Movatterモバイル変換


[0]ホーム

URL:


Мазмұнға өту
УикипедияҚазақша ашық энциклопедия
Іздеу

Орынбор

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Қала
Орынбор
орыс.Оренбург
ТуЕлтаңбасы
ТуЛоготипі
Әкімшілігі
Ел

 РесейРесей

Федерация субъектiсі

Орынбор облысы

Мэрі

Ильиных В. А.

Тарихы мен географиясы
Координаттары

51°46′ с. е.55°06′ ш. б. / 51.767° с. е. 55.100° ш. б. /51.767; 55.100 (G) (O) (Я)Координаттар:51°46′ с. е.55°06′ ш. б. / 51.767° с. е. 55.100° ш. б. /51.767; 55.100 (G) (O) (Я)

Алғашқы дерек

1334 жыл

Орынбор картада
Орынбор
Орынбор
Орынбор картада
Орынбор
Орынбор
Орынбор шекарасы
Map

Орынбор (1938 – 57 ж.Чкалов) (орыс.Оренбу́рг) –Ресей Федерациясындағы қала, облыс орталығы.1735 жылы бекініс қамал ретінде қаланып, атауыОр өзеннің атына байланысты қойылған. Халқы 529,6 мың адам (1998).

Қалада машина жасау, химия,мұнай химиясы, тамақ жасау, т.б. өнеркәсіп түрлері жақсы дамыған. 4 жоғары оқу орны, өлкетану жәнебейнелеу өнері мұражайлары бар. ОлЖайық өзенінің оң жағалауында орналасқан. Солтүстік-батыс бөлігіСақмар жәнеЖайық өзендерінің қосылған қиылысына дейін жетеді.

Тарихы

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

1735 жылы 15 тамыздаИван Кириллов бастаған экспедициясы Жайықтың сол жақ жағалауына құяр сағасына қала (қазіргі Орск) сала бастады. 1740 жылыВасилий Татищев сауда керуендері түнейтін, үлкен әскери күштер орналасуы керек деп жоспарланған қамал орнын қолайсыз деп тауып, “Орынборды” 200 шақырымЖайық ағысымен төменірек жерден салуға рұқсат сұрады. Сөйтіп, қазіргі Қызылту станциясының іргесі қаланды. 1742 жылы жаңадан тағайындалған губернаторИ. И. Неплюевке бұл жер ұнамай, 1736 жылы Кириллов іргесін қалаған Берді бекінісі қала орны болуы керек деп Сенатқа ұсыныс жасайды. Сөйтіп, 1743 ж. Орынбор іргесі Берді қамалының орнына түпкілікті қаланады. Жаз айларында арадағы сауда қатынасы Жайық өзеннің сол жағалауында жүргізілді. Осы жерде ірі сауда алаңы ашылып, сауда сарайы салынды. Сауда алаңының Орынборға және қазақ даласына қараған екі үлкен қақпасы болды. Орынбор1868 жылдан Ресейдің Қазақстан жәнеОрталық Азиямен арадағы ірі сауда орталығы болды. 1920 жылы 4 қазанда Орынборда Қазақ өлкесі Кеңестерінің құрылтай съезі өтіп,Қазақ АКСР-і құрылды. Орынбор 1920 – 1925 жылдары Қазақ АКСР-інің астанасы болды. Қазіргі уақыттаОрынбор облысында 120 мыңдай қазақтар тұрады. Олар негізінен Домбар, Ясный және Адамов аудандарына шоғырланған. Қазақстанның тәуелсіздік алуымен байланысты облыс қазақтары “Достық”, “Үркер”, “Қазақ тілі” және тағы басқа мәдени орталықтарға бірігіп, өздерінің “Айқап” атты газетін шығарады[1].

