Movatterモバイル変換


[0]ホーム

URL:


Мазмұнға өту
УикипедияҚазақша ашық энциклопедия
Іздеу

Олигофрения

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Олигофрения (грек. olіgos – аз және phren – ақыл) – ақыл-ойдың кемдігі; іштен туа біткен не алғашқы 3 жыл өмірінде дамымай қалған психиканың әр түрлі формалары[1]. Аурудың пайда болуына әр түрлі себептер: тұқым қуалайтын аурулар салдарынан организмдегі генетикалық ауытқулар; кейбір заттардың, мыс, амин қышқылдарының (фенилкетонурия),көмірсулардың (галактоземия) т.б. алмасу процесінің бұзылуынан болатын аурулар; жатырдағы ұрыққа не іштегі нәрестеге зақым келуі (ана бойындағывирусты инфекция, токсоплазмоз, мерез) не сәбидің 3 жасқа дейінгі алған жарақаттары (мысалы,бас сүйек-ми зақымы, т.б.) әсер етеді.

Негізгі белгілері

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Олигофренияның ең негізгі белгісі адамның танымдық әрекетінің, атап айтқанда, ойлау және сол ойды қорыту қабілетінің нашар дамуымен сипатталады. Сондай-ақ олигофрения кезінде адамның есі, назар аударуы, сөйлеуі, т.б. психика әрекеттерінде тежелу байқалады. Науқастардың көпшілігінде сезім органдарында, қимыл-қозғалысында, тіпті жекелеген мүшелерінде де ауытқулар (бойының өспеуі, дене бітімініңдиспропорциясы, т.б.) болады.

Олигофрения түрлері

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Ақыл-ой қабілетінің мешеулік дәрежесіне қарай олигофрения: идиотиялық олигофрения,имбециалдық олигофрения жәнедебильдік олигофрения деп бөлінеді.Идиотиялық олигофрения (грек. іdіoteіa – надан) – олигофренияның ауыр түрі; ақыл-ойдың мүлдем дамымауы. Бұл жағдайда ойлау, сөйлеу қабілеті дамымайды; науқас міңгірлеген дыбыстар ғана шығарады, оларға айтылған сөздің мағынасын түсінбейді.Имбециалдық (лат. іmbecіllus – ақыл-ойы әлсіз) олигофрения – олигофренияның орташа түрі; алдыңғы жағдаймен салыстырғанда, науқас қарапайым сөздерді анық айтып, аздап санай да біледі. Дебильдік (лат. debіlіs – әлсіз) олигофрения – олигофренияның әлсіз түрі; орташа түріне қарағанда науқастың сөйлеу қабілеті біраз дамыған, бірақ сөз қоры аз, көбіне жаттап алған сөздерін айтады. Олигофрениямен ауырған науқастардың барлығы да психиатрдың бақылауында болады, негізінен оларға психикалық ой-өрісінің дамуына себепші болатын емдік шаралар жүргізіледі.

Ішкі сілтемелер

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энциклопедиясы 7- том
Бұл мақаланы Уикипедиясапа талаптарына лайықты болуы үшінуикилендіру қажет.
Бұл мақалада еш сурет жоқ.

Мақаланыжетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
Суретті мыннан табуға болады:

  • осы мақаланың тақырыбына байланысты суретОртақ қорда табылуы мүмкін;
  • мақаланың өзге тіл уикилеріндегі нұсқаларын қарап көріңіз;
  • өзіңіз жасаған суреттіжүктеңіз (авторлық құқықпен қорғалған сурет қоспаңыз!).
Мақала бастамасыБұл — мақаланыңбастамасы.
Бұл мақаланытолықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияғакөмектесе аласыз.

Бұл ескертудідәлдеп ауыстыру қажет.
«https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=Олигофрения&oldid=3201395» бетінен алынған
Санат:
Жасырын санат:

[8]ページ先頭

©2009-2026 Movatter.jp