Movatterモバイル変換


[0]ホーム

URL:


Мазмұнға өту
УикипедияҚазақша ашық энциклопедия
Іздеу

Нью-Йорк

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
 Басқа мағыналар үшінНью-Йорк (айрық) деген бетті қараңыз.
Қала
Нью-Йорк
New York City
ТуЕлтаңбасы
ТуЛоготипі
Әкімшілігі
Ел

 АҚШАҚШ

Штат

Нью-Йорк

Мэр

Эрик Адамс

Тарихы мен географиясы
Координаттары

40°43′ с. е.74°00′ б. б. / 40.717° с. е. 74.000° б. б. /40.717; -74.000 (G) (O) (Я)Координаттар:40°43′ с. е.74°00′ б. б. / 40.717° с. е. 74.000° б. б. /40.717; -74.000 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1624

Бұрынғы атаулары

Жаңа Амстердам

Қала статусы

1653

Жер аумағы

1214,4 км²

Орталығының биiктігі

3 м

Климаты

Муссондық субтропиктік климат

Уақыт белдеуі

UTC-5,жаздаUTC-4

Тұрғындары
Тұрғыны

8,097,282 адам (2024)

Тығыздығы

1.600 адам/км²

Агломерация

19,498,249 — Нью-Йорк метрополитендік аймағы

Ұлттық құрамы

Американдықтар

Этнохороним

ньюйорктық

Ресми тілі

Ағылшын тілі

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

212, 718, 917, 347, 646

Пошта индекстері

100xx-104xx, 11004-05, 111xx-114xx, 116xx

nyc.gov (ағыл.)

Нью-Йорк картада
Нью-Йорк
Нью-Йорк
Нью-Йорк шекарасы
Map
Ортаққордағы санаты:Нью-Йорк

Нью-Йорк Сити (ағылш.New York City) —АҚШ-тағы ең тығыз мекенделген, ең ірі қаласы, әлемдегі ең урбандалған қала. Ол1970-жылдан бері АҚШ-тың ең ірі қаласы әрі АҚШ-тың алғашқы астанасы болған, мұнда Джордж Уошиңтонның алғашқы ел президенті ретіндегі инаугурациясы өтті. Бір ғасырдан аса уақыт бойы әлемнің ең негізгікоммерция жәнеқаржы орталығы болып келеді. Әлемге бұқаралық ақпарат құралдары, саясат, білім, көңіл көтеру, өнер және сән салаларындағы ықпалы бойынша көшбасшы орталық болып есептеледі.БҰҰ бас кеңсесі Нью-Йоркте орналасқан.

Нью-Йорк 5 ауданнан тұрады (боро):Бронкс,Бруклин,Куинс,Манхэттен жәнеСтатен-Айленд.

Негізгі туристік нысандар Манхэттенде орналасқан. Олардың арасында: тарихи биік ғимараттар (Эмпайр-Стейт-Билдинг,Крайслер-билдинг),Рокфеллер-центр,Вулворт-билдинг,Метрополитен көркем мұражайы,Метрополитен-Опера,Соломон Гуггенхайм замануи өнер мұражайы,Америкалық жантану тарихы мұражайы (динозаврлар мен планетарийлер қаңқалары), аты аңызға айналған «Челси» қонақ үйі,БҰҰ бас пәтері,Гарлем және де әлемге танымалБостандық ескерткіші.

Нью Йоркте көптеген колледждер және университеттер де орналасқан,[1] олардың ішіне әлемдік үздік 50 қатарына кіретінКолумбия университеті,Нью-Йорк университеті, жәнеРокфеллер унверситеті де бар.[2]

Діндер

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Қалада әлемнің барлық діндері мен діни секталарының өкілдері тұрады. Сан жағынан басым христиан және иудаизм ізбасарлары. Нью-Йоркте барлық негізгі діндердің діни ғимараттары бар.