Губерния құрылуы

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Орынбор генерал-губернаторлығы, Қазақстанның батыс, солтүстік-батыс және оңтүстік-батыс иеліктерін отарлау мақсатында 1850 жылы құрылып, 1881 жылға дейін сақталды.1868 жылы Орынбор генерал-губернаторлығы құрамында орталығы Орынбор қаласы болғанТорғай облысы құрылды. 1876 – 81 жылдары Қазақстанның солтүстік-шығысы мен оңтүстігінде Дала және Түркістан генерал-губернаторлықтарының құрылуына байланысты Орынбор генерал-губернаторлығыны жойылып, Орынбор губерниясы қалпына келтірілді. ДегенменТорғай облысы Орынбор губерниясы құрамында қалдырылды.

Орынбор губерниясы – әкімшілік аумақтық бөлік.1744 жылы құрылған. Алғашқы генерал-губернаторыИ. И. Неплюев болды. Бастапқыда губерниясы Кама өзеңі,Каспий теңізі,Батыс Сібір мен қазақ даласы арасындағы жерлерді қамтыды. Кейіннен жаңа губерниялар мен облыстардың құрылуына байланысты солтүстіктеПермь, батыстаҮфі жәнеСамара, оңтүстіктеОрал жәнеТорғай, шығыста Тобыл губернияларымен шектесті. 1897 жылы жер аумағы 15 млн. десятина, халқы 1 млн. 608 – 388 адам болды. Орынбор губерниясында алтын, мыс және темір рудасы, тұз, сланец, тас көмір өндірілді. 1894 ж. Орынбор губерниясында Белорецк, Тираянск, Кагин, Жоғарғы Авзяно-Петровский, Төменгі Авзяно-Петровский, Зигазин және Инзер з-ттары болды. Егіншілік пен сауда өрістеді. Губернияда 576 оқу орны болды. Орынбор губернаторлығына халқы негізінен қазақтардан тұратынТорғай облысы тікелей бағынды.

A.
Иван Иванович Неплюев

Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлықтарының далалық облыстарын басқару жөніндегі уақытша ереже

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
A

1868 жылы Ресей императорыАлександр ІІ қол қойған құжат. Осы құжат бойынша Орынбор және Бат.-Сібір ген.-губернаторлықтарында саяси-әкімш. реформа жүргізіліп, ген.-губернаторлықтар облыстарға,облыстар уездерге,уездер болыстықтарға,болыстықтарауылдарға бөлінді.

  • Орынбор генерал-губернаторлығынаОрал жәнеТорғай облыстары

Орал облысы – Орал,Гурьев,Калмыков,Желі;
Торғай облысы – Елек,Николаевск,Ырғыз, Торғай;

  • Бат. Сібір ген.-губернаторлығынаАқмола жәнеСемей облыстары кірді.

Ақмола облысы – Ақмола,Көкшетау,Омбы,Петропавл;

