялық түсінікте пессимистік дүниетаным әлемде қайғы-қасіреттің басымдығына, әділетсіздік үстемдігіне, тарихи процестің мақсатсыздығына меңзейді.

Жаһандану процестері "жалпыадамзаттық құндылықтардың" ұлттық мәдениет құндылықтарымен шиеленісіне әкеп соқтырды. Осылайша, XX ғ. аса көрнекті ойшылдары (А. Швейцер, А.Тойнби, Э.Фромм, Н.А. Бердяев) либералды құндылықтардың, олардың өмір мәнін түсінуде ресмилігін, әлемдік тәртіпті жетекші державалардың пайдасына шешіп беруде. Батыстық басым көңіл-күйдісоциологиялық талдау адамдардың болашаққа сенімсіздікпен қарайтынын көрсетті. Экологиялық апат, милитаризмнің қайта үдеуі, өмір сүру қажеттіліктерінің қымбаттауы, бірнеше есе қарқындауы қоғамның тұрақты дамуына еш септігін тигізбеуде. Қазіргі қоғамдық-саяси ойда оптимистік пиғыл тек жаһандануды жақтаушы доктриналарда басым, ал дәстүрлі мәдени құндылықтарға сүйенетін философия әлемнің күйзелісін болжауда. XXI ғ. жаһандану алдындағы үрей ең пессимистік дәлел болуда.[2]

Дереккөздер

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
  1. Қазіргі заман ұғымдарымен терминдерінің қысқаша түсіндірме сөздігі. Алматы: "Сөздік-Словарь", 2001.ISBN 5-7667-8676-Х
  2. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.ISBN 9965-32-491-3


Мақала бастамасыБұл — мақаланыңбастамасы.
Бұл мақаланытолықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияғакөмектесе аласыз.

Бұл ескертудідәлдеп ауыстыру қажет.
«https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=Пессимизм&oldid=2794776» бетінен алынған
Санат:
Жасырын санат:

[8]ページ先頭

©2009-2026 Movatter.jp