Климаты

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Кеппен климатының жіктелуіне сәйкес, Нью-Йорктің климаты ыстық жазы бар ылғалды субтропикалық ретінде сипатталады. Алисовтың классификациясына сәйкес, қаланың климаты қоңыржай континенталды, бірақ субтропикалық әсерімен.Жауын-шашын жыл бойына салыстырмалы түрде біркелкі бөлінеді. Күн сәулесінің орташа жылдық саны — 2680 сағат. Қала мұхит жағалауында орналасқанына қарамастан, жаз бен қыстың арасындағы температура айырмашылығы айтарлықтай үлкен, өйткені ауа массаларының басым қозғалысы материктен келеді. Мұхиттың әсері шамалы, бірақ температураның ауытқуын біршама жеңілдетеді. Тағы бір фактор-тығыз қала құрылысы, бұл орташа температурасы жоғары микроклиматты құруға ықпал етеді.Қыста Нью-Йоркте орташа температура -2 °C және +5 °C аралығында болады, нормадан жиі ауытқулар болады. Әр қыста дерлік қар жауады, жылына орта есеппен 60 см. Көктем жұмсақ, температурасы 7 °C-тан 16 °C-қа дейін.жазда Нью-Йоркте салыстырмалы түрде ыстық, орташа температура 19 °C-тан 28 °C-қа дейін, жоғары ылғалдылық кезеңдері бар. Көбінесе температура 32 °C-тан асады, ал кейде жылу 38 °C-қа жетеді. Нью-Йорктегі күз жұмсақ, температурасы 10 °C-тан 18 °C-қа дейін.

Экономикасы

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
Нью-Йорк қор биржасы — әлемдегі капитализыциясы бойынша ең ірі биржа.[3]

Нью-Йорк — Америка Құрама Штаттарының және әлемдегі ең маңызды қаржы экономикалық орталық. Нью-Йорк,Лондон жәнеТокиомен қатар әлемдегі үш маңызды экономикалық орталық болып табылады[4]. ҚаланыңЖалпы аймақтық өнімі 2007 жылы $1210,2 млрд құраған, осылайша АҚШ мегаполистері ішінде алғашқы орынға шықты[5].

Насдак жоғарғытехнологиялық компаниялар биржасы.
Насдак жоғарғытехнологиялық компаниялар биржасы.
Уолл-стрит — АҚШ қаржылық қуаттылығының нышаны.

Нью-Йорк қаржы ұйымдары 2008 жыл аяғына қарай 40 % әлемдік қаржыны басқарған[6][7]. Нью-ЙорктіCitigroup,J.P. Morgan Chase & Co.,American International Group,Goldman Sachs Group,Morgan Stanley,Merrill Lynch және т.б. ірі қаржылық ұйымдар өз бас пәтері ретінде таңдаған. Сонымен қатарVerizon Communications,Pfizer,Alcoa,News Corp.,Colgate-Palmolive сияқты ірі мұнай корпорациялар бас кеңселері де осында. ҚаладаНью-Йорк қор биржасы,NASDAQ,Америка қор биржасы,Нью-Йорк тауар биржасы жәнеen:New York Board of Trade. Нью-Йорк қаржы саласы төменгі МанхэттендегіУолл-стритте шоғырланған.

Дәстүрлі өндіріс салалары да маңызды рөлдерін жоғалтпады, дегенмен соңғы кездері олардың үлесі азаюда. Қалада дамыған негізгі өндіріс салалары:машинажасау,химия өнеркәсібі,жеңіл өнеркәсіп, тамақ өнеркәсібі. Жаңа салалар да қарқынды дамуда:биотехнология, бағдарлама жасау, интернет-бизнес[8]. Құрылыс пендевелопменттің орны да орасан: Нью-Йорк жылжымайтын мүлкі әлемдегі ең қымбат қала ретінде белгілі[9][10].