Семей облысы – Семей,Жаңасарысу,Баянауыл,Көкпекті,Зайсан,Баянауыл,Өскемен уездеріне бөлінді.
Ген.-губернаторлықтардағы әкімш. және әскери билік ген.-губернатордың қолына шоғырландырылды. Облыс әкімш-н әскери және әкімш. билік берілген әскери губернатор басқарды. Ол облыс аумағында орналасқан казак әскерінің атаманы болып саналды. “Ережеде” далалық облыстардың әскери губернаторлары дивизия командиріне теңестіріледі деп көрсетілді.Уезд бастықтарын облыс әскери губернаторының ұсынуы бойынша ген.-губернатор тағайындады. Уезд бастықтарының қолына әкімш. және полицейлік билік шоғырландырылды.Орал облысының уезд бастықтарына,Семей облысы Көкпекті у-нің бастығына жергілікті әскери бөлімдер бағындырылды. Болыстықтар 1000 шаңырақтан 2000 шаңыраққа дейінгі бірнеше ауылды қамтыды. Әкімш. ауылдар 100 – 200 шаңырақтан құралды. Болыстық және ауыл әкімш-н құру тәртібі Қазақстан аймағын отарлау мақсатына қызмет етті. Болыс басқарушылары мен ауыл старшындары әрбір үш жылда қайта сайланды. Сайлау кезінде рулық талас-тартыстар мен әртүрлі жолсыздықтарға орын берілді. Болыстық басқарушылар мен олардың кандидаттары облысы әскери губернатор бекіткеннен кейін ғана қызметке кірісті. Ауыл старшындары мен олардың кандидаттарын уезд бастығы бекітті. Болыс басқарушысы өз болыстығындағы билігін жүзеге асыру барысында “тыныштық пен тәртіптің” сақталуын, алымдардың жиналуын, т.б. қадағалап отыруға міндетті болды. Болыс басқарушысына тәртіп бұзушыларды үш күн мерзімге қамауға алу және ақшалай айып төлету құқығы берілді. Өзінің әкімш. шегінде старшындардың да болыс басқарушыларындағыдай құқықтары болды. Жергілікті халық өкілдері болыстық және ауылдық деңгейдегі басқару орындарына ғана тартылды. Одан жоғары деңгейдегі басқару орындары отаршылдардың әскери адамдарынан құрылды. Ресей империясының қазақ даласына тұтастай саяси өктемдігін орнатуын 1891 жылы қабылданған “Ақмола,Семей,Жетісу,Орал жәнеТорғай облыстарын басқару туралы ереже” заңдастырды[2].

Орынбор қазақтарын басқару туралы ереже

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

– 1844 ж. 14 маусымдаРесей империясы қабылдаған заңдық құжат. 1824 жылғы жарғыға қарағанда бұл құжат патша өкіметінің қазақ даласындағы билігін күшейту жолдарын заңдастыра түсті. Ережеде жергілікті әкімшіліктердің өкілеттіктері шектеліп, қызметтері өлкелік өкімет тарапынан қатаң бақылауға алынды. Жарғыда қазақ арасындағы егіншілік, тұз өндіру өнеркәсібі және сауданы дамыту қажет деп көрсетілген болса, ереже тек қана мал шаруашылығы мен айналысуды мақұлдады. Бекітілген салық жүйесі бойынша әрбір түтінге 1 сом 50 тиын мөлшерінде салық белгіленді. Оған қоса линиялық казактарға жалданып жұмыс істеу үшін қазақтардың орыс әкімш-не билет бағасы ретінде күміс 15тиын, билет алу мерзімін өткізіп алған жағдайда күміс 30 тиын төлейтін болды. Осындай қанаушы салық жүйесі арқылы Ресей империясы қазақ жерлерін күшпен тартып ала бастады. Кей мәліметтерге қарағанда,Ресей империясының қазынасына түтін басына белгіленген салықтан 4 млн-нан астам пайда түскен. О. қ. б. т. е. қазақ қоғамында қалыптасқан билер сотының құқықтық мәртебесіне де ерекше назар аударды. Патша өкіметі бұл ин-ттың құзыры мен қызметін барынша шектеуге тырысты. Бұдан былай билер соты 50сом күміс ақша мөлшеріне дейінгі азаматтық істерді ғана қарайтын болды. Ал кісі өлтіру, тонау,барымта, Ресей өкіметіне күш көрсету,руластарын өкіметке қарсы үгіттеу сияқты қылмыстарды қарау жергілікті әскери соттардың құзырына берілді. Ереже қазақ қоғамынРесей империясының басқару жүйесін енгізуге және “бөліп ал да билей бер” қағидасына сүйенген отарлық саясатты іс жүзіне асыруға құқықтық негіз болды.

Орынбор қырғыздары туралы жарғы

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
A.

