Movatterモバイル変換


[0]ホーム

URL:


Мазмұнға өту
УикипедияҚазақша ашық энциклопедия
Іздеу

Отто Штерн

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Отто Штерн
Otto Stern
Туған күні

17 ақпан1888(1888-02-17)

Туған жері

Зорау,Германия империясы (қазіргіЖоры,Польша)

Қайтыс болған күні

17 тамыз1969(1969-08-17)(81 жас)

Қайтыс болған жері

Беркли,Калифорния,АҚШ

Ғылыми аясы

физика

Альма-матер

Вроцлав университеті

Несімен белгілі

Штерн — Герлах тәжірибесі бойыншаспиннің авторы

Марапаттары


Нобель сыйлығыФизикадан Нобель сыйлығы (1943)

Отто Штерн (нем.Otto Stern;17 ақпан1888(18880217)17 тамыз1969) - немiс физик-экспериментаторы.1888 жылы 17 қаңтарда Силензинде (Польша) астық сатушысының жан ұясында дүниеге келген. 1906 жылы Бреслауда (қазiргi аты Вроцлав) орта мектептi бiтiредi. Әкесi баласына бiлiм алу қажет деп есептегендiктен, Отто Бреслау, Фрейбург,Мюнхенде ғылым саласында бiлiм алады. Теориялық физикаға қызықтырушылық туғыздырған А. Зоммерфельдпен және әйгiлi физиктер-экспериментаторлар Э.Прингейм және О. Луммермен танысады. Бiрақ та Л. Больцман, Р. Класиус және В. Нерст еңбектерi бұл жас баланы физикалық химия саласына деген қызығушылық тудырып, 1912 жылы Берслауда Штерн осы сала бойынша докторлық диссертациясын қорғайды.

Докторлық диссертациясын қорғаған соңОтто Прага қаласындаАльберт Эйнштейннiң ассистентiнiң бiрi болады. Штерн молекулярлы-кинетикалық теориясының эксперименталді дәлелдемесiн алуды алға қояды; ол үшiн молекулярлық шумақ методын ойлап табады да 1920 жылы күмiс атомдары үшiн жылдамдық бойынша үлестiру функциясын алады. Осы эксперименталды методиканың арқасында 1922 жылы Штерн және В. Герлах атомның магниттiк моментiнiң бар екендiгiн дәлелдеп, кванттық теориясының бар екендiгiн эксперименталдi түрде көрсеттi.

1929 жылы Штерн және И. Эстерманмен гелий атомының фторид-лития кристалл дифракциясын қарастырады да, атом сияқты ауыр бөлшектердiң толқындық қасиеттерi бар екендiгiн эксперименталдi түрде дәлелдейдi, протонның магниттiк момент теориясының жобалануынан екi есе үлкендiгiн көрсетедi.

1933 жылы Штерн Эстерманмен бiрге Карнеги атты Технологиялық Институтының физика факультетiнiң шақыруыменПиттсбургке келедi де молекуларлық шұмақ лабораториясын құруға ат салысады. 1969 жылы 17 тамыз айында Штерн өмiрден кетедi.

Дереккөздер

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
Бұл үлгіні қарауБұл үлгіні талқылауБұл үлгіні өңдеу

Перрен (1926) •Комптон /Вильсон (1927) •Ричардсон (1928) •де Бройль (1929) •Раман (1930) •Гейзенберг (1932) •Шредингер /Дирак (1933) •Чедвик (1935) •Гесс /К. Андерсон (1936) •Дэвиссон /Томсон (1937) •Ферми (1938) •Лоуренс (1939) •Штерн (1943) •Раби (1944) •Паули (1945) •Бриджмен (1946) •Эплтон (1947) •Блэкетт (1948) •Юкава (1949) •Пауэлл (1950)

«https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=Отто_Штерн&oldid=3089428» бетінен алынған
Санаттар:

[8]ページ先頭

©2009-2025 Movatter.jp