Бастапқыда Нью-Йорк америкалық кинематография орталығы болғанымен оның орнынГолливуд тартып алды, дегенмен қазір де Нью-Йоркте фильмдер мен телебағдарламалар түсіріледі. Нью-Йорк АҚШ сән астанасы, бұл жерде әлемнің көптегенмодельерлер бас пәтері орналасқан. Нью-Йоркте көп баспалар бар. Туризм де қарқынды дамыған. Нью Йоркқа жыл сайын 50 миллион қонақ келеді екен.[11][12][13]

Тарихи бауырлас қалалар

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Нью Йорк тарихи он қаламен бауырлас:[14]

ҚалаБері
ЖапонияТокио, Жапония1960
ҚытайБейжің, Қытай1980
МысырКаир, Мысыр1982
ИспанияМадрид, Испания1982
Доминикан РеспубликасыСанта Доминго, Доминика республикасы1983
МажарстанБудапешт, Мажарстан1992
ИталияРим, Италия1992
ИзраильЙерусалим, Израиль1993
ҰлыбританияЛондон, Англия (Ұлыбритания)2001
Оңтүстік Африка РеспубликасыЙоханесбург, Оңтүстік Африка[15]2003

Қызықты мәліметтер

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
  • 1886 жылы АҚШ тәуелсіздігінің 100 жылдық мерейтойына арнап Франция елі достық қарым-қатынастың құрметіне Бартольдинің «Азаттық мүсінін» сыйға тартқан.
  • Сары такси – Нью-Йорк қаласының ерекше белгісі. Манхэттенде 11 000 «кэб» айналып жүреді.
  • 1965 ж 11 қарашасын «Ұрылар мерекесі» деп атайды. Дәл осы күні Нью-Йорк пен АҚШ-тың солтүстік-шығысында 25 млн. тұрғынның 24 сағатқа электржарығы сөндіріп тасталды.

Тағы қараңыз

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
  1. [1] NYC Colleges and Universities
  2. [2]Мұрағатталған 22 тамыздың 2010 жылы. Academic Ranking of World Universities
  3. http://www.world-exchanges.org/files/file/stats%20and%20charts/July%202010%20WFE%20Market%20Highlights.pdfМұрағатталған 22 шілденің 2013 жылы.
  4. Sassen, Saskia The Global City: New York, London, Tokyo — 2. — Princeton University Press, 2001. —ISBN 0691070636.
  5. US Metro EconomiesМұрағатталған 28 желтоқсанның 2008 жылы. // usmayors.orgҮлгі:Тексерілген
  6. London vs. New York, 2005–06 (PDF). Cinco Dias.Басты дереккөзіненмұрағатталған 22 тамыз 2011.Тексерілді, 11 наурыз 2008.
  7. New York still World's Financal Capital, 2005–06 (PDF). Marketwatch.Басты дереккөзіненмұрағатталған 22 тамыз 2011.Тексерілді, 27 шілде 2007.
  8. Protecting and Growing New York City's Industrial Job Base (PDF). The Mayor's Office for Industrial and Manufacturing Business (қаңтар 2005).Басты дереккөзіненмұрағатталған 22 тамыз 2011.Тексерілді, 1 қыркүйек 2008.
  9. Как выгодно вложить деньги во время кризиса // Независимая газетаҮлгі:Тексерілген
  10. Мәскеу на четвёртом месте по стоимости элитного жильяМұрағатталған 13 қаңтардың 2013 жылы. // vsluh.ruҮлгі:Тексерілді
  11. Үлгі:Cite quick
  12. Үлгі:Cite quick
  13. Үлгі:Cite quick
  14. Үлгі:Cite quick
  15. http://www.iscpa.us/english/zlen00003.htmlМұрағатталған 5 ақпанның 2013 жылы.; mention to Johannesburg as a sister city of New York
«https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=Нью-Йорк&oldid=3415238» бетінен алынған
Санаттар:
Жасырын санат:

[8]ページ先頭

©2009-2025 Movatter.jp