– Ресей өкіметініңКіші жүз қазақтарын жаңаша басқару мақсатында жасаған шарасы. 1824 ж. наурызда Сыртқы істер мин-нің жанындағы Азия департаментінде бекітілді. Оның жобасын 1822 ж. Орынбор ген.-губернаторы П.К.Эссен дайындады. Бұл жоба бойынша Кіші жүзде хандық билікті жою туралы шешім қабылданды. Кіші жүз ханы Шерғазы Орынбор қаласына шақырылып, Орынбор шекара комиссиясының жұмысына кеңесші қызметіне тағайындалды. Кіші жүз жері – батыс, орта және шығыс әкімш. жүйелеріне бөлініп, оны билеуші сұлтандар басқарды. Жүздің бөлінуі рулардың орналасуына және олардың арасындағы билеуші сұлтандардың беделіне байланысты болды. Сондықтан бөліну аумағы жағынан да, халықтың саны жағынан да біркелкілік болған жоқ. Шекаралық комиссия құрамына төраға, төрт кеңесші, ауқатты қазақтардан тұратын төрт өкіл кірді. Шекаралық комиссияның міндетіне далада тәртіпті сақтау, жергілікті қазақ шенеуніктерінің тіршілігін қадағалау, салық жинау, сот істері, мед. жағын бақылауға алу кірді. Жергілікті әкімш-тің құрамынаКіші жүздің үш бөлігінің сұлтандары, дистанция басқарушылары кірді. Сұлтандарды Орынбор әскери губернаторы, ал басқа шендердің бәрін шекаралық комиссия тағайындады. Әрбір билеуші сұлтанның 100 – 200 адамнан тұратын әскери командасы болды. Олардың ордасы казак станицалары мен бекіністерінде орналасты. Бұл жарғыдан кейін сот жүйесінде де көптеген өзгерістер болды. Ірі қылмыстық істер әскери сот немесе шекаралық комиссияның қолына көшті, ал кішігірім қылмыстық істер қазақтың дәстүрлі әдет-ғұрып заңдары негізінде қаралды.Патша әкімш. жергілікті билік органдарын, оның ішінде билер сотын полиц. жазалаушы органдарға айналдыруға талпынды. Оларға қамауға алуға, дүре соғуға,Сібірге жер аударуға рұқсат берілді.Дәстүрлі билік құрылымын қиратқан жаңа жүйе – Кіші жүз қазақтарын Орынбор шекара комиссиясы арқылы басқаруды күшейтіп қана қойған жоқ, әлеум.-саяси және шаруашылық өмірдің барлық жақтарын да қамтыды. Қазақтарды құнарсыз жерлерге ығыстырған орыс қоныс аударушыларын орналастыру үшін кең мүмкіндіктер ашылды[3].

Орынбор–Ташкент темір жолы

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

‘’Орынбор–Ташкент темір жолы’’, 1901 – 05 ж. салынып, пайдалануға берілген. Жалпы ұзындығы 2090 км, оның ішінде қазақ жері арқылы өтетін бөлігі 1660 км. Темір жолын салу ісі Николай ІІ патшаның 1901 жылдың 21 сәуірдегі бұйрығы негізінде қолға алынды. Патша үкіметінің Орынбор - Ташкент темір жолын салудағы басты мақсатыОрталық Азия үшінАнглиямен арадағы бәсекелестікте жеңіп шығу, өлкедегі арзан шикізат қорын Ресейге тасу, Түркістан өлкесіне тура шығу болды. Салынатын жолдың бүкіл желісі әкімш. жағынан екі бөлікке бөлінді. Жолдың оңт. бөлігі (Ташкент – Көбек)Түркістан өлкесіСырдария облысының аумағы бойынша, cолт. бөлігі (Орынбор – Көбек) Орынбор губерниясы,Торғай облысының және Орал облысыТемір у-нің аумағы бойынша өтетін болып белгіленді. Құрылыс Орынбор жағынан 10 мамырда, ал Ташкент жағынан 9 қарашада басталды. Бұған 70 млн. сом қаржы жұмсалды, 40 – 50 мың жергілікті тұрғындар жұмыс істеді. 1904 ж. 1 қаңтарда бүкіл О. – Т. т. ж. бойынша поездардың уақытша жүрісі ашылды. Солт. бөлігі толық аяқталып,1905 ж. 25 шілдеде, оңт. бөлігі 1906 ж. 1 сәуірде пайдалануға берілді. 1905 ж. 1 қаңтардан бастап Орынбор –СамараЗлатоуст жолының учаскесі, ал 1906 ж. 22 шілдеден бастап Орта Азия жолының Ташкент ст. О. – Т. т. ж-на қосылды. Соның нәтижесінде жаңа желінің жалпы ұзындығы ұлғайды. Бес ірі станса –Ақтөбе,Шалқар,Қазалы,Қызылорда,Түркістан Қазақстанның Ресеймен және Орт. Азиямен байланыс торабына айналды. Жол басқармасы Орынбор қаласында болды. О. – Т. т. ж. – қазіргі кезде Қазақстанның оңт. және батыс аудандарын Орт. Азия республикаларымен, Ресеймен,Кавказ және Шығ.Еуропа елдерімен байланыстыратын негізгі т. ж. желісі[4].

Орынбор шебі

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Орынбор шебі – 18 ғ-дың 30–40-жылдары Қазақстанның батыс бөлігінде Ресей империясы құрған инженерлік-құрылыс жүйесі. Төм. Жайық, Самара, Қызыл, т.б. бөліктерден құралды. КейінненЗакамск шебімен алмастырылды. О. ш. Ресейге жаңадан қосылған, бірақ әлі де толық бағына қоймаған қазақтардың башқұрттармен бірігіп жергілікті патша әкімш. мекемелеріне күтпеген шабуыл жасауынан қорғану, әрі осы аймаққа орыс шаруаларын әкеліп орналастыру мақсатында құрылды. Көп кешікпей 18 ғ-дың 2-жартысындаКіші жүздегі жағдайдың шиеленісіп, О. ш-не қазақтардың шабуылының үдеуі Ресей әкімш-н қатты алаңдатты. 1784 ж. жаңа тағайындалған Орынбор ген.-губернаторыО.А. Игельстром О.ш-нде жағдай өте қауіпті деп санады. Ол хандық билікті жоюды мақсат етіп, қазақтардың ойын білу үшін рубасы, старшындармен жиналыс өткізді. 1785 ж. күзде өткен осы жиналыс Кіші жүзде хандық биліктің жойылуын қолдап шықты. БірақФранциядағы революцияның Ресейге тарау мүмкіндігінен қатты сескенген патша өкіметі көп ұзамай хандық жүйені қалпына келтірді.1798 ж. 10 сәуірде Орынбор ген.-губернаторына мынадай нақты тапсырма берілді:

  • 1) О. ш-не жақын маңда тұратын 20 мен 50 жас аралығындағы казак, башқұрт, қалмақтарды кантондарға бөліп, олардың шепте әскери қызмет өтеуіне қатаң бақылау жасау;
  • 2) О. ш-нің өзін әскери қызмет мақсатында 5 қашықтыққа бөлу.

Сол жылдың күзінде О. ш. 5 қашықтыққа бөлінді:

  • 1) Усть-Уйск бекінісінен Верхнеуральскіге дейінгі бекіністер мен редуттар (Звериноголовск бекінісі мен Алабужск редутын қоса есептегенде);
  • 2) Верхнеуральскіден Орск қалашығына дейін;
  • 3) Орскіден Орынборға дейін;
  • 4) Орынбордан Оралға дейін;
  • 5) Оралдан Гурьев қалашығына дейін[5].

Орынбор шекара комиссиясы

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

‘’Орынбор шекара комиссиясы’’ – үкіметтік мекеме. 1739 ж. 19 наурызда Орынбор шекаралық сотының орнына құрылды. О. ш. к. құрамында сот, азаматтық іс жүргізу және қаржы-есеп бөлімдері болды. Бұдан басқаКіші жүз қазақтарын бақылаушы бөлім ашылды. Комиссияда негізінен қазақтар арасындағыбарымта,жер дауы, орыс-казак бекіністері коменданттарының арыз-шағымы қаралды. Сонымен қатар комиссия қазақ жері арқылы өтетін сауда керуендерімен біргеХиуа,Қоқан,Бұхара хандықтарына арнаулы барлаушылар мен тыңшылар жіберіп, Орт. Азияда болып жатқан жағдайлар туралы құпия мәліметтер алып отырды.

‘’’Орынбор шекара комиссиясы жанындағы қазақ мектебі – қазақ балаларына арналған Ресей оқу жүйесі негізіндегі тұңғыш мектеп-интернат (1850). Мұнда оқу мерзімі 7 жыл болды.

  • Алғашқы жылы 20 шәкірт оқып, оларға 3 мұғалім сабақ берсе, 1859 ж. олар 40 оқушы, 9 мұғалімге жетті.
  • 1869 ж. мектептің оқу мерзімі 6 жыл болып қысқартылды. Мектептің бас тәрбиешісі Салықжан Кукляшев аттытатар жігіті, ал жатақхана тәрбиешілері унтер офицерлер болды.
  • 1857 ж. мектептің тұңғыш түлектері білім куәлігін иеленді. Соның ішіндеЫ. Алтынсарин де бар.

О. ш. к. ж. қ. м-нің білім дәрежесі орыстың приход және уездік уч-щелерімен теңдес болып, онда уездік уч-щелердің оқулықтары қолданылды. Мектепте орыс және қазақ тілдерін оқытатын мұғалімдерге осы екі тілді бірдей білу талабы қойылды. Мектептің оқу жоспарында орыс тілі, қазақ және татар тілі,арифметика,тарих,география, таза жазу және сызу, дене шынықтыру, орыс және қазақ тілдерінде іс жүргізу және тергеу,ислам діні пәндері қамтылды. Бұл оқу орны өмір сүрген 19 жыл ішінде 48 қазақ баласы білім алып шықты. Олардың біршамасы шекара комиссиясына жұмысқа қалдырылса, біразы өз елдерінде әкімш.-басқару жұмыстарына араласты, одан өзгелері қазақ ішіндегі орыс мектептерінде мұғалім болды. ‘’’1869 ж. мектеп жұмысы тоқтатылды.’’’

Орынбор мүфтилігі

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Орынбор мүфтилігі – Ресей империясындағы мұсылмандық діни басқарма.

  • 1788 ж. 22 қыркүйектеЕкатерина II-нің жарлығына сәйкес Уфа қаласында ашылды.

Патша өкіметінің мүфтилік құру арқылы империя мұсылмандарына көршілесТүркия,Иран,Ауғанстан сияқты елдер мен Орта Азия хандықтарының ықпал етуін тежеуді және олардың Ресей отаршылдық саясатына қарсылығын бәсеңдетуді мақсат етті. Басқарушы сенаттың ұйғарымымен О. м-нің бас мүфтилігіне қазандық татарМұхамеджан Хұсайынов тағайындалды. Уфа қаласында құрылған діни басқарма 1797 жылдан О. м. деп аталды. Атының өзгеру себебі жаңадан ашылған губернияға байланысты еді. Бұл губернияның орт. Орынбор қ. болғандықтан, 1798 ж. діни басқарма кеңсесі де сонда көшіріліп, 1802 жылдың соңына дейін осында болды, кейін Уфа қаласына қайта ауыстырылды. Дегенмен 1918 жылға дейін оның О. м. деген аты сақталып қалды. Патша үкіметінің қазақтардың діни істерін О. м-не қарату шаралары 1789 ж. жүзеге асты. Сол жылы бас мүфти ХұсайыновОрал қаласына келіп, қазақ ақсүйектерімен келіссөздер жүргізіп, осы өңірдің діни істерін О. м-не қаратуға қол жеткізді. Бұл қазақтардың діни істерін О. м-не қаратудың алғашқы қадамы еді. Мұнан кейін Ресей өкіметінің үстемдігі орнаған қазақ даласының өзге де аймақтарына О. м-нің ықпалы біртіндеп тарай бастады. Жаңадан қосылған аймақтардағы қазылар мен молдаларды бекіту мүфтидің құзырында болды. Мәселен, 1797 ж. Орал өңіріндегі Кіші жүз қазақтарына қазы болып қазандық татарМұхамеджан Қазиев, 1802 ж.Бөкей ОрдасынаЖүсіп Махмутов бекітілді. Патша үкіметінің билік органдарына бағынуды насихаттауда мүфти Хұсайынов ерекше белсенділік танытты. Ол 1797 ж.Айшуақ сұлтан басқарған хан кеңесінің құрамына енді. О. м. қазақ балаларынУфада,Қазанда,Троицкіде, Орынборда жәнеОмбыда ашылған медреселерге оқыту ісінде елеулі рөл атқарды. 19 ғ-дың 2-ширегінде мүфтиліктің араласуымен Ішкі Ордада медресе ашылды. О. м-нің қарамағында 18 ғ-дың соңына қарай 114 мешіт, медресе болды. Мұсылмандық әдебиеттерді шығару жөнінде билік орындарының рұқсатын ала отырып, 1797 ж. 3600 дана, 1806 ж. 1500 дана, 1853 ж. 82 мың дана Құран кітабын баспадан шығарды. 1807 ж. О. м. билік органдарының қатаң бақылауы мен қысымынан құтылу үшін өздерін губ. әкімш-ке тәуелді емес жеке құрылым етуді сұрап император Александр І-ге өтініш хат жолдады. Алайда өтініштері аяқсыз қалды, себебі патша үкіметі ендігі жерде мүфтиліктің ықпал ету ауқымын тарылта түсуге тырысты. ‘’’1867 – 68’’’ ж. өткен саяси әкімш. реформаларға сәйкес қазақтар мен Түркістан өлкесіндегі өзге де мұсылман халықтарының діни істері ешқандай діни басқарма қарамағына қаратылмай, жергілікті орт. билік органдарының қолына берілді. Осылайша қазақтардың діни істері О. м. құрамынан шығып қалды. О. м-нен өздерінің діни істерін шығарып тастауы өлкедегі дінбасыларды алаңдатып, олар қазақтарды О. м-не қайтадан қарату жөнінде үгіт-насихат жұмысын жүргізді. 1872 ж. Ішкі Ордада бұрын имамның көмекшісі қызметін атқарған Әбсаттар Жәбіров, 1903 ж. Қызылжарда молда Мұхамеджан Бекішевтің тарапынан осы мәселе көтерілді. Бекішев қазақтардың діни істерін жергілікті әкімш. қолынан алып, мұсылмандық діни басқармаға қарату керектігін айтып, С.Шормановқа, Абайға, Жәңгір Құдаймендинге және Ғабдулла Исабековке хаттар жолдады. 1905 ж. жолдаған Қарқаралы хұзырхатында қазақтардың діни істерін О. м-не қарату туралы талап қойылды. Қазақтардың діни істерін О. м-не қарату мәселесі 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейінгі қалыптасқан саяси ахуал жағдайында да өз жалғасын тапты. 1917 ж. мамырда Мәскеуде өткен Бүкілресейлік мұсылман съезінде Торғай, Орал, Ақмола, Семей облыстары мен Ішкі Орда қазақтарының діни істері О. м-не қаратылсын деген шешім қабылданды. Мұндай шешім Екінші жалпықазақ съезінде құпталды. 1918 ж. өлкеде Кеңес үкіметінің орнауымен О. м-нің қызметі тоқтатылды.[6]
‘’’Орынбор кадет корпусы’’’, қ.Неплюев әскери училищесі.

Орынбор ғылыми архив комиссиясы

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

– ғылыми-құжаттық мекеме. 1887 ж. желтоқсан айында 25 адамнан тұратын О. ғ. а. к. құрылды. Комиссияның басты мақсаты – архив істерін ретке келтіру, Орынбор өлкесінің тарихын зерттеу, археол. және этногр. материалдар жинау болды. Алғашқы жылы қазақтардың тарихы жөніндегі құжаттар, көрші мемлекеттермен сауда және қарым-қатынастар туралы құжаттар жинақталды. Жергілікті өлкетанушылармен бірге комиссияның жұмысына В.В. Бартольд, Санкт-Петербург археология ин-тының директоры Н.В. Пок-ровский, акад. В.В. Радлов құрметті мүшелер ретінде қатысты. А.Балғымбаев,А.Байтұрсынов,М.Ф.Кәрімов,М.З.Рамеев,М.Ф.Сүлейменов, т.б. қазақ, татар жәнебашқұрт зиялылары комиссия жұмысына белсене араласты. О. ғ. а. к-нда18 – 19 ғ-лардаҚазақстанды Ресейдің отарлау тарихы жөнінде көптеген деректер жиналды.И.А. Кастаньенің “Қазақ даласы мен Орынбор өлкесінің көне ескерткіштері” деген еңбегіндеҚазақстан тарихы жөнінде алуан түрлі деректемелік материалға жүйеленген шолу берілді. Комиссияның “Труды” атты өз баспасөз органы қызмет істеді. 1894 – 1917 жылдарда бұл басылымның 34 саны жарық көрді. О. ғ. а. к.Қазан төңкерісіне дейін жұмыс істеді.

Дереккөздер

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
  1. Борисов А. Я., Оренбург, Челябинск, 1968; Ескекбаев Д., Орынбор қазақтары. Тарихи-этнографиялық зерттеу, А., 2001.
  2. Материалы по истории политического строя Казахстана, т. 1, А.-А., 1961; Жиренчин К. А., Политическое развитие Казахстана – начале веков, А., 1996.
  3. Казахско-русские отношения в 18–19 веках, А.-А., 1964; Мәшімбаев С., Патшалық Ресейдің отарлық саясаты, А., 1994; Қазақстан тарихы, А., 1994.
  4. Материалы по обследованию казенных железных дорог; Ташкентская ж. д., СПб., 1913; Отчет по постройке северной части Оренбургско-Ташкентской ж. д., ч. 1. СПб., 1908; Асылбеков М.Х., Некоторые вопросы истории строительства Оренбургско-Ташкентской ж. д., Известия. АН КазССР. Сер. ист., арх. и этногр., 1962, вып. 2.
  5. Семенов В. Г., Семенова В. П., Губернаторы Оренбургского края, Оренбург, 1999.
  6. Азаматов Д.Д., Оренбургское магометанское духовное собрание в конце XVІІІ – XІX, Уфа, 1999; Хабутдинов А., Миллет Оренбургского духовного собрания в конце XVІІІ – XІX веках, Казань, 2000; Рүстемов С., Орынбор мүфтилігі және қазақтар //Қазақ тарихы, 2004, №5.
Бұл мақаланы Уикипедиясапа талаптарына лайықты болуы үшінуикилендіру қажет.


Мақала бастамасыБұл — мақаланыңбастамасы.
Бұл мақаланытолықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияғакөмектесе аласыз.

Бұл ескертудідәлдеп ауыстыру қажет.
«https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=Орынбор&oldid=3493736» бетінен алынған
Санаттар:
Жасырын санат:

[8]ページ先頭

©2009-2025 Movatter.jp